Сыпыпішілік «Тіл мерекесіне» Қош келдіңіздер!!!



бет1/3
Дата20.09.2023
өлшемі3,71 Mb.
#181765
  1   2   3
Байланысты:
Презентация Ана тілі-жүрек үні (9-сынып)

  • №195 мектеп-гимназиясының
  • 9- сыныбына Тіл мерекесіне арналған ашық тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі: Әлжанова Күләш.

Сыпыпішілік «Тіл мерекесіне» Қош келдіңіздер!!!

  • Балалар құтты болсын тілің бүгін
  • Ашатын жан сарайын білімдінің
  • Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан
  • Тіліне зер салыңдар бұрынғының.
  • Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
  • Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
  • Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда ,
  • Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Мақсаты:

  • Оқушыларға ана тілдің қасиеттілігі мен құдіретін баяндай отырып, қорғай білуге тәрбиелеу.
  • *Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы Жарлығына сәйкес 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келу мақсатын түсіндіру.

Тіл туралы заңда:

  • Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,
  • Жырлатқан ерлік, елдік,азаттығын,
  • Жұлдызы құдіреттің туы болған,
  • Жауынгер ана тілім-қазақ тілім.
  • 1998 жылы 11 қыркүйекте қабылданған Тіл туралы Заңда «Тіл-халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамас белгісі» делінген. Ал 1-баптың 1-тармақшасында «Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылатындығы» атап көрсетілген.
  • Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы Жарлығына сәйкес 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді.

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы (2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

  • 1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 7 баптар)
  • 2 тарау. Тiл - мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында (8 - 15 баптар)
  • 3 тарау. Тiл - білім беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында (16 - 18 баптар)
  • 4 тарау. Тiл - елдi мекен атауларында, жалқы өсiмдерде, көрнекi ақпаратта (19 - 22 баптар)
  • 5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау (23 - 26 баптар)
  • 6 тарау. Тiлдi шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану (27 бап)
  • Қазақ тіліне деген жарық сауле алғаш рет 1989 жылы түсті. Осы жылы 22 қыркүйекте «ҚазССР-індегі Тілдер туралы Заң» қабылданды. Көптеген айтыс-тартыстан, ұлтжанды азаматтарымыздың табанды талабынан кейін осы Заңда «Қазақ тілі – ҚазССР-нің мемлекеттік тілі» болып жарияланды. Бұл – ұлт жанашырлары мен халықтың сол кезеңдегі саяси-әкімшілік, психологиялық-моральдық жағынан үлкен жетістігі мен жеңісі және ірі қуанышы еді. Осы Заңның құрметіне 1989 жылдан бастап біз елімізде жыл сайын «Тіл мерекесін» атап өтіп келеміз. Алайда бұл Заңда қазақ тіліне ресми мемлекеттік тіл мәртебесі берілгенмен, оны қолдануды жақсатру мен дамытудың нақты тетіктері көрсетілмеді. Билік тарапынан ана тілімізге деген көзқарас пен қамқорлық өзгеріп, тұтасқан сең бұзылғанмен, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы әлі де көп шектеулі еді. Жазушы С.Оразалиновтің сөзімен айтсақ, бұл заң «тілдердің сіңісуі жөніндегі солақай саясатқа біржола нүкте қойған және Қазақстанда тұратын барша халықтар тілінің тең дамуына бағдар түзеген заң болды. Бірақ ол тілдерді дамыту шараларының қалай жүзеге асырылу керектігінің келешек жолдарын толық айқындай алмады».
  • 4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.
  • Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
  • Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
  • Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:
  • Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;
  • Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілде еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
  • Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет