Лабораториялық диагностикасы: Жалпы қан анализінде лейкопения, нейтропения, лимфоцитоз, ЭТЖ қалыпты немесе төмендеген болады. Лабораториялық зерттеу әдістерінің арасындағы тез нәтиже беретін иммнофлюоресценттік және иммуноферменттік әдістер болып табылады. Зерттеу материалы ретінде мұрын - жұтқыншақтан алынған жұғынды, қан пайдаланылады.
Емдеу принциптері: аурудың жеңіл түрлері үй жағдайында емделеді. Науқасты жылы, жақсы желдетілетін бөлмеге орналастырады. Сүтті диета тағайындалады. Сонымен бірге көп мөлшерде сұйықтық ішкізу қажет. Дәрілік шөптердің тұнбаларын, аяқты жылы суға малу, қыша қағаздарын қою, ыстық ауамен бұлауды қолданған жөн.
Этиотропты ем: Вирусқа қарсы препараттар – ремантадин, адапромин, дейтифорин, арбидол, 0,25% оксалин майын тағайындаймыз. Сонымен бірге тұмауға қарсы қалыпты адам иммуноглобулині 3-6 мл біре рет бұлшықетке егу. Интерферогенді синтетикалық және шөптік туындыларды (полудан, мефенамовая кислота, женьшень, аралии, элеутерококк, лимонник) қолдану жақсы нәтиже береді.
Патогенетикалық және симптоматикалық ем: басының ауырғанын, дене қызуын, бұлшықеттердің ауырсынуын қызуды түсіретін дәрілермен емдейді. Тамақтың құрғауын және қышуын фарингосепт, фалиминт, аджисепт, ангисепт т.б. препараттармен, ал жөтелді глаувент, тусупрекс, либексин, лазолван, линкас, амбробене, халиксол, т.б көптеген препараттармен емдеуге болады. Егерде ринит болған жағдайда мұрынға пиносол, для нос, галазолин, эфедрин т.б. дәрілік тамшыларды тамызу қажет. Тұмаудың ауыр түрінде дезинтоксикациялық, инфузионды терапия жүргізіледі.
Алдын алу шаралары:
Науқасты оқшаулау керек. Айналасындағы адамдар және емдеуші медперсоналдар міндетті түрде маска тағуы керек. Стационардың палаталары және коридорларына кварц лампасын қосу керек. Карантин жарияланады. Тұмауға қарсы вакцина егу жұмыстарын жүргізу. Сонымен бірге тұмауға қарсы препараттарды, майларды қолдану қажет
Менингококкты инфекция.
Жедел респираторлы бактериалды қоздырғышы ауа тамшы механизімімен берілетін, мұрын-жұтқыншақ кілегей қабатының зақымдалуымен, жұмсақ ми қабығының қабынуымен, септицемиямен, аурудың симптомсыз түрінен бастап, іріңді минингококкты сепсиске дейінгі клиникалық түрлерімен сипатталатын жұқпалы ауру.
Достарыңызбен бөлісу: |