Әкімшілік – жазалау шараларының немесе әкімшілік жазалардың айрықша маңызы бар.
Әкімшілік ескерту әкімшілік жаза қолдануға уәкілетті органның жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде теріс баға беруінен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мінез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту тек ӘҚБтК-ң тиісті бабында қаралған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Құқық бұзушыға ескерту қолдану әдетте оған моральдық сипаты бар белгілі бір жағымсыз салдарлар туғызуға әкеп соқтырады. Сонымен бірге Кодекстің бірқатар баптары бұзушыға ескерту қолдануды оны қайталап немесе бірнеше рет бұзушылық жасағаны үшін аса қатал жауаптылыққа тартумен байланыстырады.
Ескерту әкімшілік жаза болып табылады және ол бұзушыны әкімшілік жауаптылыққа тартатын лауазымды адамның шешімінде жазбаша түрде шығарылған немесе өзге белгіленген тәртіппен жазылған жағдайда ғана белгілі бір құқықтық салдарларға әкеп соқтыра алады. Әкімшілік жаза шарасы ретіндегі ескертуден ауызша ескертуді айыру керек, бұл иландыру құралы болып саналады және, әкімшілік жазалау сипаты жоқ болғандықтан, әкімшілік жаза болып табылмайды.
Ескерту жасау елеусіз әкімшілік теріс әрекет үшін көзделген әкімшілік жауапкершіліктің өзінше дербес шарасы болып танылады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 47-бабына сәйкес ескерту, әкімшілік жазалау шарасы ретінде жазбаша формада жасалады. Жаза қолданудың бұл шарасын заңға қайшы әрекеттің жалғасуына тыйым салу шараларынан ажыратып қарау керек.Ескерту жасау кінәлі адамға қандай да бір құқықтық салдар әкеледі, 1) ол адам әкімшілік жазаға ұшыраған болып саналады;
Ескерту жасауды қолдану қайтара жасалған теріс әрекет үшін жазалау мәселесін шешкенде жазаның басқа түрімен қоса есепке алынады.
Әкімшілік ұстау.Жеке адамды бас бостандығынан , атап айтсақ, оның құқыққа қарсы әрекеттерін тыю мақсатында белгілі бір уақыт ішінде арнаулы орында мәжбүрлей ұстап, іс-әрекет және жүріп тұру бостандығынан уақытша айыруды әкімшілік ұстау деп атайды.Әкімшілік ұстау тек құқық бұзушылық болғанда ғана қолдануы мүмкін, егер құқық бұзушылық болмаса, ұстауға рұқсат берілмейді.Бқған психикалық ауыратындар мен жас балаларды әкімшілік ұстауға жатпайды., себебі олар қоғамдық орындарда болуы маңайындағылардың да ,өзері үшін де қауіпті.
Әкімшілік ұстауға мына жағдайда рұқсат етілмейді:
Әкімшілік құқық бұзушылық елеусіз болған және оны басқа тәсілдермен тоқтату мүмкін болғанда, тоқтату туралы талапты бұзушының орындауы, ауызшав ескерту жасау,тқандай болмасын іс-әрекеттің заңға қайшылығын және де жол беруге болмайтындығын түсіндіру;
Құқық бұзушылық жасаған жерде құқық бұзушының жеке басын және оқиғаның мән-жайын анықтау, хаттама жасау мүмкіндігі болған жағдайда;
Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғанда құқық бұзушының жеке басын және оқиғаның мән-жайын анықтау, ескерту немесе айыппұл түрінде жаза қолдану үшін негіз болған жағдайда.
Достарыңызбен бөлісу: |