Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-күқықгық мәртебесінің ерекшеліктері



бет27/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56
Байланысты:
Лекция Адм право

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-күқықгық мәртебесінің ерекшеліктері
ҚР-ның аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Конституцияда, зандарда және халықаралық шартгарда өзгеше көзделмесе, Республика азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады (ҚР-сы Конституциясының 12-6, 4-т).
Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы ҚР-ның зандары ел Конституциясына негізделеді. Соған сәйкес ҚР-дағы шетелдіктердің әкімшілік - құқықтық мәртебесіне жататын нормативтік ережелер «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР-ның 1995 ж. 19-маусымдағы заңында, ҚР-сы Үкіметінің 2000 ж. 28-қаңтардағы қаулысымен бекітілген «Шетелдік азаматтардың ҚР-сына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың ҚР-нан кетуінің Тәртібінде» және басқа да заң актілерінде, мысалы, ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде қаралған.
ҚР-дағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы, сондай-ақ ҚР-ның халықаралық шарттарымен де анықтала алады. Егер ҚР-сы ратификациялаған халықаралық шартта аталған Зандағыдан өзгеше ереже­лер белгіленсе, онда халықаралық шарттын ережелері қолданылады.
1995 ж. 19-маусымдағы Заңда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға кімдер жататыны айқындалған. ҚР-ның азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар ҚР-дағы шетелдіктер болып танылады.
ҚР-да өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты ҚР-ның Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қыл-мыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шеделдіктер ҚР-да уақытша жүрген деп есептеледі. Олар ҚР-ның аумағына келген сәттен бастап үш тәуліктің ішінде белгіленген тәртіппен төлқүжатын тіркеуге және өздеріне белгіленген болу мерзімі өткен соң ҚР-нан кетуге міндетті.
Жоғарыда аталған заңнамалық актілерде шетелдіктердің ҚР-на келуі мен кетуінің шарттары мен тәртібі бекітілген. Шетелдіктер, егер ҚР-ның тиісті тараппен келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, жарамды паспортымен немесе оны алмастыр'атын қүжатгарымен ҚР-ның келу визасы (келу рұқсатнамасы) болған жағдайда Қазақстанға келе алады.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтары сияқты жалпыга бірдей заңдық міндеттер орындайды. ҚР-да түрақ-ты тұратын шетелдіктер заңдарда көзделген тәртіппен түрақты және уақытша тұратын жері бойынша әділет органдарында тіркелуге міндетті.
Шетелдіктер заңнамада қаралған кейбір жағдайларда ҚР-ның шегінен қуылуы мүмкін: егер оның іс — әрекеті мемлекеттік қауіп-сіздікті қамтамасыз ету немесе қоғамДық тәртіпті қоргау мүдделеріне қайшы келетін болса; егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершілік қасиеттн сақтау, ҚР-сы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса; Қазақстанның кедендік, валюталық немесе өзге де зандарын бүзса; егер ҚР-ның азаматымен некеге тұруы оны Қазақстанда түрақты тұруга қалдыру үшін негіз болып табылып, заң актілерімен белгіленген тәртіппен неке заңсыз деп танылған жагдайда. Мүндай әкімшілік жаза шарасы ӘКБтК-тің 394-6. қаралған
«Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заңнын ережелері, егер ҚР-ның заң актілерінде өзгеше белгіленбеген болса, азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
Бұл Заңнын ережелері шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қызметкерлерінің Қазақстанның заңдары мен халықаралық шарттарында белгіленген артықшылықтары мен иммунитетгеріне қолданылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет