Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотына Талап қоюшы



Дата15.02.2022
өлшемі21,17 Kb.
#131837
Байланысты:
иск Жолдасбеков


Нұр-Сұлтан қаласының
Есіл аудандық сотына


Талап қоюшы: Жолдасбеков Ғалымжан
Бақытжанұлынан.
Мекен-жайы: Түркістан қ-сы,
С.Ерубаев к-сі, №44 үй.
ЖСН 820803301708.
Өкілі: Сарсенбаев Сахаббадин Мамирович,
Мекен-жайы: Нур-Султан қ-сы,
А.Иманов к-сі, 17 үй, 167 пәтер.
ЖСН 630905399023.
Тел.: 8 702 375 04 17.


Жауапкер: Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі.
Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы,
Мәңгілік ел д-лы, 8 үй,
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс.
Талап қою арызы

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 05 маусымдағы № 3а/80 қаулысымен Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2019 жылғы 13 мамырдағы қаулысы бұзылып, Ғ.Б.Жолдасбековке қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 440-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік іс, құқық бұзушының әрекетінің дәлелденбеуіне байланысты өндірістен тоқтатылды.


Кодекстің 741-бабының 2-тармағына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу, егер қосымша дәлелдер жинаудың барлық мүмкіндігі таусылса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамының жоқтығы дәлелденген кезде де, сонымен бірге бар екендігі дәлелденбеген кезде де тоқтатылады.
Кодекстің 861-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарауға уәкілеттік берілген судьяның, органның (лауазымды адамның) осы Кодекстiң 741-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша, өзіне қатысты iстi тоқтату туралы қаулысы шығарылған тұлға кiнәсiз деп есептеледi және оның Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарына қандай да бір шектеулер қоюға болмайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған тұлғаны кінәсіз деп тану және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судьяның, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi салдарынан бұзылған жеке басының мүліктік емес және мүліктік құқықтарын қалпына келтіру бойынша заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті.
Осыған орай, Түркістан облыстық сотының 25.05.2021 жылғы № 5199-21-5-20/1598 хабарламасымен Ғ.Б. Жолдасбековтың ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігімен қозғалып, әрекетінде құқық бұзушылық дәлелденбеуіне байланысты өндірістен тоқтатылған әкімшілік іс салдарынан бұзылған мүліктік емес және мүліктік құқықтарын осы кодекстің 48-тарауындағы көзделген тәртіпке сай қалпына келтіруге болатындығы түсіндірілді.
Кодекстің 863-бабына сәйкес осы Кодекстiң 862-бабында аталған тұлғалардың мүлiктiк зиянды толық көлемде өтеттіруге, моральдық зиян салдарын жойғызуға және барлық жоғалтқан немесе нұқсан келтiрiлген құқықтарын қалпына келтiруге құқығы бар.
Кодекстің 866-бабының 2-тармағына сәйкес келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай түрде өтемақы туралы талап қою азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен беріледі.
ҚР АК-нің 951-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда – жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).
Зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян, зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының салдарынан келтiрiлсе өтеледi.
Ғ.Б.Жолдасбековке көрсетілген әкімшілік іс салдарынан осындай моральдық зиян келтірілді, себебі Ғ.Б.Жолдасбеков құқық қорғау органдарынан зейнеткерлікке шығуына бірнеше жыл ғана қалған кезде теріс себептермен жұмыстан шығарылды.
Атап айтқанда, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.Жунусовтың 04.03.2019 жылы бекіткен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқармасының және «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің, Түркістан қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне қатысты жүргізілген қызметтік тексерудің қорытындысына сәйкес Кодекстің 440-бабы 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік іс салдарынан Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азамат қорғау полковнигі Ғ.Б.Жолдасбековке қатысты «құқық қорғау органдарынан шығару» тәртіптік жаза түрі қолдану ұсынылған.
Осы қорытындының нәтижесінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 18.03.2019 жылғы № 63ж/қ бұйрығымен Ғ.Б.Жолдасбеков құқық қорғау органдарынан жұмыстан шығарылды.
Ғ.Б.Жолдасбеков 2003 жылы Кокшетау Техникалык Институтын лейтенант шенін алып, бітірген соң, осы өртті сөндіру (төтенше жағдайлар) саласы бойынша өз міндеттерін көп жылдар бойы адал орындап, полковник шеніне дейін жеткен.
Ал енді, осы әкімшілік іс салдарынан ол жұмыстан «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының 80-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы негізінде, яғни құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін деп жұмыстан шығарылды.
Бұл жағдай, әріне Ғ.Б.Жолдасбековтың болмысына, абыройына, намысына және жұмыс беделіне нұқсан келтірді.
Бұған қоса, заңсыз әкімшілік жауаптылыққа тартылғандықтан Ғ.Б.Жолдасбеков өз жұмыс орнынан босатылды, оның көп мүшелі отбасы қыйын және ауыр жағдайда қалды, себебі Ғ.Б.Жолдасбеков өзінің алты баласының және жетінші перзентін күтіп жүрген әйелінің жалғыз асыраушысы саналады.
Бұған қоса, баласының ауыр жағдайын уайымдап, қайғырып, оған жасалған қыйсынсыз әділетсіздікті көтере алмай, Ғ.Б.Жолдасбековтың әкесі Жолдасбеков Бакытжан Мухтарулы 64 жасында ерте қайтыс болады.
Осының барлығы Ғ.Б.Жолдасбековтың жанын қынжылтып азаптады, ол ызыланды, қорланды, әріптестері мен туыстары алдында ұятқа қалды т.б..
Кодекстің 862-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судьяның, органның (лауазымды адамның) кiнәсiна қарамастан, іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолдану салдарынан тұлғаға келтiрiлген зиян республикалық бюджеттен толық көлемде өтеледi.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі №7 «Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының 15-тармағына сәйкес ҚПК-нің 38-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-қимылдарының салдарынан келтірілген мүлiктiк зиян қылмыстық процестi жүргiзетін органның кiнәсi бар-жоғына қарамастан, толық көлемде республикалық бюджеттен өтеледi. Сот отырысына қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеуге Қазақстан Республикасының ағымдағы жылға арналған бюджеті туралы заңына сәйкес қаражат бөлінген мемлекеттік органның өкілі мемлекеттің атынан қатысады. Егер Бюджет туралы заңда мұндай орган белгіленбесе, онда өндіріп алу Республиканың Қаржы министрлігінен жүргізіледі. Көрсетілген өкілдің немесе талап еткен адамның сот отырысына келмеуі оны қарауға кедергі келтірмейді.
Алайда, «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен қаражат бөлінген мемлекеттік органның өкілі белгіленбеген.
Осыған орай, заң және құқық ұқсастығына сәйкес аталған азаматтық іс бойынша жауапкер ретінде – ҚР Қаржы министрлігі белгіленді.
Жоғарыда жазылғандарды ескере отырып, -

Бюджет қаражатынан Ғ.Б.Жолдасбековтың пайдасына 3 000 000 (үш миллион) теңге мөлшерінде моральдық зиянды өңдіріп беруді сұраймыз.



Қосымша:

  1. Жауапкерге талап қою арыз.

  2. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.Жунусовтың 04.03.2019 жылы бекіткен қызметтік тексерудің қорытындысы.

  3. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 18.03.2019 жылғы №63ж/қ бұйрығы.

  4. Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2019 жылғы 13 мамырдағы қаулысы.

  5. Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 05 маусымдағы № 3а/80 қаулысы.

  6. Түркістан облыстық сотының 25.05.2021 жылғы № 5199-21-5-20/1598 хабарламасы.

  7. Неке қию туралы куәлік.

  8. Жеті баласының туу туралы куәліктері.

  9. Қайтыс болу туралы куәлік.

  10. Өкілге берілген сенімхат пен үзінді.

  11. Мемлекеттік баж төленгендігі туралы құжат.

Ғ.Б.Жолдасбеков
Өкілі:- С.Сарсенбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет