Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет60/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж
ПРАКТИКА, Силл Геология 2020-2021, ОШ СОР Информатика ЕМН 11 класс каз, 2 дәріс, жуқпалы аурулар туралы жалпы түсінік
Аурудың клиникалық белгілері. Ауруға шалдыққан адамдарда инкубациялық кезеңнің ұзақтығы 1 аптадан 1 жылға дейін созылуы мүмкін. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы жарақаттың орнына, ауру жануардың түріне байланысты.
Клиникалық көрінісі 3 кезеңге бөлінеді. Алғашқы депрессия кезеңінде аурудың ит қапқан жерінің қышынуы, тыртықтың қабынуы, жыбырлау, бас ауру, әлсіздік, тұйықтық, тәбеттің болмауы, ұйқысы қашып түсінен шошуы байқалады. Ауруда апатия, бейжайлық, негізсіз үрей, өлімнен қорқу пайда болады.
2-3 күн өткен соң қозу кезеңі басталады. Бұл кезеңде аурудың гидрофобия, аэрофобия, акустофобия, фотофобия сияқты манифесті белгілері пайда болады. Екінші кезеңнің ұзақтығы 2-3 күнге созылып ауру есінен ауыса бастайды. Ұстамалардың ұзақтығы бірнеше секундқа созылады. Есту, көрудің қорқынышты елестері елестейді. Ұстамалардың арасындағы кезеңде науқас есін біледі және болған дағдай есінде болады. 1–2 күннен кейін сілекей, тер бөлінуі күшейеді, дене қызуы жоғарылайды. Жұтынудың қиындауының нәтижесінде сілекейі ауызынан шұбырады.
Аурудың үшінші паралич кезеңінде қозу апатияға ауысып аяқ-қолдың, бас жүйке талшықтарының параличі дамиды. Сырқат тыныс, жүрек қан тамыр орталықтарының параличінен 1-2 күнде өледі. Аурудың өліммен аяталуы 100%.
Емдеу және науқасқа күтім жасау: науқасты жұқпалы аурулар ауруханасында интесивті терапия бөлімінде емдейді.Вирусқа қарсы арнайы емі жоқ. Науқасты жеке палатаға орналастырып, жеке мейірбикелік пост тағайындайды. Күтуші қызметкерлер аурудың сілекейінен сақтану керек. Науқасты парентеральді тамақтандырады. Негізінен аурудың жағдайын жеңілдетуге ғана бағытталған қолданылады. Нәтижелі ем тәсілі жоқ.
Лабораториялық диагностикасы аурудың тірі кезінде жүзеге асырылуы қиын. Вирус сілекейден, жұлын суынан бөлінуі мүмкін. Флюресенциялаушыға қарсы денелер реакциясын қою үшін тері биоптаты, көз қарашығынан жұғынды алу ұсынылады. Бас миынан Бабеш – Негри дененсін өлгеннен кейін гистологиялық материалды анықтайды.
Профилактикасы және ошақтағы індетке қарсы шаралар. Жабайы ошақтардағы құтыру эпизоотиясына әсер ету жыртқыштар популациясының тығыздығын реттеу арқылы жүргізіледі. Антропургиялық ошақтарға әсер ету елді мекендердегі қаңғыбас ит, мысықтарды аулау, тұрғындардың үй жануарларын ұстауын қадағалау және үй жануарларын құтыруға қарсы егу шаралары арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғындар арасында санитарлық – ағарту жұмысын жүргізу негізінен антирабикалық жәрдемді кешіктірмеуге бағытталған. Жарақаттанушы зақымдалған орынды йод тұнбасымен немесе 70% спиртпен өңделіп стерилді дәкемен таңылғаннан кейін дереу антирабикалық көмек көрсетілетін орынға (медпунктке жарақат пунктіне, хирургиялық кабинет) жеткізіледі. Антирабикалық көмек жарақат алған сәттен 14 күннен кешікпеген жағдайда ғана нәтижелі болады. Антирабикалық егу шартты және шартсыз көрсеткіштер бойынша жасалады. Шартсыз егу қапқан жануарда құтыру белгісі болған болса немесе белгісіз болса жасалады.Бұл жағдайда егу схемасы 0,3,7,14,30,90 күндері жұргізіледі.
Шартты түрде қапқан жануарда құтыру белгісі болмаса оны 10 күн бойына бақылауға мүмкіндік болса жасайды және егу схемасы:сарысу 0,3,7 кундері салынады. Организмді құтыру вирусынан қорғай алатын қарсы денелер деңгейі егуден кейін 12-14 күнен кейін қалыптасады. Сондықтан инкубация кезеңі қысқа болатындай жағдай туғанда (жарақаттың баста орналасуы, терең ауқымды сілекейленген жарақаттың кеудеге қаңқада орналасуы) вакцинамен құтыруға қарсы гамма-глобулин қатар жасалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет