Бақылау сұрақтары:
Төмендегі түсінікті білу қажет:
1.инфекция
2.инфекциялық үрдіс
3.инфекциялық ауру
4.патогендік
5.вируленттілік
6.иммунитет
7.антитела
8.антиген
9.белсенді орталық
10.антигенді детерминант
Дәріс №15
Тақырыбы: Астық пен ұнның микрофлорасы. Астықтардың залалдануы.
Астық микрофлорасы, сақтау және өңдеудің микрофлораға әсері
Астық сапасы. (2сағат)
1. Қорғаныстың спецификалық факторлары.
2. Антителаның құрылысы.
1.Адам және жануарлар организмнің көптеген қорғаныс қабілеттілігі бар. Олар патогенді микробтардың енуіне бөгет жасай алады және оны жойып жіберу мүмкіндіктері болады. Бұл спецификалық емес деп аталады (ішкі ортаның тұрақтылығын сақтаудың туа біткен механизмі).Олар организмнің микроорганизмдермен үнемі байланыста болуынан туған. Оларға тері, шырышты қабық, лимфа түйіндері, фагоцитоз, қалыпты антителалар, лизоцим, секреторлық иммуноглобулин А, пропердин, лизиндер, лактоферрин, комплемент, интерферон жатады.
2.Спецификалық факторлар- белгілі бір микроорганизмнің (антиген) әсерінен организмде спецификалық қорғаныс заттары пайда болады, олар антитела деп аталады.
Антиген- генетикалық бөгде зат, олар организмге енгенде спецификалық иммунологиялық реакциялардың дамуын тудырады. Иммунитет туралы айтсақ, онда антигендер-антитела түзілуін шақыратын және олармен реакцияға түсетін заттар. Антигендерге микробтар, олардың токсиндері, бөгде эритроциттер мен сарысулар, вирустар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, жануарлар уы (жылан, шаян, ара),өсімдік улары(рицин, кортин). Антигендер ккөбінесе ақуызды. Сонымен қатар полисахаридтен, липитден, ақуыздан тұратын күрделі түрлері де кездеседі.
Антитела- антигенмен (микроб) әсер еткенде организмнің иммунді жүйесі бөліп шығаратын иммуноглобулиндер мен ақуыздар. Антитела өте спецификалық. Антитела антигенмен реакцияға түсіп, олардың қызметін залалсыздандырады.
Антигендермен реакцияға түсу сипатына байланысты антителалардың түрлі атаулары бар: агглютининдер, преципитиндер, опсониндер, бактериолизиндер, антитоксиндер.
Агглютининдер микробтарды жабыстырып, агглютинация реациясын береді, бұл жағдайда корпускулярлы құрылысы бар микроб антиген болып табылады.
Преципитиндер ақуызға әсер етеді. Мөлдір сұйықтық болып кездесетін бактериялы клетканың немесе тканнің экстракті антиген қызметін атқарады. Опсонин микробты клетканы уландырып, оның фагоцитозын жеңілдетеді. Бактериолизин комплементтің қатысуымен бактерияларды ерітеді. Антитоксин токсиндер қызметін тоқтатады.Антиген мен антителаның өзара әсерлесуі антителадағы белсенді орталықтың есебінен жүреді, ол антигенді детерминанттың кеңістіктегі конфигурациясына сай келеді. Белсенді орталық антигеннің детерминантты тобына комплементарлы болуы керек, кері жағдайда олардың өзара әсері, жабысуы жүрмейді.
Иммунитет туралы ғылымның практикалық маңызы бар. Инфекциялық ауруларда: иммунопрофилактикада, (вакцина, сарысу), иммунотерапияда (емдеу-алдын алу сарысулары,иммуноглобулиндер), диагностикада (диагностикалық иммундық сарысулар мен иммуноглобулиндер, диагностикалық антигендер мен аллергендер, бактериофагтар).
Антигендермен реакцияға түсу сипатына байланысты антителалардың түрлі атаулары бар: агглютининдер, преципитиндер, опсониндер, бактериолизиндер, антитоксиндер.
Агглютининдер микробтарды жабыстырып, агглютинация реациясын береді, бұл жағдайда корпускулярлы құрылысы бар микроб антиген болып табылады.
Преципитиндер ақуызға әсер етеді. Мөлдір сұйықтық болып кездесетін бактериялы клетканың немесе тканнің экстракті антиген қызметін атқарады. Опсонин микробты клетканы уландырып, оның фагоцитозын жеңілдетеді. Бактериолизин комплементтің қатысуымен бактерияларды ерітеді. Антитоксин токсиндер қызметін тоқтатады.Антиген мен антителаның өзара әсерлесуі антителадағы белсенді орталықтың есебінен жүреді, ол антигенді детерминанттың кеңістіктегі конфигурациясына сай келеді. Белсенді орталық антигеннің детерминантты тобына комплементарлы болуы керек, кері жағдайда олардың өзара әсері, жабысуы жүрмейді.
Бақылау сұрақтары:
Төмендегі түсінікті білу қажет:
1.инфекция
2.инфекциялық үрдіс
3.инфекциялық ауру
4.патогендік
5.вируленттілік
6.иммунитет
7.антитела
8.антиген
9.белсенді орталық
10.антигенді детерминант
Достарыңызбен бөлісу: |