Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет57/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж
ПРАКТИКА, Силл Геология 2020-2021, ОШ СОР Информатика ЕМН 11 класс каз, 2 дәріс, жуқпалы аурулар туралы жалпы түсінік
Эпидемиологиясы: Инфекция көзі - организмде стрпептококк микробы бар (баспа, қызылша, тілме, стрептодермиямен ауыратын) науқас адам. Жұғу механизмі – қарым-қатынас (жанасу) болып табылады. Көбіне әйелдер және үлкен жастағы адамдар ауырады. Бұл аурумен ауырғаннан кейін иммунитет қалыптаспайды.
Патогенезі: қоздырғыштың ену қақпасы – зақымдалған тері, кілегей қабаттар. Стрептококк микробы кір теріге жаралану, жарақаттану кезінде енеді.
Кейбір кезде іріңді қабыну процессіне шалынған іш құрылымына қатысы бар мүшелерден тері төңірегіне қан немесе лимфалық жолдармен әкелінеді.
Клиникасы: Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 5 күнге дейін созылады. Тілменің жалпы және жергілікті белгілері болады. Ауру басталар алдында науқас мазасызданып, әлсіздік пайда болады, басы ауырады, лоқсып, құсып жатады. Дене қызуы 41 градусқа жетіп, тамаққа тәбеті болмайды, ұйқысы қашады, зәр жүруі нашарлайды. Жергілікті белгілеріне қарай тілменің эритематоздық, буллездік, флегмоноздық және некрозды түрі болады. Эритематоздық түрі ауырған жердің терісі шыдатпай күйдіріп бара жатқандай сезіледі, терінің түсі қып-қызыл болып өзгереді. Саусақпен басып көргенде тілме төңірегіндегі ауруға шалынбаған терілердің ұлғая түскенін байқауға болады.
Булездік түрі- көпіршік түрінде кездеседі. Көпіршік не қанда сұйық затқа , не іріңге толы болады.
Флегмоноздық түрі- іріңді қабыну процессі көбінесе тері астындағы шөлде пайда болады.
Терінің едәуір жерінің өлі еттенуі тілменің некрозды түрі деп аталады. Тілме ауруының өзінің қалайтын жерлері болады.Ол көбінесе бетте, бет төңірегіндегі теріде, бас төңірегінде және аяқ терісінде кездеседі. Тілме ауруына шалдыққындардың жұтқыншақ шырыш қабығында да кейде осы ауру кездеседі. Аурудың беті 10-14 күнде қайтады. Адамның дене қызуы бірден төмендеп, қалыпқа келеді, науқас әлсіреп қалады. Тілмеге ұшыраған терінің ісігі, қызарғаны басылып, сол төңіректегі шаштармен қылшықтар азайып, тері түлейді. Тілменің диагностикасы клиникалық белгілері арқылы қойылады. Қан мен зәрін тексергенде қан құрамында лейкоциттер саны көбейіп, нейтрофилез жағдайы байқалып, эозинофильдер саны азайып кетеді. Аурудың шарықтау шегіне жеткен кезінде зәр көлемі азаюмен бірге, оның құрамында белок, эриттоциттер, лейкоциттер және цилиндірлер пайда болады.
Асқынуы: флегмона, абсцесс, терінің терең некроздалуы, тромбофлебит, пневмония, сепсис, ИТШ. Тілме ауруы ұзақ уақытқа созылатын ісік туғызады да, саусақ қызметін нашарлатады. Ал, аяқ терісі тілмеге қайтадан шалынса, ол науқасты шораяқ ауруына әкеп соқтырады. Денеде пайда болған тілме жайылмалы келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет