ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ
Қазақстан Республикасының қазіргі заңы бойынша құқық қорғау органдарына; Прокуратура, Ішкі істер министрлігі органдары, Кеден комитеті, Әділет министірлігі органдары, Қаржы полициясы, Адвокатура, Нотариат жатады.
Прокуратура органдары қызметіндегі негізгі бағыт – адам мен азаматтың еркі мен құқығын, мекемелер мен мемлекеттің мүддесін сақтауды бақылау, заңдардың, Республика Президенті Жарлықтарының және басқа да нормативті-құқықтық актілерінің нақты әрі біркелкі қолданылуын бақылау.
Ұлттық заңнаманың даму тарихында Прокуратураның құқықтық жағдайы алғаш рет жоғарғы өкілетті орган қабылдаған Заңмен емес, заң түріндегі нормативті актімен анықталды.
Сол секілді Ішкі істер министрлігі органдарының құрылу процесіндегі ерекше оқиға болды. Өйткені ол дербес құқық қорғаушы орган ретінде Қазақстан Республикасының заңы бойынша алдын ала тергеу мен жауап алу, жедел іздестіру қызметі, сонымен қатар қоғамдық тәртіп пен ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтардың бас бостандығы мен құқығына және қоғам мен мемлекеттің мүддесіне озбырлық жасаушылар мен қылмысты болдырмау міндеттерін жүзеге асырады.
Ұлттық қауіпсіздік мәселелері Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен егемендігінің орнауына байланысты ерекше мәнге ие болды. Кеден органдары жүзеге асыратын кеден саласы ( кеден ісі, кеден саясаты) да ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің бірі болып табылады. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізгі міндет мемлекеттің экономикалық, саяси, идеологиялық біртұтастығын сақтайтын ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелді.
Әділет министірлігі органдары – республиканың саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінің құқықтық негіздерін орнықтыруға көмектесетін органдар жүйесін құрайды.
Нотариат – бұл нотариалды қызмет арқылы шешілетін жеке адам, мекеме және мемлекеттің заңды түрде бекітілген жүйесі.
Адвокатура азаматтардың өздерінің құқығы мен бостандығы сот арқылы қорғау, кәсіби заң көмегін алу құқығын орнықтырған Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы бойынша және 1997 жылғы 5 желтоқсанында қабылданған «Адвокаттық қызмет туралы» Заңға сәйкес қызмет істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |