Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет54/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж
ПРАКТИКА, Силл Геология 2020-2021, ОШ СОР Информатика ЕМН 11 класс каз, 2 дәріс, жуқпалы аурулар туралы жалпы түсінік
Емдеу принциптері: науқасты міндетті түрде стационарда бокста емдейді. Этиотропты ем. Антибиотиктер: пенициллин, жайылмалы түрінде 16-20 млн ЕД тәулігіне, тетрациклин, левомицетин, стрептомицин, неомицин, ципрофлоксацин, доксициклин, гепатомицин. Иммунотерапия – түйнемеге қарсы иммуноглобулин – 20лігіне. Дезинтоксикациялық ем: тұз ерітінділері, гемодез, полиглюкин. Жүрек гликозидтері. В,С, тобының витаминдері, оксигенотерапия, карбункулды кеспеу керек. Науқасқа күтім жасағанда, терінің күтімі, барлық манипуляцияларды ережеге сәйкес орындау қажет. Қолға резеңке қолғап кию керек. Өкпелік түрінде обаға қарсы костюм киуі тиіс. Диспансерлік бақылауда 3-6 ай болады.
Алдын алуы: Арнайы алдын - алу жұмыстары жоспарлы түрде, эпидемиологиялық көрсеткіштерге қарап орындау қажет. Жоспарлы – Ауылшаруашылығы жұмысшыларын, гидромелиоративті өндірісте жұмыс жасайтындарды, құрылысшыларды, геологтарды, егіншілерді, жануарлар шикізаттарымен жұмыс жасайтындарды, ет, сүт комбинаттарында жұмыс жасайтын жұмысшыларды арнайы тексеруден өткізу қажет.

Сіреспе
(лат., ағыл., фр.- tetanus; нем.- starrkrampt; орыс.- столбняк) - сапрозонозды бактериалды, қоздырғышы қарым-қатынас механизмі арқылы берілетін, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен, бұлшықеттердің сіресуімен, асфиксияның даму мүмкіндігімен сипатталатын жұқпалы ауру.
Аурудың маңызы, ауыр клиникалық ағымына, өлім деңгейінің жоғарылығына, кең таралғандығына, инфекцияның сапрозоонозды (инфекция көзінің көп түрлілігі) сипатына байланысты.
Этиологиясы. Сіреспе қоздырғышы –Clostridium tetani Bacillacaeae туыстығына жататын спора түзетін облигатты анаэроб. Анаэробты жағдайда микроскоппен барабан таяқшасы тәрізді спора түрінде көрінеді. Спора қоршаған ортада жылдар бойына сақталады. Анаэробты жағдайда, 37°С температурада ылғалды, аэробты бактериялармен араласқан ортада споралар вегетатавті формағ айналады. Вегетативті формадағы қоздырғыштар грам оң боялады, қозғалады (талшықтары арқылы ). О –және Н- антигендік топтармен сипатталады, Н- антигеніне байлнысты 10 серологиялық варианттарға бөлінеді.
Қоздырғыш вегетативті формасында аса улы экзотоксин бөледі. Экзотоксин тұрақсыз, кілегей қабты арқылы сіңіріле алмайды. Сіреспе эндотоксинді 3 бөліктен құралған; тетанаспазмин, тетаногемолизин және ұсақ молекулалық бөлік .
Споралар қайнатқанда 1 сағаттан кейін өледі, 5% фенол ерітіндісі, 1% формалин ерітіндісі, иод, сутегінің асқын тотығы 10 сағатта өлтіріледі.
Вегетатифті формасы әдеттегі физикалық, химиялық факторлармен 3-6 сағатта жойылады.
Патогенезі: Қоздырғыштың организмге ену қақпасы жарақаттанған тері қабаты. Енген қоздырғыш вегетатаивті формасына айналып, көбейе отырып экзотоксин синтездейді. Патологиялық процесс осы экзотоксиннің әсерінен дамиды. Экзотоксин қан ағысымен перифериялық нервтің қозғалыс талшақтары арқылы жұлынға, сопақша миға, ми негіндегі ретикулярлы формацияға жетеді. Жартылай синапстық рефлекторлы доғаның нейрондарыны параличі дамиды. Соның салдарынан мотонейрондарда пайда болатын импульстар қаңқа бұлшық етеріне ретсіз беріледі, бұлшық еттердің тонусы артады. Тоникалық сіресу пайда болады. Әр түрлі сыртқы тітіркендіргіштер ( дыбыс, иіс, жарық т.б.) тетаникалық сіреспе тудырады. Процесс мидың үлкен жарты шарларының қозғыштығы артып үлен тонико- тетаникалық сіреспе, метаболикалық ацидаз, тыныс орталығы, жүрек вагус ядросы параличі дамуы мүмкін.
Процестің өліммен аяқталуы 35-40% дейін жетеді, өлімнің басты себебі ОЖЖ-ң өмірлік маңызды орталықтарынаң зақымдалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет