Дәріс 1 Тақырып: Мұнай өнімдерін парафинсіздендіру процесінің қысқаша сипаттамасы


Процестің негізгі параметрлері төменде келтірілген



бет4/6
Дата20.11.2023
өлшемі487,66 Kb.
#192281
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 1 (копия)
Зертханалық жұмыс 2 Алдияр — копия
Процестің негізгі параметрлері төменде келтірілген:
Комплекс түзілу температурасы, оС ... 20
Ерітіндідегі карбамидтің мөлшері, % (мас.) ... 38-40
Изопропил спиртінің концентрациясы, % (мас.) …60-62
Қату температурасы минус 45°C болатын қысқы дизель отынын алу мақсатында дизель отынын карбамидпен парафинсіздендіру процесінің материалдық балансы [% (мас.)]:
Келіп түсті
Шикізат (фракция 200-350°C) 100,0
Барлығы … 100,0
Алынды
Парафинсіздендірілген дизель отыны… 85,0
Парафин … 14,1
Шығындар 0,9
Барлығы 100,0

Қазіргі уақытта қысқы және арктикалық дизельді отын алу үшін карбамидті парафинсіздендіру процесі отынның төмен шығымы мен пайдалану қиындықтарына байланысты іс жүзінде қолданылмайды.




4. Дизель отынын карбамидпен парафинсіздендіру қондырғысының принципті сұлбасы. "Жекса-Эделеану" процесі

Сурет 1. "Жекса-Эделеану" процесс қондырғысының принципті сұлбасы
1-реактор; 2-сүзгі; 3, 4-ректификациялық бағандар; 5-компрессор; 6-тоңазытқыш; ағындар: І-дихлорметан; ІІ-фильтрат, III-парафинсіздендірілген дизель отыны; ІV-карбамидті комплекс, V-парафин ерітіндісі; VI-сұйық парафин; VII-карбамид ерітіндісі; VIII-карбамидтің концентрацияланған ерітіндісі; IX-су; X-су буы; С-сүзу; КЫ - комплекстің ыдырауы; КЕБ -карбамид ерітіндісінің булануы

Отынды парафинсіздендіру - бұл отынның қату температурасын төмендету және сонымен бірге сұйық парафиндер алу мақсатында оларды жоғары температурада қататын қ-алкандардан тазарту процесі.


"Жекса - Эделеану" карбамидпен парафинсіздендіру қондырғысы (1-сурет) сулы карбамид ерітіндісі дизель отынымен жанасқан кезде қатты комплексті қосылыстың (аддуктің) түзілу принципі бойынша жұмыс істейді.
Карбамидтің қаныққан ерітіндісі (қанығу температурасы 80°C) 20-25°С температурада жеңіл қайнайтын еріткіш - дихлорэтан қатысында шикізатпен (дизель отынымен) 30-40 минут ішінде қарқынды араластырылады.
Содан кейін парафинсіздендірілген дизель отынының аддуктпен қоспасы 2-сүзгілерге түседі, сол жерден фильтрат (II) дихлорметанды (I) және төмен температурада қататын дизель отынын (ІІІ) алу үшін регенерация бағандарына түседі. Дихлорэтанмен жуылған аддукт табасы (IV) су буымен (Х ) комплексті ыдырату түйініне (КЫ) өтеді, содан кейін дихлорметанмен сұйық парафин ерітіндісі регенерацияға кетеді, нәтижесінде дайын сұйық парафин (VI) алынады.
Карбамид ерітіндісі (VII) карбамид ерітіндісін қажетті қанығу температурасына (80°C) дейін буландыру үшін карбамид ерітіндісі буландыру (КЕБ) бөліміне жіберіледі және қанықтырылған соң реакторға қайтарылады.
Бұл процесте тек 50-60% парафин бөлінеді, сондықтан дизель отынының қату температурасы тек 20-25°C-қа дейін төмендейді, бұл, әрине, қысқы отын алу үшін жеткіліксіз.
Сұйық парафин де төмен сапада алынады: оның қ-алкандар бойынша тазалығы 96% - дан аспайды; сондықтан оның тұтынушылық мәні аз.
Ішінара осы себептерге байланысты бүкіл әлемде карбамидпен парафинсіздендіру процесі кеңінен қолданылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет