Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі


Аурудың патогенезі мен манифесті клиникалық белгілері



бет29/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Аурудың патогенезі мен манифесті клиникалық белгілері. Қоздырғыштың ену қақпасы- жоғары тыныс жолының кілегей қабатына менингококктың 10-15%түссе, жергілікті қабыну процесі жүреді. Егер қоздырғыш жергілікті қорғаныш барьерінен өте алатын қабілеті арқылы, жергілікті кедергіден өтсе қанмен бүкіл организмге тарайды, яғни бактериемия дамиды. Бұл кезең микроорганизмдердің көп мөлшерде ыдырап, қанға токсиндер бөлінуімен- токсинемия көрінеді. Бұл кейде ішкі органдардың зақымдалуына, тамыр қабырғаларының зақымдалуына инфекциялық- токсиндік шоктың дамуына, тамыр ішілік жайылған қан ұю синдромына, гипоксия, тромбоз, қан кетуге ұласуы мүмкін.
Процестің бұндай сипат алуы сирек, көбінесе назофарингит немесе жеңіл каторалды тыныс жолдары қабынумен шектеледі.
Менингококкты инфекцияның негізгі клиникалық белгілері:
Аурудың жіктелуі, В.П.Покровский бойынша.
1. Жергілікті түрлері:

  • менингококк тасымалдаушы.

  • Жедел назофарингит.

2. Жайылмалы түрлері:

  • менингококкемия

а) типті;
б) өте тез дамитын түрі;
в) созылмалы түрі.
3. Аралас түрі. (Менингит + Менингококцемия)
- менингококкты эндокардит
- менингококкты артрит,
- менингококкты пневмония,
- менингококкты иридоциклит.
Клиникалық көріністері:

  • жедел назофарингит – ең жиі кездесетін түрі. 1-3 күн дене қызуының аздап көтерілуі мен әлсіздік, жалпы улану белгілері ( бас ауыруы, бас айналуы) болады. Сонымен бірге мұрынның бітелуі, кілегей қабаттарының қызаруы, құрғауы болады.

Менингит: ауру жедел басталады. Қалтырау және дене қызуы 38-40ºC – қа көтерілуі болады. Ауру жалпы әлсіздікпен, көз алмасының ауырсынуымен, маңдай, самай, сирек шүйде аймақтарының ауырсынуымен сипатталады. Ал, кішкентай баланың анасын аурудың қай уақытта басталғанына дейін айта алады. Ауру біртіндеп күшейе бастайды. Басының ауырғаны күшейіп, анальгетиктерге басылмайды. Науқастың жағдайы күрт төмендеп, ақыл есі бұзыла бастайды. 10-14 сағаттың ішінде аяқ-қолдарының терісіне жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелер шыға бастайды. Ауыр түрінде геморрагиялық элемент өте үлкен ортасында некроз болады. Көз склерасында, мұрын жұтқыншақтың кілегей қабатына қан құйылулары байқалады. Мұрыннан, асқазаннан, жатырдан қан кету болады. Науқасты қараған кезде менингиальді симптомдарды аңғаруға болады. Шүйде бүлшықетінің тартылуы, Керниг, Брудзинский симптомы, жарықтан қорқу, гиперестезия дамиды. Науқас көбіне бір қырынан, аяқ-қолдарын жинап («поза легавой собаки») жатады.
Ал менингоэнцефалит дамығанда, ауру ауыр ағымда, айқын энцефалиттік көріністермен, жедел мениниальді және жалпы улану белгілерімен сипатталады. Жалпы милық белгілер тез дамиды. Ошақты белгілер – спастикалық геми және парапарездер дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет