Қорытынды Қолданылған Әдебиеттер Кіріспе



бет10/17
Дата21.10.2022
өлшемі168 Kb.
#154458
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
ref 1388
0001d066-4e2948d3, 0001d066-4e2948d3, 6 сынып тапсырма №1, 5-с деңгейлік тапсырмалар, Экономикалық география сөж, Ақсеңгір ОМ

Отбасынеке заңдары


1998 ж. 17 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы ттуралы” Заңы отбасы құқығынынң негізі болып табылады. Бұл заң қабылданғанға дейін елдегі отбасы-неке қатынастары 1970 жылғы ҚазақКСР-інің “Неке мен отбасы туралы кодексімен” реттелді. Бұл жағынан жаңа заң ерлі-зайыптылардың жалпы ортақ меншігінің тәртібін қайта қарауға үлкен көңіл бөлді. Бұрынғы заң кәсіпкерлік қызметтің дамуына кедергі жасады, мысалы, кәсіпкер отбасы мүшесіне жеке кәсіпорын құруына мүмкіндік берілмеді, өйткені ол автоматы түрде ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіне айналды. Кәсіпкер отбасы мүшесін материалдық базамен қамтамасыз етіп әрі оның жұбайын кәсіптік қызметтің қолайсыз мүліктік зардаптарынан сақтау үшін жаңа заң күйеуі мен әйелі арасында неке келісімінің жасалуын қарастырды, мұнда ортақ үлестік немесе некеде тұрған кезде алынған мүлік меншігін бөлу жүйесін нақтылы саралауға болады.
Кәмелетке толмаған ата-аналардың мүддесін қорғай отырып, заң неке жасын 2 жылға дейін төмендетуге рұқсат берді, ал бұрынғы заңда тек 1 жылға дейін түсірілетін. Бүгінгі күні неке жасы ерлерге де, әйелдер үшін де 18 жас болып табылады.
Отбасы-неке заңының тағы бір жаңалығы - ерлі зайыптылардың қос фамилия алуына мүмкіндік тууы. Және сот алимент мөлшерін көбейтуге не болмаса азайтуға құқылы, ал кейбір жағдайларда әр жақтың материалдық және отбасы жағдайын ескере отырып төлеммен босата алады. Заңда алимент төлеушінің мүлкін тартып алу мүмкіндігі қарастырылған. Алиментті ақшалай сомамен өндіріп алғанда заң арқылы алимент индексациясы ескерілген.
Борышты алимент төлеуші алимент алушыға айып төлейді. Заң бойынша алимент келісімдерін құру мүмкіндіктері берілген.
Заң кәмелетке толмаған балаларды шет ел азаматтарының асырап алуын, баланы тәрбиелеуге беру туралы (патронат) еркін келісім негізіндегі жүзеге асырылтаын балаларды тәрбиелеудің жаңа түрін ескерген.


Әкімшілік заңдары
Әкімшілік заңындағы жаңалық барлық деңгейдегі әкімшілік-территориялық бірлікте әкім сайлау институтын қалыптастыру болды.
2001 жылдың 1 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды Қазақстан Республикасындағы жаңа құқықтық жағдайға сәйкес қамтуға берді.
Мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте әкімшілік жазалау шаралары кеңейтілді, сонымен қатар кодекске “Әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары” деген 57-бап қосылды. Мынадай бөлімдер дербес белгіленген: “Әкімшілдің жауапкершілік пен әкімшілдік жазаға тартудан босату”, “Кәмелетке толмағандардың әкімшілдік жауапкершілігі”, “Азаматтардың сайлау құқығына әкімшілдік озбырлық жасау құқық бұзушылығы”, “Кәмелетке толмағандар құқығына әкімшілдік озбырлық жасау құқық бұзушылығы”, “Кәсіптік қызмет саласында әкімшілдік құқық бұзушылық”, “Жеке адам құқығыа әкімшілдік озбырлық жасау құқық бұзушылығы”, “Әкімшілік коррупциялық құқық бұзушылық”, “Дәлелдер мен дәлеледеу”.
Қазақстан Республикасында өткізілген құқықтық реформаға сәйкес, бұл саладағы маңызды бағыттардың бірі коррупциялық (ұйымдасқан қылмыс) құбылыстармен күрес болып табылады. “Әкімшілдік коррупциялық құқық бұзушылық” деген 30-бөлемде құқық бұзушылыққа жататын мынадай нормалар бар:

  • қаржылық бақылау шараларының бұзылуы;

  • мемлекеттік қызметтерді атқару өкілеттігі бар немесе соларға теңестірілген жеке адамдарға заңсыз материалдық сый беру;

  • заңды тұлғаларға заңсыз материалды сый беру;

  • заңсыз кәсіпкерлік қызмет жасау және мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы заңсыз кіріс алу;

  • коррупциялық құқық бұзушылық фактісі ткралы біле тұра өтірік мәлімет беруі;

  • мемлекеттік органдар басшыларының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте шаралар қолданбауы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет