Жер бізді қоршаған табиғи ортаның маңызды нысаны, бұл азаматтардың тіршілік әрекеттерін қамтасыз ететін ең басты негіз болып табылады.
Әр мемлекеттің тағдырында жер рөлі өте зор, ол мемлекеттің өзінің пайда болуы мен өмір сүру мүмкіндігін анықтайтын фактордың дәл өзі.
Мемлекеттік кеңістік шакарасы белгілі жер териториясына өкілдік ете отырып, айтарлықтай деңгейде оынң саяси және экономикалық қуатын айғақтайды.
Біздің еліміз өзінің жер қорының ауқымдылығын мақтаныш етуге толық құқылы. Қазақстан Республикасы – планетадағы жері кең пішілген елдердің бірі. Бұрынғы кеңестік республикалар ішінде жерінің аумағы бойынша Қазақстан тек Ресейден ғана кейін тұрады, ал дүние жүзінде 9-орын алады. Республиканың жер қоры 271 287 мың га құрайды. Ауыл шаруашылығына арналған жер 201 099,5 мың гектарға тең, бұл барлық жер қорының 74%-ін құрайды.
Орта есеппен әр адамға 18,1 га жер тиеді, оынң шінде 13 га ауыл шаруашылығына тиісті. Осындай жер қоры әлемнің бірде бір елінде жоқ.
Елдің экономикалық және саяси болашағы, көбінесе, жердің жағдайына, жер байлығы қаншалықты дұрыс пайдаланатынына, жерді қорғауға қалай мән берілетініне байланысты. Сондықтан жер қорын сақтау және оны ақылмен дұрыс пайдалану мемлекет қызметінің басты бағыты болып табылады. Бұл жағдай 1995 ж. 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясында және 1995 ж. 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Пркзидентінің “Жер туралы” Жарлығында саяси-құқықтық негізге ие болды. Конституциялвқ нормаларға сәйкес әрекет ететін республиканың Жер туралы заңды жер қорын орынды түрде пайдалану және сақтаудың құқықтық аспектілерін шешуге тиіс болды. Жер реформасы басталысымен, рыноктық өзгерістер шеңберінде, осы заманғы жер қатынастарын дамытуға әсер ететін экономикалық, ұйымдастыру-нормативтік алғышарттар пайда болды. Жер құқығының жаңа саласының орнығуы Қазақстан Республикасындағы жер туралы заңдарды өзгерту мен тиімді дамыту процесі жүруде.
Рыноктық өзгерістердің құқықтық негіздірін қалыптастыру шеңберінде, 1995 ж. 30 тамызда қабылданған Конституция, ел тарихында тұңғыш рет мемлекеттік жер заңымен бірге, жерге жеке меншік құқығы болуын жоққа шағармайды. Одан сәл бұрынырақ 1994 ж. 24 қаңтарда қабылданған “Жер қатынастарын реттеудің кейбір мәселелері туралы”, 1994 ж. сәуірде қабылданған “Жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы” Президент Жарлықтарымен жерді пайдалану құқығы мен жалдау құқығына қатысты басқа да келісімдер заңдастырылды. 1995 ж. 22 желтоқсанда қабылданған “Жер туралы” Жарлықта да жер алғаш рет мүлік ретінде қаралды (1-бап, 8-пункте) нарық айналымы жүйесінде жерді пайдалану құқығы анықталды.
Жарлық жаңалықтарының негізгі бағыты – жер қатынастарын нарық жағдайларына бейімдеу, оларды нарықтық қатынастармен үйлестіру, шаруашылық қатынастардың барлық түрлерінің бірдей құқықпен дамуы үшін құқықтық экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау, азаматтар мен заңды тұлғалардың жер құқығын қорғау. Экономикалық реформа шеңберінде жер қатынастарын демократияландыру, жеке меншік және жер пайдалану құқығы субъектілерінің құрамын кеңейту, олардың құқықтылық күшін арттыру, жер қатынастарын ұйымдастырудың әкімшіл-әміршіл тәсілдерін біртіндеп шектеу шаралары жүргізілуде.
2001 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының “Жер туралы” Заңы қабылданғаннан бері қазіргі жер заңының даму кезеңі басталды.
Заңда мыналар анықталған: Қазақстан Республикасы жер қорының жеті жер санатынан тұратын (1-бап); жер заңының негізгі принциптері, міндеттері және құрылымы (3, 4, 5-баптар); заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдардың тізімі (9-бап); мемлекеттік және жеке меншіктік құқықтың, уақытша және тұрақты жер пайдалану құқығының және басқа жер жөніндегі құқықтардың мәні ашылады. Республиканың біртұтас жер қорын құрайтын барлық жер сипатының құқық тәртібі анықталады. Жер учаскелеріне меншік құқығының және басқа да құқықтардың нысаны ретінде кең сипаттама берілді. Жеке меншік жер иелерінің, жер пайдаланушылардың құқығы мен міндеттері, пайда болуының негізі және жағдайы, жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының және басқа жер учаскелеріне құқықтардың өзгертілуі мен тоқтатылуының шарттары белгіленді. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің принциптері мен мазмұны баяндалды.
Жаңа жер заңы мынадай принциптерге негізделді: Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі, табиғи нысаны ретінде жерді сақтау; жерге жеке меншіктің болуы; мемлекеттік және жеке меншіктік жер құқығының теңдігі; жер құқықтарының тұрақтылығы; жер учаскелерінің алынуы; жер және жер құқығының еркін азаматтық айналымда болуы; жерді кешенді пайдалану; жерде дербес шаруашылықпен айналысу және жер құқық қатынастары субъектілері құқықтарының тең қорғалуы; жер құқығын сот арқылы қорғау; экологиялық қауіпсіздік; жеоді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету; жерді мақсатты түрде пайдалану; ауыл шаруашылығына арналған жерді артықшылығы; жерді сақтау және пайдаланудағы мемлекеттік шаралар; жерге істелген зақымды толық жою және қайталанбауы; жерді ақылы пайдалану; жеке меншік иелерінің, жер пайдаланушылардың жеріне келтірілген зақымның орнын толық өтеу; мемлекеттің қажеттілігіне алынған жерлерге болған шығынның орнын әділдікпен өтеу; жер туарлы заң, негізінен, жоғарыда аталған Жарлықта айтылған маңызды құқықтық принциптер мен институттарды сақтады. Сонымен қатар, “Жер туралы” Заңы жерді жеке меншікке және тұрақты пайдалануға берілу жағдайларын белгіледі, ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану мерзімін 99 жылдан 49 жылға жейін қысқартты. Жерді ұзақ уақытта жалға алу ауыл шаруашылығындағы жер пайдаланудың негізгі түрі болды. Жерге жеке меншік, мемлекеттік емес жер пайдалану институттарын орнықтыруға, жер нарығын қалыптастыру мен қорғауға, Жерді қорғау мен тиімді пайдалануға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған әр түрлі деңгейдегі барлығы 100-ге жуық арнайы жер-құқықтық актілер қабылданды. Қазіргі жер қатынастарының мазмұны мен табиғатының күрделенуі оларды реттеуде “Жер туралы” Заңмен қатар азаматтық, табиғи ресурстық, экологиялық, әкімшілдік, қаржылық және басқа да заң салаларының нормаларын қолдану қажеттігін көрсетеді. “Жер туралы” Заң нормаларымен бірге олар жер құқығы саласын қалыптастырды.
Бұл кезеңде енді бұдан былай елеулі өзгерістерге ұшырамауға тиісті нарықтық жер қатынастарының заңдық негізі жасалды. Жер туралы заңның келесі даму кезеңінде мемлекеттік тәуелсіздіктің бүкіл кезеңінің тәжірибесін, нарықтық экономика зыңдылықтарымен шетелдер тәжірибесін ескеріп, жер қатынастарын ары қарай жетілдіру міндеті тұр. Болашақта Жер кодексі түріндегі, жер қатынастарының бүкіл негізгі мәселелерін тікелей реттейтін, неғұрлым нақтыланған заңдық акт қабылдануы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |