Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет48/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Этиологиясы: Қоздырғышы – Буньявирус түріне, Найровирус тұқымдастығына жататын РНК –сы бар вирус.
Эпидемиологиясы: Аурудың негізгі табиғаттағы резервуары мен оның көзі, Вирусты ұрық арқылы немесе метаморфоз барысында беретін иксоидты кенелердің (көбіне Гиаломма тектес) 27-ге жуық сан алуан түрлері мен шағын түрлері болып табылады. Мына суретте көріп отырғандарыңыз – Иксоидты кененің аталығы және аналығы. Олар шабуылға дайын тұрған кезі. Вирустың уақытша резервуары – жануарлар.
Аурудың жұғу механизмі – Трансмиссивті. Кененің шағуы арқылы жүреді. Сонымен бірге науқастың қанын жалаң қолмен ұстағанда, науқасқа күтім жасағанда (аэрогенді), Лабораториялық жағдайда және ауруханада науқасқа ем жүргізу кезінде медицина мамандарына жұғу қауіптілігі жоғары болады.
Аурудың ошақтары көбіне жылы климатты және шөл, далалы ландшафттары болып табылады. Ару тек көктемгі-жазғы айларда пайда болады, ол кезеңде тасымалдаушылардың белсенділігі кейде кеш қайталанады.
Патогенезі: Вирус адам организміне енгеннен кейін, қанға түседі. Қанның макрофагтарына жетіп, сол жерде қоздырғыштың репликациясы және жинақталуы болады. Осыдан кейін вирусемия фазасы дамиды. Осы кезеңнен бастап клиникалық белгілер пайда бола бастайды. Бұдан кейін Гематогенді диссеминация фазасы басталады. Бұл капилляротоксикоз, ДВС- синдром, ішкі ағзалардың зақымдалуы (Бауыр некрозы, миокардта, бүйректе, бүйрекүсті безінде некроздардың пайда болуы). Бұл геморрагиялық белгілердің дамуымен көрінеді.
Клиникалық белгілері: Инкубациялық кезеңдері 2-14 күн, орташа 3-5 күн. Ауру кезеңді түрде өтеді. Алғашқы кезең 3-4 күнге созылады. Ауру жедел басталады. Дене қызуы тез арада жоғарғы деңгейге жетеді. Кейде қатты қалтырау болады. Қызба орташа 7-8 күнге жетеді. Қызбамен бірге миалгия, артралгия, басының қатты ауырсынуы, кейде ішінің, бел аймағының ауырсынуы болады. Кейбір жағжайларды Пастернацкий симптомдарының оң мәнді болуы мүмкін. Қан қысымы төмендейді, пульсі дене температурасына сәйкес жиі болады. Жалпы қан анализінде солға нейтрофилді ығысумен лейкопения, тромбоцитопения, Эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарылауы болады.
Аурудың шарықтау кезеңінде – геморрагиялық белгілер пайда болады. Бұл кезең 2-6 күнге созылады. Дене қызуы қысқа уақытқа төмендеп, «екі өркешті» температура сызығы болады. 1-2 күннен кейін дене қызуы қайтадан көтеріліп, тромбогеморрагиялық белгілер дамиды. Бұл аурудың ауырлығын және болжамын анықтайды. Науқастың денесінде геморрагиялық бөртпелер, қан құйылулар, иньекция жасаған жерде гематомалар пайда болады. Сонымен бірге мұрыннан, құлақтан, қызылиектен, жатырдан, асқазаннан, ішектен қан кету болады. Бұл кезде науқастың жағдайы нашарлайды, интоксикация белгілері күшейеді. Обьективті қарағанда, Науқастың терісі бозғылт, акроцианоз, байқалады. Қан қысымы төмендеп, пульсі жиілейді. Сандырақтау болуы мүмкін. Науқастардың 10-25% де менингиальді симптомдар дамиды. Құрыспалар пайда болып науқаста кома дамиды. Бауру үлкейген, олигурия болады. Зәр анализінде, микрогематурия, гипоизостенурия, азотемия байқалады. Кейбір науқастарда асқыну, яғни пневмония, өкпе ісігі, тромбофлебит, жедел бүйрек жетіспеушілігі, шок дамиды. Қанда, лейкопения, гипохромды, анемия, тромбоцитопения болады.
Жазылу кезеңі: Әрине дер кезінде науқас дәрігерге қаралып, дұрыс ем қабылдаса, науқас жазылуға бет бұрады. Бұл кезең 1-2 айға созылады. Кейбір нақастардың еңбекке жарамдылығы 1-2 жылда қалыптасады.
Аурлық дәрежесі бойынша аурудың жеңіл, орташа ауыр және ауыр түрлері болады.
Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының диагнозы клиникалық – эпидемиологиялық деректерге негізделіп, яғни кененің шағуы, тойған кене қанының адам денесіне түсуі, осы аурумен қарым-қатынаста болуы диагноз қоюға негіз бола алады. Сонымен бірге теріде пайда болған қан құйылулар, гематомалар, мүшелерден қан кету, лабораториялық зерттеу нәтижелері: қанның (лейкопения, тромбоцитопения, ЭТЖ өзгеруі), зәрдің (альбуминурия, микрогематурия, цилиндрурия) көрсеткіштері, серологиялық және вирусологиялық зерттеу әдістері бойынша қанда Вирусты антигендерді, антиденелерді және вирустардың анықталу нәтижелері арқылы диагноз қойылады.
Емі. ҚР. ҰЭМ № 136 25 ақпан 2015 жылы шыққан мемелектеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің бұйрығы бойынша:
1. Этиотропты ем – Виразол, Рибавирин қолданылады.
2. Аурудың шарықтау кезеңінде науқасқа көк тамыр арқылы, тамшылатып, 200,0 мл Реконвалесценттерден алынған бір топтың жаңа дайындалған плазма құйылады. Плазма құю кезінде донордың организмінде КҚГҚ ның вирусы антиденелерінен басқа, қан белоктары соның ішінде тромбомасса құйылады.
3. Барлық науқастарға поливитаминдер, аскорбин қышқылы, аскорутин, кальций глюконаты, кальций хлориді, димедрол немесе басқада десенсибилизацияға қарсы препараттар тағайындалады.
4. Инфузиялық терапия – 5-10% глюкоза инсулинмен, полийондық стандартты ерітінділер тағайындалады.
5. ДВС белгісімен күресу үшін гепарин және жаңа тоңазытылған плазма өте тиімді.
6. Қан кету кезінде- тамырдан қан плазмасы, белоктық қан алмастырғаштар, бір топты қан енгізіледі.
7. асқыну кезінде гормонды препараттар, диуретиктер, асқынған жағдайларда антибиотиктер тағайындалады.
8. тағамнан сүт тағамдары, сұйық тез сіңірілетін тағамдар ішу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет