Қорытынды Қолданылған Әдебиеттер Кіріспе



бет3/17
Дата21.10.2022
өлшемі168 Kb.
#154458
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ref 1388

ПРЕЗИДЕНТ
ҚР-ның Президенті – мемлекеттің сайланып қойылатын басшысы, ондағы ең жоғары лауазымдық тұлға.
Президент кең өкілдіктерге ие: Үкіметті құрады, Парламенттің келісімімен Премьер-министрді тағайындайды, оны қызметтен босатады; Парламенттің жоғарғы палаталарын құруға белсене қатысады; заңдар мен заңдық күші бар жарлықтар шығаруға құқылы; республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды; Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштер жоғарғы басшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жүргізу жөніндегі Санақ комитетінің төрағасын 5 жыл мерзімге тағайындайды, төтенше сипатты жағдайларда елдің бүкіл территориясында төтенше жағдай енгізуге құқылы; азаматтарға кешірім беруді, т.б. жүзеге асырады.
Президент мынадай жағдайларда Парламентті тарата алады: 1) Үкіметке сенімсіздік вотумы білдірілгенде; 2) Премьер-министрді тағайындауға келісім беруден парламент қатарынан екі рет бас тартқанда; 3) Парламент палаталарының арасында немесе Парламент пен мемлекеттік биліктің басқа да тармақтарының арасында болған елеулі пікір алшақтығынан дағдарыс туғанда.
1998 ж. қазанда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев конституциялық реформа жүргізуді ұсынды. Депутаттар мен мемлекет басшысының арасындағы конституциялық реформаның өзекті мәселелеріне қатысты кейбір пікір алшақтықтары шешімін тапқан, парламентариларийлермен болған пікір алмасудан кейін, 1998 ж. 7-қазанда, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің біріккен мәжілісінде біздің еліміздің 1995 жылғы Конституциясына алғашқы түзетулер енгізіліп, “ҚР-ның Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР-ның Заңы қабылданды. Негізгі Заңға барлығы 19 түзету енгізілді, бұлар Презиленттің, Парламенттің, Үкіметтің, елдегі сайлау тәртібінің конституциялық-құқықтық мәртебесіне тиісінше әсер етеді. Осы түзетулер арқылы Президенттің өкілеттік мерзімі 5-тен 7 жылға дейін ұзартылды: Президенттікке сайлануды 65 жаспен шектейтін шарт алынып тасталынды; сайламды жарамды деп тану үшін кемінде 50% сайлаушылар дауыс беру керектігі туралы талап алынып тасталынды; сондай-ақ, Президент мерзімінен бұрын қызметінен кеткен немесе қайтыс болған жағдайда оның міндетін уақытша атқару тәртібі енгізілді.
1999 ж. кезектен тыс Президент сайлауы өткізіліп, Н. Ә. Назарбаев жеңіске жетті.
2000 ж. 27-маусымда ҚР Парламенті палаталарының біріккен отырысында республика басшысының өмірлік мәртебесін анықтаған “ҚР-ның тұңғыш президенті туралы” ҚР-ның конституциялық Заңы қабылданды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет