Қорытынды Қолданылған Әдебиеттер Кіріспе



бет16/17
Дата21.10.2022
өлшемі168 Kb.
#154458
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ref 1388

Кеден заңдары


Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі сыртқы экономикалық қызметінің жолға қойылуы мыңдаған әр алуын кәсіпорындарға сондай-ақ жеке тұлғаларға сыртқы рыноктарға өз өнімдерімен тікелей шыға алу құқығын берді. Мұның өзі кеден шекарасы арқылы тауар мен тасымал құралдарын өткізу саласындағы мемлекеттік реттеудің рөлін күрт көтерді. Қазақстанның ТМД шеңберіндегі экономикалық бірігу процесіне өз қызметімен қатысуы Республиканың кеден заңдарының дамуына айтарлықтай ықпал етті. Айталық, Республиканың қазіргі Кеден кодексі (толық аталуы - Қазақстан Республикасындағы “Кеден ісі арқылы” Заң) оған қатысушы ТМД мемлекеттерінің кеден заңдарының негіздері туралы 1995 жылғы 10 ақпанындағы келісіміне сәйкес қабылданды.
1995 жылғы 20 қаңтардағы Белорусь, Қазақстан және Ресей арасындағы, кейін Қырғызстан қосылған “Кеден одағы туралы” келісімнің де және кеденді ретке келтіру жөніндегі басқа да келісімшарттардың аталған заңнан кем емес. Кеден жұмыстарымен байланысты барлық негізгі ережелер Кеден одағына мүше-мемлекеттерінің бәрінде бірдей тәртіппен белгіленеді. Бұл мемлекеттерді кеден заңдарының үлестіру жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Бұған 200 ж. қазан айында Астана қаласында құрылған Қазақстан, Белорусь Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан арасындағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жаңа серпін беруі тиіс.
1995 ж. 20 шілдеде кодтандырылған акті ретінде қабылданған Қазақстан Республикасының “Кеден ісі туралы” Заңы кеден реттеу саласының негізгі актісі болып табылады. Бұл заң барлық адамдармен тұлғалардың бірдей негізде тауарлар мен тасымал құралдарын Қазақстан кеден шекарасы арқылы әкелу және шығару құқын реттейді, кеден ісі ұғымын кеден саясатын жүзеге асырудың әр түрлі құралдарың жиынтығы ретінде анықтайды. Сондай-ақ кеден органдары қызметін ұйымдастыру-құқықтың негіздерін айқындайды. Заңда Республиканың сыртқы және ішкі саясатының құрамды бөлігі болып табылатын мемлекеттің кеден саясатының біртұтастығы мойындалып, тауарлар мен тасымал құралдарын кеден шекарасынан ауысуы тек кеден тәртібі бойынша анықталады. Сондай-ақ тауарлар мен тасымал құралдарының барлық саласын қамтитын 15 түрі кеден тәртібі орнатылды. Заң кеден төлемінің толық тізімін беріп, олардың төленуі мен есептелу тәртібін, тауарларды кедендік пішіндеу мен кедендік бақылау тәртібін анықтайды, кеден ережелерін бұзғаны және кеден органдарының қызметіне бас сұққаны үшін жауапкершілікті, сонымен қатар бұл жауапкершілікті жүзеге асыру тәртібін тағайындайды. Кеден органдары құқық органдары деп есептелінеді және кеден органдарындағы жауапты қызметтердің мәртебесі белгіленеді. Бл мәселелер толық түрінде көптеген заңдық актілер арқылы реттеледі, оларды орталық кеден органы болып табылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті және істері мәселесі бойынша өкілетті мемлекеттік орган (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі) қабылдайды. Соңғы жылдары Республиканың кеден заңына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар оның жалпыға ортақ қабылданған халықаралық құқық нормаларымен және қалыптасқан халықаралық тәжірибелермен кеден қызметін үндестіру мен үйлестіру бағытында дамығанын дәлелдейді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет