Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тəн құрылымының бірі – пішін түзуі, яғни топырақтың морфологиясының қалыптасуы. Осы арқылы топырақтар бір-бірімен жəне өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтың құрылымымен шатастырмау керек. Топырақ – əртүрлі морфологиялық көріністерден құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді оның бір-бірінен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы бар генетикалық қабаттарынан іздестірген жөн.
Жер үстінде топырақтардың географиялық таралуының заңдылықтарын тұжырымдай келе топырақ жамылғысы көп факторлардың əсерінен түзіліп, құрылысы мен қасиеттерін географиялық ортаның ықпалынан қалыптастыратынын байқаймыз. Сондықтан табиғатта топырақ жамылғысы Жер бетінің кеңістігінде əр түрлі топырақтардан қалыптасқан болады.
Жер бедерінің өзгешелігіне, аналық тау жынысының қасиеттеріне жəне басқадай жағдайларға байланысты топырақ жамылғысы құрылымымикро, мезо жəне макрокомбинациялар құрап, топырақ жамылғысы құрылымының белгілі бір түрін қалыптастырады.
Микрокомбинациялар ұсақ ауданды (бірнеше немесе ондаған шаршы м) Жеке топырақ алаптарыЖТА-ның кезектесіп орналасуымен сипатталады.
Көбінесе, ол жер бедерінің ұсақ өзгешелігіне байланысты.
Мезокомбинациялар ірілеу ауданды жеке топырақ алабы мен микрокомбинациялардың кезектесіп орналасуымен сипатталады. Олар жер бедерінің орташа өзгерістерімен немесе аналық тау жынысының кеңістікте өзгеруімен сыбайлас келеді.
Макрокомбинациялар – мезокомбинациялардың жер бедерінің ірі өзгерістеріне байланысты алмасып отыруы.
Бақылау сұрақтары.
Топыраққұраушы факторлардың маңызы?
2.Топырақ түзуші факторларды жіктеңіз.
3.Топырақтың түзілуі үшін ең алдымен, не қажет?
4.Үгілудің қандай түрлері бар?
5.Топырақ түзілу процесі туралы айтыныз.
6.Топырақ пішінінің қалыптасуы.
Қолданылған әдебиеттер:
Елешев Р.Е. және т.б. Топырақтану практикумы. А., 2006ж
Жамалбеков Е, Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А, 2006
Тазабеков Т.Т. және басқалар. Жалпы топырақтану. Алматы. 2005ж.