Азаматтық із жүргізу заңдары
Қазақстан егемендік алғаннан кейінгі жылдарда уақыт талабын ескере отырып, азаматтық іс бойынша әділ сот жүргізудегі соттардың қызметі заңдық тұрғыдан қамтамасыз етілді, бұл заңдарға “Азаматтық іс жүргізу кодексі (АІЖК)”, “Атқарушы өндіріс және сот орындаушыларының мәртебесі туралы”, “Сот приставы туралы”, “Адвокаттық қызмет туралы”, “Мемлекеттік баж салығы туралы”, “Сот сарабы туралы” заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы” Заң күші бар. Жарлығы және т.б. заңдық актілер жатады. Бұл заңдар субъективтік құқық пен заңды мүдделердің сотпен қорғалуын тиісті түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі заңдарда сот арқылы қорғауға, оның әмбебабтығы мен демократиялылығына артықшылық беріледі, сот қызметінің әрекет ету аймағы кеңейді. Заңды тұлғалар (ұйымдар, мемлекет) мен азаматардың құқықтық қатынастарынан туындайтын кез келген дауларды (шешілуі заң бойынша әкімшілік және басқа органдарға берілген жағдайлардан басқа) қарау сот билігіне жатады. Әкімшілік тәртібімен қабылданған шешімге сотта қарсы шығуға болдаы (АІЖК, 24, 26-баптар).
АІЖК диспозитивтік принцип қызетін әр жақтың өз еркін білдіруімен байланыстырады, іс жүргізу шынайы жарыс ретінде өтуін қамтамасыз етіп, әр жақтың белсенділігін және олардың өз әрекеті үшін жауапкершілігін арттырады.
АІЖК азаматтық сот қызметіне прокурордың қатысуын ретке келтіріп, дәлелдер мен дәлелдеу, азаматтық істің сотқа жататындығын, талап ету және т.б. секілді бірқатар жаңа ережелерді қамтиды.
Азаматтық іс жүргізу заңдары сот процедурасын бірқатар талаптар бойынша оңайлататын бұйрықтық өндіріс, бұзылған құқықтарды дер кезінде қорғау ретіндегі сырттай өндіріс, құқықты сотта қорғалуына кепілдік ретіндегі шағыым арыз секілді институттарды да қамтиды.
Еңбек заңдары
Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарын жаңарту өмірлік маңызы бар әлеуметтік мәселе. Бұл жерде елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің жаңа бағыты мен еңбек нарығындағы жағдай арасындағы қарама-қайшылықтарды жою, еңбек қорларын тиімді түрде пайдалану туралы сөз болып отыр. Бір сөзбен айтқанда, еңбек бостандығы, қызмет түрі мен мамандықты таңдаудағы азаматтың өзінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыру процестерінде туатын еңбек қатынастарын заңмен ретке келтіру керек.
1999 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” Заң осы міндеттерді шешуге бағытталған, 1993 ж. 22 ақпанда қабылданған “Еңбекті қорғау туралы” Қазақстан Республикасының Заңы еңбек қорғаудағы жұмысшылар құқығын қамтамасын етуге бағытталып, бақытсыз жағдайларға ұшырау және өндірісте денсаулытың бұзылуына байланысты саладағы ұлттық саясаттың негізгі принциптерін белгіледі.
Тәртіптік және ұжымдық еңбек дауларын шешу тәсілдерін реттеудің құқықты негіздері, сонымен қатар ереуілге шығу қақын жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының 1996 ж. 8 шілдеде қабылданған “Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы” арнаулы Заңында бекітілген. Өз мүшелерінің еңбек және басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғаудағы және оған өкілдік етудегі кәсіподақтар рөлі, еңбек жағдайын қорғау және жақсарту шаралары Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 9 сәуіріндегі “Кәсіптік одақтар туралы” Заңында анықталған.
Қазақстан Республикасында еңбек қатынастарын жаңартудағы заң негіздерін қалыптастыру жаңа заңдарды қабылаумен қатар, әрекет етуші заңдарға өзгертулер мен өзгерістер енгізу, сондай-ақ, еңбек туралы заңға кодтандыру жүргізуді қамтиды. Қазақстан Республикасының “Еңбек кодексінің” – жинақталған актілерінің қабылдану қажеттілігі барынша айқын болып отыр. Онда нарықтық экономика жағдайындағы еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған құқықтық нұсқаулар мен ережелерді шоғырландырылған түрде біріктіруге болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |