Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Азаматтардың аткарушы билікті жүзеге асыру аясындағы құқықтары мен міндеттері



бет24/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56
Байланысты:
Лекция Адм право

Азаматтардың аткарушы билікті жүзеге асыру аясындағы құқықтары мен міндеттері. Бұл жөнінде мынаны ескеру керек, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары не атқарушы билік субъектілерінің қызметі аясында тікелей жүзеге асырылады, не осы билік субъектілерінің практика л ық қызметімен табиғи байланысты, не, конституциялық құқықтар мен бостандықтардан туындайтын болғандықтан, олар өздерінің мемлекеттік басқарушылық қызмет аясындағы іс-қимыл-дарына байланысты ие болады. Осыған сөйкес аталған аяда көрініс табатын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты білдіретін төмендегі тұрлер туралы айтуға болады.
Азаматтардың заңдармен және атқарушы билік субъектілерінің заңға тәуелді құқыктық актілерімен белгіленетін және кепілденетін құқықгары.
Конституциялық көрінісі мен маңызы бар құқықтардан басқа, азаматтар тікелей мемлекеттік-басқарушылық қызмет аясында жалпы немесе нақты сипаты бар бірнеше өзге құқықтарды пайдаланады. Солардың көмегімен азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі одан әрі дамытылады. Бұл құқықтар заңдармен де, сондай-ақ атқарушы биліктің өкілетті органдардының заңға тәуелді нормативтік актілерімен де тағайындалады және кепілдендіріледі.
Азаматтардың аты мен фамилиясын өзгертумен, олардың кәсіпкерлік немесе өзге қызметімен, Қазақстаннан тыс жерлерге кету және Қазақстанға қайта келумен, паспорт жүйесін қолданумен, т.б. байланысты құқықтары зандық немесе заңға тәуелді актілер түрінде регламенттеледі. Арнайы сипаты бар көптеген құқықтарды (мысалы, мәдениет, білім, ақпарат, мемлекеттік құпияны сақтау, қару-жарақ иелену мен пайдалану жөніндегі) азаматтар мемлекеттік-басқарушылық қызметгің жекелеген салалары мен аяларының шегіңде жүзеге асыра алады.
Азаматтардың аткарушы билікті жұзеге асыру аясындағы міндеттері. Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесі оның, конституциялық та, сондай-ақ заңдармен және заңға тәуелді құқықтық актілермен де белгіленетін, белгілі бір заңдық міндеттерді орындауын болжайды.
Бұлар ең алдымен жалпы конституциялық міндеттер: салықтарды төлеу (35-6), Отанды қорғау (36-6), табиғатты сақтау және табиғат байлықтарына үқыпты қарау (38-6). Бұл сияқты міндеттер заң-дарда және заңға тәуелді құқықтық актілерде нақтыланады. Мысалы, азаматтар ішкі істер саласында қоғамдық тәртіптің, жол жүру қауіпсіздігінің ережелерін; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында – тұрғын үйді пайдаланудың ережелерін; әділет саласын­д - азаматты хал актілерін тіркеу, паспорт жүйесінің ережелерін, т.с.с. сақтауға міндетті.
Бұл орайда ең маңызды жәйт мынада, азаматтардың салалық немесе ведомстволық міндеттерінің нақты көлемі атқарушы биліктің қандай да болмасын органының (лауазымды адамының) қалауы бойынша емес, қолданылып жүрген құқықтық нормалармен белгіленеді. Азаматтар үшін занда қаралғаннан тысқары міңйеттер белгілеу қатал жазалануға жатады.
Ал азаматтың өзінің міндеттерін орьшдамауы немесе дүрыс орындамауы оның жауапкершілігін туғызады. Әкімшілік-құқықтық нор­малар қолданылатын аяда бұл, негізінен, әкімшілік жауапкершілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет