Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бӨлім
1. Саяси институттар
2. Негізгі заңдар
Қорытынды
Қолданылған Әдебиеттер
Кіріспе
Жүйе дегеніміз – құрылымы күрделі, құрамындағы бөліктері өзара ретті ұйымдасқан әрібағытталған тәуелді байланыста бола отырп, ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде іс-әрекет атқарып, дамып отыратын құбылыс.
Осы тұрғыдан алғанда қоғам – объективті заңдылықтар негізінде қалыптасатын, тұтастық сақтайтын, қызмет атқарып, дамып отыратын әлеуметтік жүйе. Оның негізінде материалдық өндіріс әдісі жатады. Қоғамдық жүйені түрлі таптар мен әлеуметтік топтар, олардың мүдделерін бейнелеп, іске асуын қамтамасыз ететін түрлі институттар (мемлекеттік мекемелер) мен механизмдер және олардың арасындағы өзара тығыз да ретті байланыстар құрайды. Қоғам құрамында сан алуан кіші жүйелер бар: дара адам, отбасы, ұжым, әлеуметтік топ, саяси ұйым мен қозғалыс, т.б. Оларды экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани жүйелер деп салалар бойынша да жіктеуге болады.
Саяси жүйе қоғамдағы сан түрлі әлеуметтік топтардың түпкілікті мүдделерін бейнелейді, оларды іске асыруғаарналғантүрлі элементтер мен механизмдерді біріктіреді және олардың саясатқа байланысты өзара қарым-қатынасын тұтастырып отырады. Оның қызмет атқару механизмдері тұрақтылық пен өміршендікті қамтиды. Бұл механизмдер арқылы қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар шешіліп, түрлі топтардың ұйымдар мен қозғалыстардың т.б. іс-әрекеттері реттеліп отырады.
Саяси жүйенің құрылымын анықтауда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Соның ішінде орыс ғалымы М. Х. Фарушкин ұсынған жіктеме соңғы кезде саясаттанушылардың оң ықыласына ие болып отыр. Саяси жүйенің басты элементі, өзегі – саяси билік. Себебі, түптен келгенде бүкіл саяси жүйе саяси билікті қамтамасыз етуге қызмет етеді. Ол қоғамдағы барлық адамдардың мүддесіне қатысты.
Саяси билік
Саяси жүйе
Саяси институтар, (ұйымдар, мекемелер)
Саяси қатынастар
Саяси сана мен мәдениет
Саяси принциптер мен нормалар
Тікелей саяси институттар
(мемлекет, саяси партиялар)
Жанама саяси институттар
(кәсіподақ, жастар ұйымы, т.б.)
Саяси емес құрылымдар
Саяси жүйенің құрылымы негізінен алғанда элементтердің төрт түрлі тобынан құралады: саяси институттар (ұйымдар мен мекемелер); саяси қатынастар; саяси принциптер мен нормалар және саяси сана мен саяси мәдениет.
Жүйе құрамында саяси биліктің қызмет атқаруы саяси институттарарқылы жүргізіледі. Ол өз ретінде бірнеше тарамдарға бөлінеді: тікелей саяси институтар, жанама саяси институттар және саяси емес құрылымдар.
Саяси жүйенің мәні оның атқаратын қызметінен (функцияларынан) көрініс табады. Әртүрлі пікірлерді жинақтай келе саяси жүйенің басты функциялары есебінде мыналарды атауға болады:
1. Саяси жүйе – қоғамның ахуалының, сыр-сиаптының, даму қайшылықтарының бейнесі. Одан экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, демографиялық құрылымдар мен рухани жағдайдың болмысы көрініс табады.
2. Саяси жүйе арқылы әлеуметтік мүдделер іріктеліп, топтастырылады, олардың ішіндегі бірінші кезекті маңыздылары анықталады.
3. Саяси жүйе біріктірушілік, топтастырушылық міндет атқарады(консенсус, тұрақтылық, тұтастық).
4. Маңызды әлеуметтік мүдделердің саяси шешім табуын және іске асуын қамтамасыз етеді.
Ортақ мәнді белгілері болғанына қарамастан әрбір қоғамның өз ерекшеліктерін қамтып, бойына сіңірген өзіндік саяси жүйесі болатыны даусыз. Сондықтан да алуан түрлі саяси жүйелерді салыстырмалы түрде қарастырып жіктеуге, топтсатыруға және типтік түрлерін анықтауға болады. Бұл ретте де саясат туралы ғылымда саяси жүйелерді әртүрлі өлшем тұрғысынан жіктеу орын алған:
Маркстік тәсіл, мәселен, қоғамның формациялық түрде дамуын және әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және коммунистік саяси жүйелерді ажыратады.
Биліктің әлецметтік негізіне қарай әскери және азаматтық, ұлттық-демократиялық және буржуазиялық-демократиялық саяси жүйелерді бөлуге болады.
Саси жүйелер қоғамдағы саяси режимдердің сипатына қарай демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық жүйелер есебінде қаралады.
Саяси жүйелер өзінің ұстанған бағытына, тұрақталағы мен өзгергіштігіне қарай консервативті және трансформацияланушы жүйелер болып бөлінеді.
Дәстүрлі және жаңғырған (модернизацияланған) жүйелер туралы да айтуға болады. Дәстүрлі жүйеде биліктің харизматикалық түрі үстем, азаматтық қоғам жетілмеген. Керісінше, осы заманғы жаңғырып, жаңарған жүйеде дамыған азаматтық қоғам бар, саяси рольдер нақтыланған.
Саяси жүйелер ашық және жабық, орталықтандырылған және жергілікті билік буындарына дербестік берілген, т.б. болып бөлінеді.
Саясаттанушы ғалымдар көбінесе саяси жүйелердің Г. Алмонд жасаған жіктемесіне ой тоқтатады. ОЛ басты өлшем ретінде саяси мәдениет айырмашылығын басшылыққа ала отырып, саяси жүйелердің мынадай типтерін жіктейді: англо-американдық, континентальды-еуропалық, жарым-жартылай индустрияландырылған және индустрияландырылмаған; тоталитарлық.
Достарыңызбен бөлісу: |