Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі


Аурудың патогенезі мен клиникалық белгілері



бет53/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж
ПРАКТИКА, Силл Геология 2020-2021, ОШ СОР Информатика ЕМН 11 класс каз, 2 дәріс, жуқпалы аурулар туралы жалпы түсінік
Аурудың патогенезі мен клиникалық белгілері.
Инфекциялық процестің даму механизмі қоздырғыштың ену қақпасына байланысты. Қоздырғыш зақымданған тері қабаты арқылы енген жағдайда аурудың терілік формасы дамиды. Ену қақпасы орнында экзотоксиннің әсерінен серозды – гемогррагиялық қабылдау ошағы пайда болып, айқын тері асты шел майының ісігі дамиды. Іскен жерде ортасында қара түсті некрозды струп карбункул қалыптасады. Осы ошақтан қоздырғыш лимфа жолдары арқылы аймақтық лимфа түйіндеріне тарап оның қабынуын – лимфаденит туғызады. Қоздырғыш лимфа түйіндерінен қанға өтсе сепсиске ұласады. Процесс айқын интоксикациямен қатар жүреді.
Инкубация кезеңінің ұзақтығы терілік формада бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсистік формада 6-8 күн. Аурудың екі клиникалық түрі болады:

  1. жергілікті (карбункулезді, эдематозды, буллезді, эризипеллоидты) түрлері

  2. сепсистік (өкпелік, ішектік) түрлері.

Ең жиі кездесетін түрі карбункулезді түрі. Дененің ашық жерлері зақымдалады. Қоздырғыш енген жерде алдыменен диаметрі 1-2 см, қызыл-көкшіл түсті, ауырмайтын дақ пайда болады. Сол жер қышиды, ашиды. Бірнеше сағаттан кейін, дақтың орнында мыстың түсіндей папула пайда болады. 12-24 сағаттан кейін іші серозды, соңынан қанды сұйықтыққа толы везикулаға айналады. Осы везикула жарылғаннан кейін, жиектері көтеріңкі, түбі қоңыр түсті жараға айналады. Осы кезден бастап оны карбункул деп атаймыз. Жараның айналасы қызарып, ісіп тұрады. 1-2 аптадан кейін карбункулдың ортасы қарайған тығыз, ауырмайтын некрозды струпқа айналады. Осы струп, айналасындағы қызарған терінің фонында, (қызыл шоқтың ортасындағы көмір) тәрізді көрінеді. Сондықтан оның аты грек тілінен аударғанда «anthax – көмір» деген мағынаны білдіреді. Оның айналасында сезімдалдық мүлде болмайды. Лимфа түйіндерінің ұлғаюы болады. 2-3 аптаның соңына қарай струп түсіп орны тыртықанады. Карбункулдың ең көп ораналсатын жері- аяқ, қол, мойын, желке. Жергілікті қабыну процесі кезінде ағзаның жалпы улану белгілері болады. Әлсіздік, шаршағыштық, басының ауыруы, дене қызуы субфебрильдіден, 39-40ºС-қа дейін көтеріледі.
Процестің сепсиске ұласуы қоздырғыштың тыныс алу, асқазан ішек жолдары рақылы енген жағдайында дамиды. Терілік формада процестің сепсиске ұласуы сирек кездеседі.
Адамда ауру 90-95% дейін терілік формада болады . Терілік форма 80% жағдайда жеңіл түрде, 20% - ауыр түрде өтеді. Емделмеген , кеш емделген терілік түрде өлім 5% дейін жетеді.
Ішектік формада ауру ауыр интоксикациямен, геморрагиялық энтероколитпен көрініс береді, процесс аз уақытта сепсиске ұласады. Өкпелік түрінде ауыр геморрагиялық плевропневмония дамиды. Өкпелік ішектік формаларында өлім 80-100% дейін жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет