Гемолитикалық және жасыл стрептококктардың санитарлық-көрсеткіштік маңызы. Гемолитикалық және жасыл стрептококктар көбінесе адамның ауыз қуысы мен мұрын, жұтқыншақ жолында мекендейді. Жасыл стрептококктар 77-100%, гемолитикалық стрептококктар 24-73% табылады.
Сау адамдардың 10-30% мұрын-жұтқыншақ жолында адамға патогенді стрептококктарды тасушы болып табылады. Күзгі-қысқы-көктемгі кезеңде бұл стрептококтарды тасушылық респираторлы аурулардың санының көбеюіне байланысты өсе түседі. Сонымен стрептококктар адамның тыныс жолының жоғарғы бөлігі мен ауыз қуысын үнемі мекен етеді. Олар сыртқы ортаға көп мөлшерде бөлінеді және оларды мұрын-жұтқыншақ микрофлорасының ауаны ластаушысы ретінде көрсетуге болады.
Жабық ғимараттардағы ауаның санитарлық-көрсеткіш микрорганизмдермен ластануының шегі анықталмаған, бірақ шамамен бақылау мөлшері бар.
Мынандай түсініктерді білу керек: 1.санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдер
2.ішек таяқшалары тобының бактериялары
3. коли-титр
4.коли-индекс
5.жалпы микробпен ластану (жалпы микроб саны -ОМЧ)
Бақылау сұрақтары: санитарлық микробиология нені оқытады?
БГКП жекелеген түрлерінің санитарлық-көрсеткіштің маңызы?
гемолитикалық және жасыл стрептококктардың санитарлық-көрсеткіштік маңызы?
ТИМАЦ тест нені көрсетеді?
БГКП не жатады?
колиметрия дегеніміз не?
санитарлақ-көрсеткіштікке жататын микроорганизмдерді атаңыз?
Дәріс №14 Тақырыбы:Тағам өндірісіндегі микробиологиялық бақылау негізі. Гигиена және санитария түсінігі (2сағат)
1. Спецификалық емес (физиологиялық, табиғи) қорғаныс факторлары
2. Спецификалық қорғаныс факторлары.