Бюджет заңдары Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларынан, 1999 жылдың 1 сәуірінде қабылданған “Бюджет жүйесі туралы” Заңнан, тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңнан, сол жылғы жергілікті бюджет туралы облыстық мәслихаттар шешімінен және басқа да бюджет мәселесі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерден түрады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті, олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын есептемегенде, республикалық және жергілікті бюджеттерден тұрады.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Парламентіне өтіп бара жатқан жылдың 15 қыркүйегінен қалдырмай тапсыруы қажет. Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы қаржы жылына республика бюджеті туралы заң жобасымен бірге Қазақстан Республикасының алдағы үш жылға арналған мемлекеттік бюджетінің болжамдық көрсеткішін көрсетуі тиіс.
Республикалық бюджетті қабылдау және оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу алдымен Мәжілісте, сосын Сенатта, Парламент Палаталарының біріккен отырысында қаралады. Талқылауда мыналар баяндамалар жасайды: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспары жөнінде Үкіметтен өкілдік еткетін адам, қаралып отырған мәселе бойынша қоырытнды сөздермен қаржы министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының өкілдері.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет бағдарламасының деңгейінде парламент Палаталарының біріккен мәжілісінде кемінде екі рет оқылып және сол жылдың 15 желтоқсанына дейін бекітіледі. Алдағы жылға арналған республикалық бюджетті талқылау барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Парламентіне бюджет жобасының қаржылық есебін ұсынады.
Егер Қазақстан Республикасының Парламенті 15 желтоқсанға дейін кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабыламаса, онда Қазақстан Республикасының Президенті “Алдағы қаржы жылының 1 тоқсанындағы республикалық қаржы жоспары туралы” Жарлық шығаруға құқылы, ол Парламент республикалық бюджетті қабылдағанға дейін күшінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |