Дәріс №1 Тақырыбы



бет5/34
Дата24.11.2023
өлшемі102,4 Kb.
#193306
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
file-8526 19

2.Бактерия құрылысының морфологиясы
2.1.Тұрақты элементтер- нуклеоид, цитоплазма, қабықша.
2.2. Тұрақсыз элементтер- спора, капсула, жіпшелер. Микроб торшасының тұрақты элементтеріне: цитоплазма қабықшасы мен нуклеоид (ядролық зат) жатады. Капсула, спора, жіпшелер тұрақсыз элементтерге жатады. Олардың қызметтері қандай?
Тұрақты элементтер. Қабығы үш қабаттан тұрады: сыртқы мембрана, клетка қабырғасы және ішкі мембрана немесе цитоплазмалық қабықша.
Сыртқы мембрана-жабысқақ сілекейлі қабат, кокктарда полисахаридтерден, бациллаларда полипептидтерден тұрады. Қорғаныс қызметін атқарады, клетканы сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғайды (температура, кебу, қысым, т.б.)
Клетка қабырғасы- негізгі қабат (тек бактерияларда ғана бар)- клетканың морфологиялық ерекшеліктерін анықтайды, бактерияға форма береді (кокктар, таяқшалар, қыртыстар). Қорғаныс қызметін атқарады. Сонымен бірге зат алмасуға қатысады, осы арқылы қоректік заттар клетканың ішіне енеді. Клетка қабырғасының негізін пептидогликан немесе муреин құрайды, структурасы торлы, бактерия клеткасының каркасы. Химиялық құрамы мен клетка қабырғасының ультраструктурасы бактерияны Грам әдісі бойынша әртүрлі бояу, оларды грамқарсылықты, грамположительный бөлу негізінде анықталады. Бұл әдісіт 1884 жылы Х.Граи ұсынған және ол бактерияны дифференциациялауда пайдаланылады.
Грамқалыпты бактериялардың клетка қабырғасы қалың, 20-100 нм, оның негізін 50-90% пептидогликан құрайды. Сонымен қатар пептидогликанмен байланысқан тейхоев қышқылы бар. Тейхоев қышқылы магний иондарын байланыстырады, оларды клеткаға тасымалдауға қатысады. Грамқалыпты бактериялардың клетка қабығындағы аз мөлшерде полисахаридтер, ақуыз бен липидтер кездеседі.
Грамқарсылықты бактериялардың клетка қабырғасы көпқабатты, қалыңдығы 14-17 нм. Пептидогликан тек 1-10 % құрайды, клетканы қоршап тұрған жіңішке тор-ішкі қабаты. Клетка қабырғасының сыртқы қабығы фосфолипид, липополисахарид, липопротеин, ақуыздан тұрады. Сыртқы қабаттың ақуызы пептидогликанды қабатпен берік байланысқан, ол гидрофильді саңылауды қалыптастыруға қатысады, осы арқылы молекула масассының 600-900 диффузиясы жүреді. Сонымен бірге ол кейбір фагтар үшін рецептор ролін атқарады. Жануарлар үшін улы липополисахаридке эндотоксин деген тау берілген. Грамқарсылықты бактерияларыда тейхоев қышқылы табылмаған.
Бактерияларға түрлі факторлар әсер еткен жағдайда протопластар мен жоқ, грамқалыпты бактерияларда пайда болады. Сферопластар- клетка қабырғалары жартылай бұзылған бактериялар. Гармқарсылықты бактерияларда лизоцимнің әсерінен немесе пептидогликан биосинтезіне антибиоткпен болкада қойған жағдайда сәйкес осмотикалық қысымдық ортасына пайда болады.Протопластар мен сферопластар L-формаға айнала алады, өлуі де мүмкін. Сферопластар бастапқы бактериялар түрінде оңай ауыса алады.
Бактериялардың L- формасы- бактерияларды4 мутанттары6 клетка 0абыр5асыны4 пептидогликанды синтезделу3н толы0 немесе жартылай жо5алт0ан7 Олар 1935 жылы Англияда5ы Листер институтында б-л3н3п алын5ан6 сонды0тан олар L формалы деп аталады. L- формалы бактериялардың протопластар мен сферопластардан айырмасы тіршілік мүмкіндігі жоғары және репродукцияға қабілетті. L- форма түзу барлық бактерияларға тән, соның ішінде патогенділерге де (бруцеллез, туберкулез, листерия қоздырғыштары). L фоорма тудыратын инфекциялық үрдіс атитілігімен, ұзақтығымен, ауыр өтуімен, химиятерапиямен емделуі қиындығынан ерешеленеді.
Цитоплазмалық мембарана. Жартылай өткізгіш қабықша, цитоплазманы клетка қабырғасынан бөліп тұрады. Химиялық жағынан алғанда 50-70%липидтен тұрады. Цитоплазмалық мембрана арқылы клеткаға қоректік заттар түсіп, метаболизм өнмдері сыртқа шығарылады. Бұл клетканың осмотикалық барьері. Осмотикалық қысым бұзылған жағдайда карипикноз (ісіну) және кариолизис (бұзылу) жүреді.
Цитоплазма – клетканың түйіршікті структуралы, қабықсыз коллоидты бөлігі. Гранулалардың негізгі бөлігін рибосомалар, қосындылар құрайды. Цитоплазманың орталық бөлігін ядролық аппарат- нуклеоид алып жатыр.
Нуклеоид-ядролық зат, микроб клеткасының генетикалық аппараты. Ядролық қабығы жоқ, цитоплазманың шектелген кеңістігінде шоғырланған ДНК молекуласы. Нуклеоид түр белгісін көрсетеді, бактериялық клетканың көбеюіне қатысады. ДНК молекуласымен бірге внехромды генетикалық элемент-плазмидалар орналасқан. Олар ковалентті тұйықталған ДНК молекуласы, 1500-40000 жұп нуклеотидтерден тұрады. Плазмидтер жыныстық үрдісті, дәрілерге тұрақтылықты, бактериоцин синтезін (бактериялардың туыстас түрін жоятын ақуыз табиғатты зат) қадағалайды. Плазмида прокариот эволюциясында маңызды роль атқарады.
Тұрақсыз элементтер. Капсулалар, споралар, жіпшелер.
Капсула- клетканың міндетті элементі емес. Капсуланың жойылуы өлуге әкеліп соқпайды. Микроб клеткасы өсіп, дами береді. Мысалы, сібір жарасының вакциналық штаммы- сібір жарасы вакцинасының капсуласыз нұсқасы. Организмге патогенді микроб түскен кезде капсула пайда болады. Ол қорғаныс қызметін атқарады (ферментті жүйеден, микро-, микрофагтардан). Капсула түзетін микробтар аурудың жіті өтуін тудырады. Кейбір патогенді емес микроорганизмдерзооглея түзеді- жалпы капсулаға біріккен бактериялардың шоғыры. Патогенді микроорганизмдер үшін капсула ерекшеленетін белгі.
Спора- бактерия клеткасының тірлігіндегі тыныштық стадиясы. Бактерия тіршілікке қолайсыз сыртқы ортаға түскенде спора құрады. Бұл қоректі субстрат жеткіліксіз болса, көміртек, азот, фосфор болмаса, ортада калий, магний, марганец катиондары кезіксе, рН орта өзгерсе және т.б. жүреді. Спора түзу 15 шақты бактериялардың түріне тән. Споар бірнеше қабаттан тұрып құрамында 40% су болуы оның түрлі факторларға шыдамдылығын көрсетеді. Олар термотұрақты (1,5 сағ. қайнатуға шыдайды) , химиялық заттарға (қышқылдар мен сілтілерге), кептіруге, улы заттарға төзімді.) бактерияларды тек ғана бір спора түзіледі. Спораның клеткада орналасуы мен размері әртүрлі: орталық (сібір жарасы қоздырғышы), терминальды (столбняк қоздырғышы), субтерминальді (ботулизм).
Жіпшелер. Кейбір микроорганизмдерде ғана кездеседі. Флагелин ақуызынан түзіледі, таяқша тәрізді және извитый, ккк формалыларды кейбіреуінде ғана кездеседі. Клеткадағы саны мен орналасуы әртүрлі. Бір жіпше- монотрих, бір полюсте жіпшелердің шоғырлануы- лофотрих, екі полюсте де кездесуі- перитрих кездесуі мүмкін. Жіпшелер көбіне ішек-паратифозды топ микроорганизмдерінде байқалады. Патогенді қасиеттері адгезия- ішек бүрлеріне жабысу-арқылы жүреді. Клетка беткейінде жіпшелермен қатар фимбриялар да болуы мүмкін. Бұл түзу, қуыс цилиндрлер, плазматикалық мембарандан таралады. Олар пилин ақуызынан құрылған. Коньюгацияға қатысады. Олардың көмегімен екі клетка арасында байланыс орнатылып, сол арқылы генетикалық ақпарат таратылады.
Сонымен микроб, клеткасының тұтұрақсыз элементтері-бактерияның түрін дифференцирлейтін белгі болып табылады. Мына анықтамаларды білу керек: жүйелеу, жіктеу, микроорганизмдер номенклатуарысғ «түр», «клон», «штамм».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет