Қорытынды Қолданылған Әдебиеттер Кіріспе



бет13/17
Дата21.10.2022
өлшемі168 Kb.
#154458
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ref 1388

Салық заңдары


Қазақстан Республикасының салық заңдары республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салық түріндегі міндетті төлемдерді белгілейтін және Қазақстан Республикасындағы салық қатынастарын тәртіпке келтіретін (Қазақстан Республикасының кеден ісі жөніндегі зеңмен реттелетін кеден төлемі мәселелері, қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемдер мен арнайы заң арқылы реттелетін табиғи қорларды пайдаланғаны үшін төленетін міндетті төлемдер, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнеткерлік жарналар жөніндегі нормативті құқық актілерінен басқа) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі “Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы” Заңынан, “Транчфертті бағаларды қолдануға мемлекеттік бақылау туралы” Заңынан, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасы Мемлкеттік кіріс министрлігінің актілерінен тұрады.
Қазақстан Республикасы территориясындағы салық тікелей және жанама болып бөлінеді. Соңғысына қосылған бағаға салынатын салық пен акциздер жатады. Қалғандары – тікелей салықтар.
Қазақстан Республикасында төмендегідей салықтар, жиналатын ақшалар және басқа да міндетті төлемдер бар: мекемелер мен жеке адамдардан алынатын кіріс салығы; қосылған бағаға салық; акциздер; құнды эмиссия қағаздарын тіркеу үшін және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын акциялар эмиссияларының ұлттық идентификациялық нөмірін иелену үшін төленетін ақшалар; жер қойнауын пайдаланушыларға арналға төлемдер мен салықтар; әлеуметтік салық; автотранспорт құралдарынынң Қазақстан Республикасының территориясымен жүріп өткені үшін жиналатын ақша; жер салығы; мекемелер мен жеке адамдар үшін мүлік салығы; транспорт құралдарын салық; бірыңғай жер салығы; кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдарды және мекемелерді тіркеу үшін жиналатын ақша; қызметтің жекелеген түрлеімен айналысу құқы үшін алынатын лицензиялық төлем; аукциондық саудадан алынатын төлем; рыноктарда тауарар сату құқы үшін алынған төлем және басқалар.
Қазақстандағы салық қатынастары қосарланған салықты жою жөнінде республиканың шет ел мемлекеттерімен жасасқан халықаралық конвенциялары (келісімдері) арқылы да реттелді.
2001 жылдың 1 қаңтарына дейін республика қосарланған салықты жою жөнінде мына мемлекеттермен: Ұлыбританиямен 1996 жылдың 21 тамызынан, Италиямен 1997 жылдың 26 ақпанынан, Польшамен 1996 жылдың 13 мамырынан, АҚШ-пен 1996 жылдың 30 желтоқсанынан, Пәкстанмен 1997 жылдың 29 қаңтарынан, Нидерландымен 1997 жылдың 27 сәуірінен және т.б. барлығы 26 конфвенция жасады.
Мұндай қатынастардың мақсаты – компаниялар алатын бір ғана кірістен екі рет: алғашында капитал салынған елде, ал кейіннен компанияның өзі немесе еншілесі құрылған елде салық алынатын жағдайды жою немесе реттеу. Мұндай келісімдер шет елдерге капитал салудағы белгісіз жағдайларды азайтады, сөйтіп ол шет ел компанияларының тиімді жұмыс істеуіне ықпал жасайды.
Егер Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісімде Қазақстан Республикасындағы салық заңындағы ережелерден басқа ережелер белгіленген болса, онда сол келісімнің ережелері қолданылуы керек. Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісімдер, бұл келісімде оны қолдану үшін республика ішілік акт шығаруы керек болатын жағдайдан басқа кездің бәрінде салыққа қатынасты тікелей қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет