Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет45/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56
Байланысты:
Лекция Адм право

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы.Баспа.1995.

  2. Алексеев С.С. Теория права.М.:БЕК.1994.

  3. Алехин А.П.,Козлов Ю.М.Админстративное право Российской Федерации.Часть1.М.:ТЕИС.1994.

  4. Бахрах Д.Н.Админстративное право. М.:БЕК.1993.

  5. Васильев А.М.Правовые категории.Методологические аспекты разработки системы категорий терий

  6. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.Академиялық курс.Алматы.2003.

  7. Қазақ КСР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі.Алматы:Баспа.2000



Дәріс №14
Тақырыбы: Әкімшілік жауаптылық
Әкімшілік жауапкершілік- заңдық жауапкершіліктің бір түрі, ол құқық бұзушыға әкімшілік құқық бұзғаны үшін уәкілетті органдардың әкімшілік заңнамада белгіленген тәртіпте әкімшілік жаза қолдануынан көрініс табады.
Әкімшілік жауаптылық қылмыстық, азаматтық және тәртіптік жауаптылықтармен қатар заңдық жауаптылықтардың бір түрі болып табылады. Оны мемлекет жауаптылықтың негіздерін, бұзушыларға қолданылуы мүмкін болатын шараларды, құқық бұзушылық туралы істерді қараудың және осы шаралардың орындалу тәртібін айқындайтын құқықтық нормалар шығару жолымен белгілейді.
Әкімшілік жауаптылық дегеніміз – бұл әкімшілік-құқықтық санкцияларды жүзеге асыру, уәкілетті органның немесе лауазымды адамның құқық бұзушылық жасаған азаматтар мен заңды тұлғаларға әкімшілік шаралар қолдануы.
Әкімшілік жауаптылықты заңдық жауаптылықтың барлық түрлері үшін жалпы ортақ болатын кейбір белгілері сипаттайды. Біріншіден, ол мемлекеттік мәжбүрлеу болып табылады. өйткені биліктік өкілеттіктер мемлекеттік билік органдары арқылы жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл заңдылық пен құқықтық әділеттіліктің жалпы қағидаларына бағынатын құқықтық мәжбүрлеу. Үшіншіден, ол құқық бұзушылар үшін құқықтық норманың санкциясында қаралған жағымсыз салдарлардың туындауына әкеп соқтырады. Төртіншіден, әкімшілік жауаптылықтың шараларына әрекет пен бұзушыға мемлекет атынан берілетін қорытынды құқықтық баға болады.
Әкімшілік жауаптылықты әкімшілік құқық бұзушылық үшін құқықтық жауаптылық ретінде қарауға болады. Бұл орайда мынаны ескеру керек, қол сұғудың объектісі мемлекеттік басқару аясындағы, сондай-ақ кейбір басқа да қатынастар болып табылады. Мысалы, әкімшілік жауаптылық, бір жағынан, кеден, салық қатынастарына, меншікті сақтауға, азаматтардың құқықтарын қорғауға байланысты қатынастарға қол сұққаны үшін белгіленеді. Екінші жағынан, әкімшілік жауаптылық әкімшілік құқықтың әрбір нормасын бұзған үшін емес, олардың ішінде тек әкімшілік жауаптылық көрсетілгендеріне ғана қолданылады.
Әкімшілік жауаптылық құқық қорғаудың, бұзушылықтың ерекше түрімен - әкімшілік құқық бұзушылықтармен, олар аса қауіпті болмаса да, бірақ қылмыспен салыстырғанда едәуір жиі кездеседі, күресудің маңызды құралы ретінде пайдаланылады. Әкімшілік жауаптылық өзінің мән-мағынасы бойынша мемлекеттің өкілетті органының әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға жасайтын ықпалы. Бұл ықпалдың мақсаты кінәліні тәрбиелеу, сондай-ақ әкімшілік жауапқа тартылған адамдардың да, басқа адамдардың да келешекте әкімшілік құқық бұзушылық жасауды болдырмаудың алдын алу.
Әкімшілік құқықтық нормаларды бұзу әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкеп соқтырады, олардың бір түрі әкімшілік жазалар болып табылады. Әкімшілік жауаптылықты оны белгілеу тәртібі айырады. Нақ осы соңғылар, алдын алу, жолын кесу шараларынан және процессуалдық шаралардан айырмашылығы, әкімшілік жауапқа тартылғанның нәтижесінде қолданылады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық осы Кодекспен белгіленеді. Әкімшілік жауаптылықты көздейтін өзге де заңдар осы Кодекске олар енгізілгеннен кейін ғана қолданылады. Жергілікті аумақтық сипаты бар құқық бұзушылықтар үшін облыстардың, Алматы мен Астананың, қалалар қызметкерлерге қолданатын тәртіптік жауаптылықтан айыруға мүмкіндік береді.
Әкімшілік жауаптылыққа жалпыға бірдейлік сипаты тән, ол мыналардан көрініс табады: біріншіден, ережелердің барлық азаматтар мен заңды тұлғалар үшін жалпы міндетті болатындығынан, оларды сақтамау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады; екіншіден, барлық жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық мемлекет алдында болады, мемлекет осындай бұзушылықтар туралы істерді қарау және жазалар қолдану жөніндегі органдардың өкілеттіктерін белгілейді.
Әкімшілік жауаптылықтың маңызды ерекшелігі мынада, оны материалдық және процессуалдық құқықтық қатынастардың жиынтығы, яғни, нақты құқық бұзушылық жасаудан мен аудандардың жергілікті өкілді органдары әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің тиісті баптарында әкімшілік жауаптылық көзделетін ережелерді белгілеуге құқылы.
Әкімшілік жауапкершілікті Парламент, Президент, Үкімет, өзге де арнайы органдар белгілейді. Осыған байланысты мынадай түсініктеме берген жөн:

  1. Заң шығару билігі Қаз.да тек парламентте емес, Қаз. Халқына да берілген.Қ.Р.Президенті заң не конституциялық заң күші бар жарлық шығарады.

  2. Конституцияда көрсетілгендей, парламенттің заң шығару жөніндегі өкілеттіктердің шектеулі диспозициясын белгілейді,сондықтан да бұл бапта көрсетілгендер парламенттің ғана құзыретіне жатпайды.

  3. Конституцияда белгіленгендей президент заңдар шығарады, бұл оның өзі осы мәселелерді дербес шешетінін көрсетеді.

  4. Әкімшілік жауаптылық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі тиіс.

Әкімшілік жауапкершілік арнайы процедуралар арқылы белгіленген тәртіпте сақталып, белгіленген іс жүргізу барысында жүзеге асырады.
Әкімшілік жауаптылықтың шараларын көптеген уәкілетті органдар мен лауазымды адамдар қолданады. Олардың барлығы, өздерінің өкілеттіктерін атқара отырып, құқық бұзушыларға әкімшілік жазалар қолданады.Оларға аудандық және соларға теңестірілген соттардың, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың судьялары, ішкі істер органдары, және басқа да мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары жатады. Органдар мен лауазымды адамдар әкімшілік жауаптылық шараларын өздеріне қызмет жөнінен бағынышты емес бұзушылыққа қолданады. Сонымен бірге олар бір ұжымның қызметкерлері болып табылмайды және қызметтік еңбек қатынастары жөнінен байланысты болмайды. Бұл жағдай әкімшілік жауаптылықты, әдетте, жоғарғы органның немесе лауазымды адамның бағыныштылық тәртіппен басшыларға, жұмысшыларға, қызметшілерге және көмекші туындаған материалды-деликтілік және құқық бұзушылық және оны жасаған тұлға туралы материалдар жинаудың, істі қараудың, заңды дәлелденген және әділетті шешім шығарудың, оны орындауды қамтамасыз етудің қажеттілігімен байланысты әкімшілік-процессуалдық қатынастар ретінде қарауға болады.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 28-бабы бойынша жеке адамның осы кодекспен әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл заңдық патологияның, ауыт кететін мінез-құлықтың бір түрі, ол не іс-әрекет, не әрекетсіздік нысанында болады. Іс-әрекет – бұл міндет не заңды талап түрінде болатын құқықтық нұсқаманы өршігіп орындамау; нақты тыйымды, ережені, норманы, стандартты бұзу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет