Бағдарламаларда əр оқушының оқу материалын меңгеруіндегі жеке
мүмкіндігін ескеру мақсатында білім мазмұнының көп деңгейлілігі
қарастырылған. Ең алдымен, пəнді оқуда əр оқушыға бірдей тең мүмкіндік беру
үшін базалық білім мазмұны анықталған. Бағдарламалар осы мазмұнға
сəйкестендіріліп құрылған жəне мұны əр оқушы үшін мектеп ұсынады. Алайда
базалық мазмұнды оқушылардың меңгеру мүмкіндігі біркелкі болмайтыны
заңды нəрсе; одан жоғары деңгейлер болуы əбден ықтимал.
Бұл жағдайда
мұндай оқушылардың мүмкіндігін арнайы факултативтер арқылы қамтамасыз
етуге болады. Бірақ оқушы дайындығының ең аз шегі міндетті деңгейден төмен
болмауы тиіс.
Мектеп биологиясының əлеуметтік-мəдениетке бағдарлануы, табиғи тірі
жүйелерді
біртұтастыққа
қарастыруы
оқушылардың
шығармашылық
қабілеттерін, ақыл-ойын, ғылыми дүниетанымын қалыптастырып дамытуға, тірі
табиғатпен ізгілікті қарым-қатынасқа түсе алатын экологиялық міндетті тұлға
тəрбиелеуге зор мүмкіндіктер туғызады, ғылыми ізденіс жағдайын модельдеуге,
тірі жүйелердің эмоционалдық қатынасын дамытуға, тіршілікті ақылмен жəне
жүрекпен түсінуге жол ашатын нақтылы жағдайлар жасауға «миға шабуыл», оқу
ойындары, «ойға шому» (погружение) сияқты əдіс-тəсілдерді кең қолдануға жол
ашады.
Мектептің 6-10 сыныптарында биологияны оқытудың міндеттері
Қр БжҒМ-
нің бұйрығымен (24.09.2002ж. №693 бұйрық) бекітілген Қазақстан
Республикасы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде
дайындалған оқу бағдарламалары мен оқулықтар арқылы жүзеге асырылады:
6 сыныпта-аптасына 1,5 сағаттан, оқу жылына 51 сағат,
7 сыныпта-аптасына 2 сағаттан, оқу жылына 68 сағат
8 сыныпта-аптасына 2 сағаттан, оқу жылына 68 сағат
9 сыныпта-аптасына 2 сағаттан, оқу жылына 68 сағат
2006-2007 оқу жылынан бастап 10 сыныптар үшін оқу процесіне «ҚР жалпы
білім беретін мектептері үшін оқулықтар мен ОӘК-ді дайындау жəне баспадан
шығару мақсатты бағдарламасына» (26.09.1996ж.,бұйрық №1173) сəйкес
қоғамдық -гуманитарлық жəне жаратылыстану-математикалық
бағыттар
бойынша жаңа буын оқулықтары енді. Базистік оқу жоспарында қоғамдық –
гуманитарлық бағыт бойынша яғни 10,11 сыныптарға аптасына 1 сағаттан, оқу
жылына 34 сағат бөлінген, ал жаратылыстану-математикалық бағытқа аптасына
2 сағаттан, оқу жылына 68 сағат бөлінген.
Орта мектепте (10 – 11 сыныптар) үшін білім беретін негізгі бағдарлама əр
түрлі үш деңгейде анықталады:
-
І
деңгей
биологиялық-гуманитарлық
деңгейдегі
мектептерге
(сыныптарға) арналғна оқу пəні ретіндегі базалық мазмұнын
анықтайды;
-
ІІ деңгей биологияның жалпы білім беретін бағдардағы мектептерге
(сыныптарға) арналған оқу пəні ретіндегі базалық мазмұнын
анықтайды;
-
ІІІ
деңгей
биология-математикалық
бағдардағы
мектептерге
(сыныптарға) арналған оқу пəні ретіндегі базалық мазмұнын
анықтайды.
Барлық деңгейлер үшін биологиялық білім мазмұны инвариантты жəне
вариативті құраушыларды қамтиды. Биологиялық білімнің инвариантты бөлігін
негізгі жəне орта мектепке арналған білім беретін негізгі бағдарлама анықтайды.
Ал вариативті бөлігін мектептегі, аймақтағы педагогикалық үрдістің
ерекшеліктерін ескереді жəне оны білім беретін бағдарлы бағдарлама мен білім
беретін қосымша бағдарлама анықтайды.
Бағдарлама кешені құрылыммен жасалған:
1.
Түсініктеме.
2.
Базалық (инварианттық) білім мазмұны.
3.
Базалық мазмұнның сыныптар бойынша жіктелуі.
4.
Білім, білік,
дағдыларға қойылатын талаптар; міндетті жəне мүмкіндік
деңгейлер.
6-9 сыныптарда «Биологияны» оқыту келесі бағдарламалар бойынша
жүргізіледі:
Биология. Бағдарлама. 6-7 сыныптар. –Алматы: РОНД, 2003 (11.03.05ж.
№148 БжҒМ-нің бұйрығы); Биология. Бағдарлама. 8-9 сыныптар. –
Алматы,2004(11.03.05ж. №148 БжҒМ-нің бұйрығы). Қоғамдық – гуманитарлық
жəне жаратылыстану-математикалық бағыттағы (10-11 сыныптарға арналған оқу
бағдарламалары 18.10.2005ж. ҚР БжҒМ-нің №672 бұйрығымен) бекітілген.
Биология. Бағдарлама, 10-11 сыныптар. Жаратылыстану-математика бағыты.
Жұмағұлова Қ.Ә., Жаңабердиева Қ.Ә., Сəтімбетова Р. –Алматы: Ы.Алтынсарин
атындағы ҚБА, 2006; Биология. Бағдарлама,10-11 сыныптар қоғамдық –
гуманитарлық бағыт. Жұмағұлова Қ.Ә., Сəтімбетова Р. –Алматы: Ы.Алтынсарин
атындағы ҚБА, 2006.
Достарыңызбен бөлісу: