Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет1/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован



 
Дәріс №1
 
Тақырыбы: 
Биологияны оқыту теориясы мен əдістемесінің жалпы білім 
беретін мектепте дамуының негізгі кезеңдері.
 
Дәріс жоспары
1. Биологияны оқыту теориясы мен технологиясының жай-күйін анықтайтын 
биологиялық 
білім 
беру 
дамуының 
үрдістері: 
саралау, 
кіріктіру, 
экологияландыру, 
ізгілендіру, 
гуманитарландыру, 
іргелендіру, 
технологияландыру, интенсивтендіру. 
Дәріс мазмұны
Биологияны оқыту əдісі педагогикалық ғылымдар саласына жатады, 
сондықтан пəннің құрылымы оқытудың жалпы білім беру жəне тəрбиелеу 
міндеттеріне сай түзіледі. 
Биологияны оқыту əдісі мектеп биология пəндерінің ерекшеліктеріне 
байланысты білім беру жəне тəрбиелеу процестерінің жүйесі туралы ғылым. 
Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің биология пəндеріне тəрбиелеп, оқыту 
процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Биологияны оқыту əдісі, биологиялық 
мазмұнды, оқыту ерекшеліктерін ескре отырып, мектептегі барлық пəндерді 
оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі. 
Мұғалімнің оқу материалын оқушылардың саналы түрде меңгеруін, оны 
өмірде қолдана білу дағдыларына үйрету жолдарының тиімді əдістерін үйретеді. 
Қысқаша айтқанда əдістеме-оқу пəнінің мазмұнын жəне оқыту формалары 
мен тəрбиелеу жолдарын қарастырады. Әдістеменің аталған бөлімдері бірін-бірі 
толықтарады жəне тығыз байланыста, бірлікте болады. Оқыту жұмыстарының 
құралдары мен жабдықтарын да анықтайтын осы-əдістеме. Қорыта айтқанда, 
биологияны оқыту əдісі дегеніміз биологияны қалай оқыту керек, нені үйретіп 
қалай тəрбиелеу керек, биологияны не үшін оқу керек?-деген сұрақтарға жауап 
береді. 
Биология-оқу пəні ретінде-оқыту əдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен 
сипатталады, онда нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) жəне тірі 
табиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын оқытады. Бұл ерекшеліктер оқыту 
жұмыстарын ұйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді 
(топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс жəне үй жұмыстарын, 
сыныптан тыс орындалатын жұмыстар т.б.). Сонымен бірге оқыту əдістері-
практикалык 
жұмыстар
лабораториялық 
жұмыстар, 
эксперименттер, 
тəжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану арқылы жүргізіледі. 
Биология пəнінің мазмұны жəне оның өзіндік ерекшеліктері, оқытудың 
əдістерін, тəсілдерін анықтаумен шектелмейді оның тəрбиелік мүмкімдіктерін де 
анықтайды. 
Тірі ағзалардың нақты фактілерін, табиғат құбылыстарының бір-бірімен 
байланысын, тірі табиғаттың даму эволюциясының заңдылықтарын оқып-білу 
оқушылардьң 
ғылыми, 
диалектикалық-материалистік 
көзқарастарын 
қалыптастырады. 


Биологиялық білім қоршаған табиғи ортаның маңызын, табиғатты қорғау 
қажеттілігімен қалпына келтіру шараларын, қоғамдық жəне жеке еңбектің 
гигиенасының 
маңызын 
түсінуге, 
оқушыларды 
өмірге 
бейімдеп, 
политехникалық білім алуға мүмкіншілік туғызады. 
Атақты педагог К.Д. Ушинский айтқаңдай «Оқушылардың ақыл-ойын
логикасын дамыту үшін, жаратылыстану тарихын оқыту тиімді - деп 
есептеймін». Себебі тірі табиғаттың объектілерін бір-бірімен салыстыру, 
анықтау, эксперименттер қою, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуын 
қамтамасыз етеді. Сабақ кезінде орындалатын практикалық жұмыстар, 
зертханалық жұмыстар, оқу-тəрбие учаскесі, тірі-табиғат мүйісі, жас 
табиғатшылар үйірмесіндегі орындалатын жұмыстардың үлкен тəрбиелік мəні 
бар: оқушылардың танымдық қызығушылығын, ұйымдастыру қабілеттілігі мен 
қоғамдық дағдыларын, еңбек мəдениетін жəне көпшілік сезімін дамытады. 
Табиғаттың көркемділігі, оның байлығымен танысу, əсіресе топсеруен 
кездерінде отаншылдық жəне эстетикалық сезімдерін тəрбиелейді. Табиғатты 
сүюге, аялауға, қорғауға бағытталған тəрбие жұмыстары жеке бастың этикалық 
ерекшеліктерін де қалыптастырады.
Биологияны оқыту əдісі: жалпы биологияны оқыту əдістемесі жəне арнайы 
биологияны оқыту əдістемесі-болып екіге бөлінеді. 
Жалпы биологияны оқыту əдісі-мектеп биология курстарының пəндерінің 
мазмұны мен əдістеріне байланысты мəселелерді қарастырады. Аталған 
пəндердің бірізділігі, біртұтастығы жəне тəрбиелеп оқытудың-элементгерінің 
дамуы, биологияны оқытудың жүйесін анықтайды. Білім беру, оқытудың 
жүйелілігі 
оқушылардың 
саналы 
түрде 
білім 
қалыптастыруы 
мен 
тиянақтылығын анықтайды. 
Арнайы əдістер биологияның жеке-жеке 
курстарына арналған жəне сол курстың мазмұнына сай, оқушылардың жас 
ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Арнайы əдістерде сабақтардың 
əдістемесі, экскурсиялар, сабақтан тыс жұмыстар, сыныптан тыс жұмыстар 
қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет