Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет30/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56
Байланысты:
Лекция Адм право

Дәріс №9
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет.
Мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға баєытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi;
Мемлекеттік қызмет мемлекет қызметінің құрамдас бір бөлігі. Ол мынадай міндеттерді шешуге арналған:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде мемлекеттің және мемлекеттік органдардың функцияларын жүзеге асыру;

  • Мемлекеттік органдардың өз құзіретіне сәйкес тиімді қызмет атқаруы үшін жағдай тудыру;

  • Басқарушылық қызметтің ұйымдастырылуын жетілдіру;

  • Азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру үшін қызметтік лауазымдар белгіленеді, олар қызметкерлердің жұмысының мазмұнын, оның құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Көптеген зерттеушілердің пікіріне қарағанда, мемлекеттік қызметтің пайда болғанына әжептеуір ұзақ уақыт өткенімен, ол онша өзгеріске ұшырамаған және осы кездері істің жағдайына онша айтарлықтай оң ықпал бере алмайды.
К.С.Белскийдің пікірінше кеңестік мемлекеттік қызметтің негізгі кемшіліктері мынада:
- тиісті дәрежедегі маманданушылықтың, кәсіпқойлықтың болмауы,
ол А. Бектің “Тағайындау” романында жақсы сипатталған;
- қызметкерлер ұжымы борпаң, мығым емес;
- кадр саясаты мәселесі саяси сыңарезулікпен шешімін тауып отырды, ғылыми- методикалық басшылық жасайтын арнайы орган болмады.
мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; әкімшілік басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтық нормалармен реттелінді, ал мемлекеттік қызметшілерінің басқа санаттарының қызметі, яғни жұмысшылардың жұмысы сияқты, көбінесе еңбек құқығының нормаларының реттейтін объектісі болды. бұл 1995 ж дейін осылай болды. 1995 ж 26-желтоқсанда «мемлекеттік қызмет туралы » заң күші бар Жарлық шықты - бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999ж 23 шілдедегі «мемлекеттік қызмет туралы» заңмен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды. Аталған заң бойынша мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі. Бұл анықтамада мемлекеттік қызметтің шектелген ұғымы айқын көрініс тапқан: тек қана мемлекеттік органдардағы жұмыс мемлекеттік қызметтік сипаты бар қызмет болып табылады. Сонымен бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік мәдени мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы жұмысы тіпті ол таза басқару немесе ұйымдастыру функцияларын орындаумен байланысты болса да мұндай ұызмет болып танылмайды, өйткені мекемелер мен кәсіпорындар мемлекеттік органдар болып табылмайды. Мемлекеттік қызмет туралы заңда мыналар бекітілген:
а) мемлекеттік қызмет кәсіби негізде жүзеге асырылатын қызмет. Бірақ мемлекеттік қызметтің ерекшелігін сипаттауқа жалғыз бұл белгі жеткіліксіз. Өйткені, инженердің, дәрігердің, оқытушының қызметі де кәсіби болып танылады.
б ) мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік лауазымға орналасу керек. Бірақ бұл жеткіліксіз, өйткені, біріншіден, мемлекеттік аппаратта қызметте болғанмен мемлекеттік қызметші болып табылмайды және екіншіден мемлекет мемлекеттік мәні бар лауазымдарды тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен қатар өзге мемлекеттік ұймдар да құрады. Сондықтан мемлекеттік қызметтің белгілерін одан әрі жетілдіре түсу қажет сияқты.
В) мемлекеттік қызмет өзінің көрінісін мемлекеттік лауазымдардың ерекше санатына орналасудан табады заңда оларды мемлекеттік органның құрылымдық бірлігі деп атайды. Олардың ерекшелігі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдай мемлекеттік қызметті мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыстан айтарлықтай айырады.
Г) мемлекеттік қызмет нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген қызметтік міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі жауапты қызметтен көрініс табады. Бұл мемлекеттік қызметтің ең маңызды белгісі.
Д) мемлекеттік қызмет тиісті мемлекеттік лауазымға орналасқан адамның өзі істейтін органға берілген өкілеттіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін міндеттерді орындауын болжайды.
Е) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасқан адамға мемлекет бюджет қаржысынан еңбек ақы төлеуді болжайды. Кезінде ол жалақы деп аталды. Бқл мемлекеттік қызмет үшін ерекше белгі емес. Осындай тәртіппен мемлекеттік лауазымға орналасқан, бірақ бұл реттерде мемлекеттік өызметшілер болып табылмайтын адамдар ақшадай ақы алады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар мен мекемелердің қызметшілері осыған ұқсас еңбек ақымен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, мемлекеттің шешетін барлық мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселе негізі болып табылатындығымен айқындалады. Тек мемлекеттік аппарат реформаларды, жаңа идеялар мен заңдық ережелерді жүзеге асыруға міндетті, бірақ басқару қызметінде болатын кемшіліктердің көпшілігі аппаратшылардың кейбір бөлігінің қабілетсіздігімен, қай кезде тіпті реформалық бағдарламаларды қабыл алмаумен, одан бетер олардың сыбайлас жемқорлығымен байланысты екендігі белгілі. Мемлекеттік қызметшілердің принциптері ҚР-сы Конституциясымен Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар деп бекіткен нормаға негізделеді.
Заңдылық принципі. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған және олардың құқықтарын қамтамасыз еткен кезде Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының өзге нормативтік құқықтық актілерден жоғары күші болатындығын білдіреді. Бұл Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағанда тікелей қолданылады деген ҚР – сы 4-б 2-т нормасына негізделеді.
Қазақстандық патриотизм. Мемлекеттік қызметшінің өз Отанын, халқын сүйетіндігін, оларға деген терең сезімін, берілгендігін, Республикасының тәуелсіздігін нығайтуға, онда өркениетті демократиялық қоғам құруға елдің экономикасы мен мәдениетін, ең алдымен өз халқының тілі мен дінін дамытуға бар білімі мен күш жігерін аянбай жұмсайтындығын білдіреді.
3) мемлекеттiк үкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк ќызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; бұл Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол аталған тармақтардың тежемелңк және тепе теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс қимыл жасау принципін жүзеге асырады. 
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы; бұл Қазақсатна заңнамаларындағы жаға ереже мемлекеттік қызметшілердің адам мен азаматардың құқықтары мен бостандықтарын білуге , сақтау,а қорғауға міндетейді. 
5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы; 
6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi; әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы барлығына негізделеді. 
7) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәісiбилiгi мен жоғары бiліктiлiгi; басымдық ең лайықтыға, жақсы дайындығы барға, іс жүзінде өзінің ұйымдастырушылық қабілеттігін көрсеткенге беріледі,
8) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу; әркімнің өз еңбегі үшін ешқандай кемсітусіз сыйақа алуына құығы бар деген ережеге негізделеді. 
9) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төменгi мемлекеттiк органдардың қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi; 
10) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi; мемлекеттік қызметегі тәртіпті нығайтудың, мемлекеттік қызметшілердің өздерінің міндеттерін ойдағыдай орындауын қамтамасыз етудің, олардың сол үшін жауапкершіліктерін арттырудың аса қажетті және тәжірибеде сыналған пайдалы тәсілдері.
11) мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру; 
12) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы; олардың еңбегінің беделін көтеруді, айтарлықтай жоғарғы еңбек ақы төлеуді, еқбек етуге, демалысына қалыпты жағдайлар туғызуды, мемлекеттік сақтандыруды, қызмет жөнінен өсуді болжайды. 
13) мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу; 
14) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы; мемлекетік тәртіпті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің тапсырылған жұмыс үшін жеке жауаптылық сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
15) мемлекеттiк қызметшілердiң бiлiктiлiгiн арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне негiзделедi. Қызметшілердің тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануын, кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруларын, арнайы оқу орындарын ұйымдастыруды болжайды.
Мемлекетік қызметтің заңнамалық негіздері мемлекеттік қызмет туралы заңдар Конституциядан , «мемлекеттік қызмет туралы » заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Мемлекеттік қызметті құқықтық реттеуде Қазақсатн Республикасының Конституциясы маңызды рол атқарады. Онда мемлекеттік басшы лауазымдарға адамдарды қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы Президенттің, Парламентің, оның палаталарының және Үкіметтің құзыреті белгіленген. «мемлекеттік қызмет туралы » заң мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік қызметті өткерудің тәртібін белгілейді. Заңның негізі мақсаты мемлекеттік қызметтің бірыңғай жалпы мемлекеттік құқықтық негізін жасау оған кәсібилік сипат беру. Заң төрешілдікпен, сыбайлас жемқорлықпен, жеке адамға берілгендік принципі бойынша кадр іріктеп алу практикасымен күресу үшін құықтық негізді дамытуға мүмкіндік туғызады. Ол мемлекеттік қызметшілерге , олардың міндеттеріне тек талаптарды арттыруға ғана емес, сонымен бірге олардың құқықтық және ілеуметтік қоғалуын қамтамасыз етуге де бағытталған. Заңда көп жаңа мағызды ұғымдар бар: мемлекеттік лауазым, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметші, біліктілік дәреже деген не екендігі және басқалар туралы. Ол мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін немсе орналасқан азаматтарға қойылатын талаптарды күшейтуге түскен: арнаулы білім, аттестациялау, біліктілік емтихан, қатал тәртіптік жазалар жүйесі жете қабілеттілігі жоқ немесе қара ниет қызметшілердің жолына қатаі кедергілер жасауға толық мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызмет туралы заң барлық мемлекеттік қызметшілерге қолданылады, бұған конституцияда, конституциялық заңдарда немесе өзге де заң актілерінде олар үшін өзгедей құқықтық мәртебе белгіленген жағдайлар қосылмайды. Жекелеген мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметің ерекшеліктерін реттейтін бірнеше заңдар бар. Оларға, мысалы, «ҚР ның ішкі істер органдары туралы » 1995ж 21-желтоқсандағы, «авариялық құтқару және құтқарушылардың мәртебесі туралы » 1997ж 27 наурыздағы, « ҚР ның дипломатиялық қызметі туралы » заңдар жатады.
Мемлекеттік қызметтің бірқатар мәселелері бойынша ҚР ның Президентінің «ҚР сы саяси мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жазалар қолданудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы » 1999 ж 29- желтоқсандағы, «ҚР сы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының реестірін және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер санаттарының тізбесін бкіту туралы » 1999 ж 22- желтоқсандағы, «ҚР сы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының мәселелері туралы » 1998-ж 12- қарашадағы өкімі сияқты заңнамалармен реттеледі. Мемлекеттік қызметтің көптеген мәселелері тәртіптік жарғылармен және ережелермен, нақтылы органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері туралы ержелермен, Үкіметтің, министрліктер мен агенттіктердің өзге де нормативтік актілермен реттеледі. Жалпы алғанда мемлекеттік қызмет күрделі кешендік құқықтық институт, ол құқықтың бірнеше салалрымен ( конституциялық, еңбек, әкімшілік, қаржы және басқаларымен ) реттеледі. Мемлекеттік органдардағы мемлекеттікке жатпайтын лауазымдарда, сондай –ақ мемлекеттік емес ұйымдарда (шаруашылық серіктестіктерде, акционерлік қоғамдарда, мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда) істейтіндердің қызметі еңбек туралы заңнамалармен реттеледі. Мемлекет мемлекеттік қызметшілердің қазіргі кезеңдегі және келешекте қанша керек болатындығын негізге ала отырып, оларды жоғары орта арнайы оқу орындарында оқыту арқылы, сондай ақ жоғары тұрған лаазымдарға жоғарлату үшін қажетті мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін алу арқылы дайындауды жоспарлап, ұйымдастырады. мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру саласында мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; мемлекеттiк қызметтi жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде заңдарда белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау; мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу және бекiту; мемлекеттiк қызмет қызметшiлерi жөнiндегi республикалық деректер базасын қалыптастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингiн жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарына орналастыру үшін кадрлар резервiн қалыптастыру; мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру, оларды әлеуметтiк-құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн және осы Заңға сәйкес өзге де актілердi әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсыну;мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлер даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру, оның iшiнде шетелдерде де, мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру; мемлекеттiк бағдарламалар бойынша мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды және мемлекеттiк қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды үйлестiру мемлекеттік қызметке орналастыру жөніндегі уәкілетті органның міндеті болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет