Бақылау сұрақтары:
Миобактериялардың жіктелуі
Неге микобактерияларды анықтау үшін бояудың арнаулы түрі қолданылады?
Дәріс №11
Тақырыбы: Иммунитет жайында түсінік.. Иммунитет түрлері. Иммунитет жүйесі. Клеткалық және гуморальдық иммунитеттің факторлары, табиғи резистенттілік. (2 сағат)
1.Иммунитет туралы түсінік
2.Иммунитет түрлері
3.Иммунитет жүйе
Иммунитет туралы түсінік
Иммунитет- организмнің патогенді микробтарды, олардың токсиндерін, басқа да биологиялық бөгде заттарды қабылдауға қарсылығы.
Иммунитет- генетикалық бөгде заттардың белгілерін тасушы заттар мен денелерден қорғаныс қабілеті. Олар патогенді бактериялар, бөгде ақуыз, полисахаридтер, липополисахаридтер, өзгерген өздік клеткалар болуы мүмкін. Адам және жануарлар организмі «өздік» және «бөгдені» анық дифференциялайды да, оларға қарсы қорғаныс тудырады. Сөйтіп, иммунитеттің басты мақсаты- «өздік» және «бөгдені» тануында, бұл тіршілікке өте маңызды, ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді-гомеостаз (Бернет, австриялық ғалым, 1964 ж.) иммунитет гомеостазыдың көрсеткіштерінің бірі. Осыған байланысты иммунитет брлық тірі организмге тән.
2.Иммунитет түрлері.
Шығу тегіне байланысты иммунитеттің екі түр болады: туа біткен және жүре пайда болған.
Туа біткен (тұқым қуалайтын, түрлік, генетикалық иммунитет) тұқым қуалау арқылы беріледі.Спецификалықтүрлік қасиет.
Жүре пайда болған – адамның, жануардың өмір сүру кезеңінде пайда болады. Жүре пайда болған иммунитет табиғи және жасанды болып бөлінеді.
Табиғи- ауырып жазылған соң немесе жұқтырудыдан соң пайда болады. Ол өз кезегінде белсенді және пассивті болып бөлінеді.
Белсенді-инфекциядан кейінгі, ұзақтығы 1-2 жыл, кейде өмір бойына. Пассивті- бірнеше аптадан бірнеше айға дейін.
Жасанды –адам көмегімен пайда болады. Ол белсенді (вакцинациядан соң 7-14 күннен соң пайда болып, 1 жылға дейін созылады), пассивті (антитела енгізген соң 15 күнге созылады) болып бөлінеді. Пассивті коллостральді-жүкті әйелдерді иммунизацияланған соң пайда болады. Иммунитетстерильді және стирильді емес болып: стерилді (организм қоздырғыштан құтылады, қабылдамайды), стерильді емес (оранизмде қоздырғыш бар кезде бөлінеді.
Гумаральді- антитела түзуінен, клеткалық- спецификалық Т-лимфацит түзуінен пайда болады.
3. Иммунды жүйе
Организмнің иммунды жүйесі- бөтентекті затқа қарсылық көрсететін мүшелер мен клеткалар жүйесі. Иммунды жүйе бүкіл организмде қан айналымы арқылы таралған.
Достарыңызбен бөлісу: |