Бұл құбылысқа табиғат күштерінің, әсіресе температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың әсері ерекше.
Бұл құбылысқа табиғат күштерінің, әсіресе температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың әсері ерекше.
Алғашқы топырақ түзілу процесі
Алғашқы топырақ түзілу процесі
Топырақ планетарлық қабаттардың (литосфера, атмосфера, гидросфера, педосфера, биосфера) шекарасында жайғасып, солардың бір-бірімен өзара қатынасынан дамып, геосфераның ерекше қабығы педосфераны, яғни Жердің топырақ жамылғысын түзеді. Сонымен бірге, топырақ Жер шарының тіршілік дамыған аймағы – биосфераның негізгі компоненті. Топырақтың табиғаттағы рөлі өте зор. Ол жер бетінде тіршіліктің дамуына қолайлы орта. Топырақ – өзі тіршіліктің туыңдысы бола тұрып, сол тіршіліктің өмір сүруінің де негізі.
Топырактың Жер геосферасында алатын орны.
Yлкен геологиялық зат айналымның жалпы сызбанұсқасы (В. А. Ковда, Б. Г. Розанов, 1988)
Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық жəне кіші биологиялық айналымы өтеді.
Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық жəне кіші биологиялық айналымы өтеді.
Биологиялық кіші зат айналымы кезінде, ең алдымен, аналық тау жынысынан, кейін топырақтан өсімдіктермен коректік элементтер алынады. Олардан суға ерімейтін күрделі органикалық қосылыстар түзіледі. Əр жылы өсімдіктерден қурап түскен органикалық қалдықтардан қоректік элементтер бірге түсіп, топыраққа қайтып оралады. Биологиялық кіші зат айналымның негізгі нəтижесі – қоректік элементтер топырақтың жоғарғы тамырлы қабатында шоғырлануы, құнарлы топырақтың түзілуі. Ал геологиялық үлкен заттар айналымы жер қойнауындағы жəне жер бетіндегі тау жыныстарының өзгеруі мен қозғалуын қамтиды, құрғақ жер мен теңіз арасындағы геологиялық үлкен зат айналымы нəтижесінде борпылдақ үгітілу қабаты құралып; топырақтың түзілу процесінің негізі қаланады. Жер бетіндегі осы екі айналымның арасындағы байланыс топырақ арқылы өтеді.
Топырақтың тағы бір функциясы – ол ауа жəне су сферасының химиялық құрамдарын реттейді. Фотосинтез арқылы өсімдіктер тотыққан көмірді сіңіреді де, көміртегі тотығынан құралатын органикалық қосылыстар синтезін өткізеді. Жапырақтары мен тамырлары СО2 көміртегі тотығын жəне судан келетін сутегін пайдаланып, атмосфераға еркін молекулалы оттегін О2 бөліп шығарады. Жалпы топырақ арқылы жер бетінде бүкіл биосфералық құбылыстар реттеледі. Топырақ – адамзат үшін өлшемі жоқ, баға жетпейтін байлық жəне құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің негізі.