Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет28/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56
Байланысты:
Лекция Адм право

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы.Баспа.1995.

  2. Алексеев С.С. Теория права.М.:БЕК.1994.

  3. Алехин А.П.,Козлов Ю.М.Админстративное право Российской Федерации.Часть1.М.:ТЕИС.1994.

  4. Бахрах Д.Н.Админстративное право. М.:БЕК.1993.

  5. Васильев А.М.Правовые категории.Методологические аспекты разработки системы категорий терий права.М.:Юр.Литература.1975

  6. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.Академиялық курс.Алматы.2003.



Дәріс №8
Тақырыбы: Заңды тұлғалар әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде.
Заңды тұлға ұғымы Азаматтық кодекстің 33бабында былай кқрсетілген « меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.» Заңды тұлғалар:
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
Ұйым деп өзінің басқару органы басшылық ететін және меншігінде, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болатын әр түрлі саны бар (бірнеше адамнан бірнеше мыңға дейін) қызметкерлер ұжымы түсіндіріледі. Ұйымның басқару органы оның әкімшілігі болып табылады. Бұл жеке дара басшы (директор, бас директор) және оның орынбасарлары, не бір мезгілде жеке дара және ұжымдық (директорлар кеңесі, басқарма, дирекция) немесе басқа тағайындалатын орган, не қызметкерлер ұжымының ұйымды басқару жөнінде уәкілеттік берген органы болуы мүмкін. Әкімшілік басқару функцияларын өзіне берілген өкілеттіктер шегінде өз ұйымының ішінде жүзеге асырады. Бұлар еңбек ұжымының жұмысын ұйымдастыру, еңбек және мемлекеттік тәртіпті қамтамасыз ету жөніндеггі өкілеттіктер.
Ұйымдардың әрқайсысының әкімшілік – құқықтық мәртебесін жекелеп дұрыс және жан – жақты сипаттау үшін оларды топтастырудың үлкен маңызы бар. Бұл одардың қызметінің мақсаттары, ұйымдық – құқықтық нысандары, өздеріне жататын мүлікке билік ету өкілеттіктерінің көлемі мен сипаты бойынша, сондай – ақ бағыныштылығы немесе ведомстволық қарастылығы бойынша жүргізіледі.
Ұйымның әкімшілігі атқарушы билік органдарымен сыртқы ұйымның әкімшілігі атқарушы билік органдарымен сыртқы әкімшілік құқықтық қатынастарға ұйымның функцияларын жүзеге асыруға қатысты басқарудың объектісі ретінде қарастырады.Әкімшілік оларға тиісті өтініштер беруге, олардың іс әрекетеріне әкімшілік жолмен, сондай – ақ сот тәртібімен де шағымдануға құқылы. Комерциялық ұйымдар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін. Комерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну коперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Қызметінің түрі бойынша ұйымдардың мына сияқты түрлері бар: кәсіпорындар, мекемелер, азаматтардың қоғамдық бірлестіктері. Меншік түрлері бойынша ұйымдар мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді. Ұйымдардың бір түрі кәсіпорындар мекемелер болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер өзінің қызметінің көлемі мен маңызы бойынша республикалық және коммуналдық облыстық, аудандық, қалалық, кенттік және ауылдық маңызы бар болуы мүмкін. Кәсіпорындар мынандай ұйымдық құқықтық нысанда болуы мүмкін: шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын.
Кәсіпорын бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыс атқару және қызмет көрсету үшін құрылған шаруашылықпен айналысатын субъект. Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың әкімшілік құқық субъектілігі әр түрлі. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдардың қарауына: мемлекеттік кәсіпорынды құру; олардың қызметінің мақсат міндеттерін, сондай ақ оларды орналастыратын орнын айқындау; жарғысын бекіту жатады. Мемлекеттік кәсіорындардың бір түрі жедел басқару құқығына негізделген және мемлекеттік мүлікке иелік ететін кәсіпорындар болып табылады.
Мемлекетік меншіктің түрлеріне қарай кәсіпорындар:
1. Республика меншігіндегі кәсіпорындар республикалық мемлекеттік кәсіпорындар.
2. Коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар деп бөлінеді.
Коммуналдық меншік құқығы субъектісінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты функцияларын тиісті әкімшілік аумақтық бөліністің әкімдігі (уәкілетті орган) жүзеге асырады. Тиісті әкімшілік аумақтық бөліністің әкімдігі не жергілікті бюджетпен қаржыландырылатын,әкім уәкілеттік берген атқарушы орган (мемлекеттік басқару органы) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып табылады. Мемлекеттік емес кәсіпорындарға мемлекеттің ықпалы шектеулі. Мемлекет оларды басқармайды. Басқаруды мемлекеттік биліктік өкілеттіктері жоқ меншік иелері (құрылтайшылар) немесе олар уәкілеттік берген органдары жүзеге асырады. Мемлекет мемлекеттік емес кәсіпорынның әкімшілігін құруға қатыспайды. Мемлекеттің бқл кәсіпорындар жөніндегі ролі барлық кәсіпорындарға, олардың ұйымдық құқықтық нысандарына қарамастан, жалпы бірдей болатын әкімшілік құқықтық тәртіп белгілеу және сол белгіленген тәртіптің сақталуына бақылау жасау болып табылады. Мемлекеттік емес кәсіпорынды басқару тәртібі кәсіпорынның жарғысымен анықталады. Заңнамаға сәйкес кәсіпорынды тарату оның құрылтайшысының немесе құрылтай құжаттарымен соған уәкілеттік берілген органның шешімімен іске асырылады. Мұндай шешімге мыналар негіздеме болуы мүмкін: кәсіпорынның құрылған мерзімінің өтуі; оны құрғандағы мақсаттың орындалуы; сот тәртібімен оны мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану; қызметін лицензиясыз атқару; заңды өрескел бұзу; кәсіпорынды банкрот деп тану; Жергілікті атқарушы органдар елді мекендердің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын тікелей басқарады. Олар коммуналдық білім, денсаулық сақтау, мәдениет және өзге де жергілікті органдардың қарауына жатқызылған мекемелерді ұйымдастырудың, олардың қызметінің мазмұны мен дамуының мәселелерін шешеді. Жергілікті атқарушы органдар әкімшілік құрылым аумағының кешенді әлеуметтік экономикалық дамуына кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қатысуын үйлестіруге құқылы. Бірақ олар заңдармен көзделгеннен басқа жағдайларда кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметіне шек қоюға қақылары жоқ. Аталған ұйымдардың р түрінің оларға тиісті мүліктің түрі мен құрылымына, ұйымдарды құрудың тәртібіне, оларды басқару органдарының өкілеттіктеріне, сондай ақ ішкі ұйымдастыру және сыртқы әкімшілі құқықтық қатынастарына қатысты өзінің ерекшеліктері бар. Комерциялық ұйымдардың бір түрі шаруашылық серіктестіктер. Шаруашылық серіктестігі болып жарғылық қоры құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелінетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым болып табылады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, және акционерлік қоғам нысанында құрылуы мүмкін. Шаруашылық серіктестің құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғысы, ал бір тұлға құрған серіктестіктің құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады. Жарғыны құрылтайшылар бекітеді, ол құрылтай шартында көрсетіледі. Серіктестіктің жоғарғы органы оған қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Қатысушылардың жалпы жиналысына есеп беретінатқарушы орган құрылады. Алқалы органдар ретінде: басқарма, байқаушы кеңесі, жалпы жиналысының шешімі бойынша басқа да органдар құрылуы мүмкін.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлғалар акционерлік қоғам деп аталады. Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты болатын залалдар шегуге тәуекел етеді. Акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның жоғарғы басқарушы органы болып табылады. Жалпы жиналыстар жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді. Қоғамның басқару органы директорлар кеңесі, ал атқарушы орган немесе атауы қоғамның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке дара жүзеге асыратын тұлға. Қоғам өз құрылтайшылары болып саналатын жеке және заңды тұлғалар жиналысының шешімі бойынша құрылады. Қоғамның жарғысы оның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін анықтайтын құжат болып табылады. Акциялардың бақылау пакеті мемлекетке тиесілі, ұлттық экономиканың негізін құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда Үкіметтің шешімімен құрылған акционерлік қоғам ұлттық компания болып табылады. Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегңмен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив болып табылады. Кооператив жеке кәсіпкерлік үшін заң актілерімен тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға хақылы. Мемлекеттік лицензиялау қолданылатын қызметті кооператив лицензиясы бар болған жағдайда ған жүзеге асырады. Өндірістік кооперативтің мақсаты мен мәнін оның жарғысы анықтайды. Кооператив құрылтайшы жеке тұлғалардың жалпы жиналысының шешімімен құрылады. Кооператив басқарудың жоғарғы органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады. Кооперативте оның атқарушы органдарының қызметін және олардың қаржы қызметін бақылауды жүзеге асыратын тиісінше бақылаушы кеңес және тексеру комиссиясы құрылуы мүмкін. Кооперативтің қызметіне басшылық жасауды жүзеге асыратын атұарушы органдардың құрамына кооперативтің басқармасы және төрағасы кіреді.
Коммерциялық емес ұйым деп кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арсында бөлмейтін заңды тұлға танылады. Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру мақсаттары болады. Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң актілерінде көзделген өзге де нысанды құрылуы мүмкін. Бұлар мысалы, нотариалды палаталар, адвокаттар алқалары, сауда өнеркәсіптік палаталар, аудиторлар палаталары және өзге де ұйымдық құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдар. Коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, басқару органдары мыналар болып табылады:

  1. Жоғарғы басқару органы ұйым қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.

  2. Басқарудың атқарушы органы ұйымның қызметін күнделікті басқаоуды жүзеге асырады.

  3. Ұйымның басқару органдары сайлайтын немесе тағайындайтын текесеру органдары.

  4. Ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес басқа да органдар.

Мемлекет коммерциялық емес ұйымдарды құруды және олардың белсенді қызмет етуін көиермелеп отырады. Оларға заңдарға сәйкес салық, кеден жеңілдіктері және басқа да жеңілдіктер берілуі мүмкін. Коммерциялық емес ұйым заңдарға және ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес мемлекеттік статистика және салыұ органдарына, құрылтайшыларға және өзге де тұлғаларға өз қызметі туралы ақпарат беруге міндетті.
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес коммерциялық емес ұйымдарға кооперативтерден басқа қорлар, қоғамдық және діни бірлестіктер де жатқызылған.
Қоғамдық қор азаматтар және заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым (АК-тің 107 б.).
ҚР- да партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған, заңдарға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады.Қоғамдық бірлестіктер өз мүшелерінің еріктілігі, тең құқықтылығы, өзін - өзі басқару, қызметінің заңдылығы, есептіліг және жариялылығы негізінде құрылып, жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет