Дәріс №1 Тақырыбы


Тоқ ішек бөлімінің тұрақты мекендеушілері



бет31/34
Дата24.11.2023
өлшемі102,4 Kb.
#193306
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
file-8526 19

Тоқ ішек бөлімінің тұрақты мекендеушілері
1.ішек тақшалары тобының бактериялары
2.энтерококктар
3.сульфитредуцирленетін анаэробтар
4.Proteus туыстас бактериялар
5. ішек бактериофагтары


Тыныс жолының жоғарғы бөлімінің тұрақты мекендеушілері
1.жасыл стрептококк/лат/
2.гемолитикалық стрептококк/лат/
3.алтынтәрізді немесе іріңді стафилококк/лат/ аталған микроорганизмдер санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдер тобына жатады.
Ішек таяқшалары тобының бактериялары (БГКП). 1885 жылы Т.Эшерих ашқан. Олар морфологиялық және культуральды қасиеттеріне байланысты бір туыстыққа біріктірілген (Eschericyia). Олар әртүрлі ферментатты қасиеттер мен антигенді структурасымен сипатталады.
Кейбір БГКП туыстарының санитарлық-көрсеткіштік маңызы. Enterobacter туыстас бактериялардың суда, топырақта, тамақ өнімдерінде кездесуі олардың нәтижесін жұққандығын көрсетеді, мұның санитарлық және эпидемиологиялық маңызы бар. Enterobacter, Citrobacter түрлерінің бактериялары нәжістен жұғудың ескергендігін көрсетеді де, олардың санитарлық-көрсеткіштік маңызы төмен. Бұл бактериялар топырақта, суда, өсімдіктерде, аз жағдайда ішекте кездеседі. Бұл бактериялар эшерхияның сыртқы ортада өзгергендігінің нәтижесі.
Ішек бактерияларының топтарын ТИМАЦ бойынша дифференциациялау
Ішек бактерияларының топтарын мынндай белгілеріне қарап дифференциациялайды.
Т-температуралық тест (тест Эйкмана)
И-тест индолтүзу
М-реакция метилқызылымен
А-ацетилметилкарбинолмен реакция (реакция Фогес-Проскауэра)
Ц-цитратты тест
Л-лактозаның ашуы
Осы комплексте кездесетін белгілер БГКП бактерияларының мына үш түрдің біріне жататындығын анықтайды: Enterobacter ,Citrobacter, Escherichia.
Бірақ адам мен жануарлар организмінде , әсіресе олардың ішінде ішек таяқшасының неше түрі кездеседі, олар Escherichia түріне тән емес болады. Бұл түрлі факторлардың, мысалы антибиотиктердің лактозақарсылықты нұсқасы ерекше қызығушылық тудырадыү Бұлар лактозаны ашыту қабілетінен айырылған, өзгеріске ұшыраған эшерихиялар. Олар адам ішек инфекциясымен (брюшной тиф, дизентерия) ауырып, жазыла бастағанда бөлініп шығаы. E ,coli лактозақарсылықты нұсқасының сыртқы орта обьектілерінде кездесуі нәжіспен ластануды көрсетеді, бұл адам үшін эпидемиологиялық қауіп төндіреді. ТИМАЦ кешенінде температуралық, цитратты тест бойынша нәжіс арқылы жұғатын ішек таяшалары бактерияларын сыртқы ортада кездесетін бактериялардан дифференциациялауға болады.
Колиметрия. Сыртқы орта обьектілері мен тамақ өнімдеріндегі ішек таяқшалары бактерияларының санын жүргізу колиметрия деп аталады. Тамақта немесе сыртқы орта обьектісінде ішек таяшалары бактериясының кездесуін анықтау үшін екі микробиологиялық көрсеткішті пайдаланады: коли-титр, коли-индекс. Қазіргі кезде сыртқы ортаның кейбір обьектілерінде ішек таяшаларының кездесу мөлшері анықталған. Мысалы ауыз суда кездесетін ішек таяшаларының титрі 300-ден, пастерленген сүтте 0,3 аспауы керек.
Стрептококктар. Стрептококктар Streptococcus түрінің Lactobacillaсеaе туыстығына жатады. Микробтың бұл түрі өте көп тараған. Олардың арасында сапрофитті және патогенді түрлері бар. Стрептококктардың сапрофитті түрлері (мысалы сүтқышқылы стрептококктары) өсімдіктер мен топырақта; патогенді-тері жабынында, тыныс жолының жоғарғы бөлігінде, ішекте кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет