Дәріс №1 Тақырыбы



бет4/34
Дата24.11.2023
өлшемі102,4 Kb.
#193306
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
file-8526 19

Дәріс №2 .
Тақырыбы: Микроорганизмдер морфологиясы және жүйеленуі. Микроорганизмдердің өсуі және оларды өсіру (2- сағат)

1.Микроорганизмдердің жүйесі, жіктелуі және номенклатурасы


2.Бактериялардың морфологиясы мен құрылысы
3. Тұрақты элементтер-нуклеоид, цитоплазма, қабықша
4.Тұрақсыз элементтер-спора, капсула, жіпшелер


1.Микроорганизмдердің жүйесі, жіктелуі және номенклатурасы
1886 жылы неміс биологы Э.Геккел қарапайымдар, саңырауқұлақтар, бактериялар сияқты микроорганизмдерді (мүшелер мен тіндері дифференцияланбаған) Protista (протиста) бөліміне кіргізуді ұсынды. Олар төменгі және жоғарғы болып бөлінді. Жоғарғы протистер өсімдік және жануарлар торшаларына ұқсас-эукариоттар. Төменгі протистердің құрылысы барлық организмдерден өзгеше-прокариоттар.
1.Прокариоттар- ядросыз торшалар, ядролық компоненттері цитоплазмадан қабықша арқылы бөлінбеген. Оларға көк-жасыл балдырлар бактериялары жатады.
2.Эукариоттар-ядролы организмдер, ядро мембранасы цитоплазманы ДНК-дан бөліп тұр. Оларға микроскопиялық балдырлар, саңырауқұлақтар жатады. (зең, ашытқы)
3.Вирустар патшылығы. Бактериофагтар (бактерия вирусы) мен инфекциялық аурулардың қоздырғыштары жатады.
Жүйелеу (таксономия)-микроорганизмдерді идентификациялау, номенклатурасы, жіктеумен айналысатын ғылым. Жіктеу- микроорганизмдерді жалпы белгілеріне қарап топтарға (таксондарға) бөлу. Әрбір топтың өз атауы болады: патшалық-, бөлім-, секция-, класс-, тәртіп-, туыстық-, тұқым-, түр-. Жіктелудегі ең кіші бірлік –түр бір тұқымнан тарайтын, жалпы ортақ тұрақты белгілері бар микроорганизмдерді біріктіреді.
Түр түрасты және нұсқаларға бөлінеді.Түрасыт өз кезегінде қандай да бір белгінің бір айырмашылығы негізенде антиген-серовар, биохимиялық-биовар, фагтарға қатысына байланысты- фаговар, патогендік-патовар болып бөлінеді.Микробиологияда «түр», «штамм», «культура» деген терминдер пайдаланылады.
Түр-белгілі жағдайда бірдей үрдіс тудыратын, жалпы шығу тегі, генотипі, морфологиялық, физиологиялық белгілері бірдей особьтар бірлігі.
Культура-өсімдіктен, жануардан, адамнан бөлінген және қоректік ортада өсірілген микроорганизмдер. Микроб культурасы таза(микроорганизмнің бір түрінен) немесе аралас (бірнеше түрінен) деп бөлінеді.
Штамм-бір түрдің культурасы, бірақ әртүрлі оъектілерден бөлініп алынған, сондықтан қасиеттерінде аз ғана айырмашылық бар.
Клон-бір микроб торшасынан жасанды қоректік ортада өсірілген микроорганизмдер культурасы. Барлық тұқымы бірдей қасиетке ие.
Микроорганизмдерді белгілі бір топқа жатқызу үшін оның негізігі белгілерін анықтау қажет: морфологиясы, жылдамдығы, Грам бойынша боялуы, капсуласының болуы, эндоспора құру қабілеттілігі, культуально-биохимиялық қасиеті, т.б.
Идентификациялау-микроорганизмдерді нақты белгісіне қарап, белгілі, таксонға (түрге) жатқызу.
Номенклатурасы-нақты ғылымда қолданылатын атаулар жүйесі. Бактериялардың атаулары 1980 жылы 1 қаңтардағы енгізілген Халықаралық номенклатура кодесіне сәйкес тағайындалады. Сонымен бірге 18 ғ. К.Линней енгізген қосаарлы номенклатура да пайдаланылады. Бактерияның атауы латын тілінде, екі сөзден тұрады. Бірінші сөз бактерия жататын туыстықты, екінші-сөз түр атауын білдіреді. Туыстық- жазбаша, түр атауы баспаша әріптермен жазылады. Мысалы: (Escherichia coli )-микроьбты ашқан- Эшерих, coli –ішекті мекендеуші.
1.Фенотипті белгілері- сыртқы белгілері. Генотиппен және тұқым қуалаушылықпен байланысты емес. Фенотипті белгілер микробтың жіктелудегі орнын морфологиялық, культуралық, физиологиялық, тинкториальды белгілеріне байланысты анықтайды. Мысалы Красильниковтың жіктеуі бойынша микроорганизмдер үш түрге бөлінеді (сыртқы түрі бойынша):
1.Шар тәріздес
2.Таяқша тәріздес
3.қыртысыт (извитые)

1.Генотипті белгілері. Геножүйенің негізі болған ДНК-ның нуклеотидті құрамы, геномның аса маңызыды сипаттамасы (үлкендігі, көлемі, молекулалық салмағы) саналады. Бактериялардың арасындағы генетикалық туыстық ДНК гомологиясының дәржесіне байланысты анықталады, ДНК-ның гомологиялық дәрежесі жоғарылаған сайын генетикалық туыстық та жақын болады. Сонымен генотиптің белгілері бойынша микробтардың туыстық бойынша жіктелудегі орынды анықтайды.(шығу тегі).


Бактерияларды жүйелеудің екінші түрі бактерияларды идентификациялау- белгілі бір түрге жататындығын анықтау үшін пайдаланылады. Бұл туралы белгілі анықтамалар бар. Халықаралық бактерияларды анықтауышқа 1993 жылы жарық көрген «Определитель бактерии 9» анықтамасы кіреді. Прокориоттың 4 бөлімінің құрамында түрдің 35 тобы көрсетілген. Бөлімдер торшаның қабырғасының болуына байланысты жіктеледі (пептидогликана).
1.Грациликуттар (немесе жұқа қабықтылар)- грамқарсылықты бактериялар.
2.Фирмикуттар (немесе қалыңқабықтылар)- грамположительныу бактериялар.
3.Тенерикуттар (немесе нәзік қабықтылар)-торша қабырғасы болмайтын организмдер. Микоплазмалар.
4.Мендосикуттар- торша қабырғасы болса да, құрамында пептидогликан жоқ бактериялар. Біреулері грамқалыпты, екіншілері- грамқарсылықты, оған архибактериялар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет