М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті Презентация Такырыбы:Қала мен ауылдағы әлекметтікотбасының мәртебесінің баланың әлеуметтану үрдісіне әсері
Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.
Отбасы әлеуметтануы— отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.
Отбасы әлеуметтануы— отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.
Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет өтуін тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әр түрлі қызметке байланысты.
Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы — адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды,- дейді. Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік ұйымдасу әрекетінің қорытындысы, әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу адамның өңдірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды.
XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін социологиялық әдістің бес түрі қалыптасты: интеракционистік, құрылымдық -функционалдық, жағдаяттық, эволюциялық және институционалдық. Отбасы ұғымын анықтаудағы әр түрлі пікірлерді ескере отырып, төмендегі дефиницияға келісуге болады: "Отбасы — ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған жыныстық қатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз балалары, сондай-ақ тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі кіреді".Билік формасына қарай отбасыпатриархалды (күйеуі отбасының басшысы), матриархапды (әйелі басшы), құрамына қарай — отбасы нуклеарды (ата-анасы мен балалары),кеңейтілген (нуклеарды отбасы және бірнеше ұрпақтан тұратын туыстары) болып бөлінеді. Отбасы пайда болуы үшін экономика мен жеке меншіктің болуы, билік қатынасы мен бағыну, яғни отбасында, бүтіндей қоғамдағы сияқты, билікті бөлу төртібі бар, онда кімнің материалдық игілігі көп, сол басқарады. Отбасында билікті бөлуге жұбайлар арасындагы маххабат әсер етеді, мұнда сүйетін жұбай аз билікке ие, яғни психологиялық бағыныштылық болады. Егер жұбайлар бір-бірін бірдей мөлшерде сүйсе, онда отбасында бірдей билікке ие.Отбасын, қоғамның бір бөлігі ретінде, социологтар оның қызметін орындауға қатысты қарастырады.