1998 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Қазақстан Республикасының “Қылмыстық кодексінде” құқықты қорғауды қажет ететін әлеуметтік құндылықтардың дәрежесі мен рөлі қайта қаралды. Қазіргі қоғамдық-саяси және экономикалық құрылыс әлеуметтік құндылық сатыларына жаңа бағыт пен басқа көзқарасын бейнелейді. Жаңа Қылмыстық кодексте саясат мүддесіне (республиканың конституциялық құрылысын, оның саяси және экономикалық жүйесін қорғау) қарағанда, бірінші орынга дам мен азаматтық құқық, бостандық және заңды мүддесі мен оның жеке меншігін сақтау мәселесі шықты. Тек осыдан кейін ғана ұйымдардың құқық және заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қоршаған ортаны, Конституциялық құрылыс пен территориялық бүтіндікті сақтау және қоғам мен мемлекет мүдделерін қылмыстық озбырлықтан қорғау туралы айтылады. Осыған сәйкес Қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінде (осыған сәйкес Қылмыстық заңдарда түгелдей) қылмыстық жауапкершілік шегін анықтайтын және шектеулі жазалау шаралары қолданылатын нормалар бар. Дербес тараулардағы нақты нормаларда жүйелі түрде: қылмыс заңы деген не; не нәрсе қылмыс болып саналады; жазалау дегенді қалай ұғуға болады; жаза белгілеудегі жағдайлар қандай; адам қылмыстық жауапкершілік пен жазадан қандай жағдайларда босатылады; кәмелетке толмағандар үшін қылмыстық жауапкершілік қашан басталады; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қандай деген сұрақтар анықталады.
Осылардан көрініп тұрғанындай, жеке адамның дәлелсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмауына кепілдік берілуін қамтамасыз ету – ең басты мақсат.
Қылмыс кодексінің ерекше бөлімі қылмыс деп аталатын қоғамға қауіпті әрекеттерді, олардың белгілерін және ол үшін қолданылатын жазалау шараларының нормаларын қамтиды.
Қазіргі Қылмыс кодексінің дербес бөлімдерінде мынадай қылмыстар анықталған: 1) жеке адамға қарсы; 2) отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы; 3) конституциялық құқық пен адам және азамат бостандығына қарсы; 4) бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы; 5) конституциялық құрылыс негізі мен мемлекет қауіпсіздігіне қарсы; 6) жеке меншікке қарсы; 7) экономикалық қызмет саласындағы; 8) коммерциялық және басқа ұйымдардағы қызмет мүддесіне қарсы; 9) қоғам қауіпсіздігі мен қоғам тәртібіне қарсы; 10) тұрғындар денсаулығы мен адамгершілікке қарсы; 11) экологиялық; 12) көліктегі; 13) мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы; 14) басқару тәртібіне қарсы; 15) әділ сот пен жазалау шараларын орындау тәртібіне қарсы; 16) әскери.
Достарыңызбен бөлісу: |