№47 жалпы орта білім беретін мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Таза бұлақ
Сыныбы: 3 «Д»
Өткізген:Галимова. Ш.Қ.
2016-2017 оқу жылы
Әдебиеттік оқу. 3 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, әңгіменің мазмұнын баяндай отырып,әңгіме мазмұнының негізгі идеясын түсінеді. Мәтіндегі негізгі ойды ұғына отырып, өзіндік пікірін білдіру, танымдық,ұжымдық қабілеттерін қалыптастыру.Адамгершілік қасиеттерге баулу.
Күтілетін нәтиже:
Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы білді.
Әңгімедегі негізгі идеяны анықтайды.
Мәтіндегі ойға өзіндік көзқарасын білдіреді..
Топпен бірлесе жұмыс істейді.
Бір-бірінің пікірлерін тыңдайды.
Мәтін мазмұнының негізінде, адамның ішкі жан дүниесінің бұлақтай таза болу керектігін түсінеді.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Сабақтың құрылымы: Блум таксономиясы.
Әдіс - тәсілі: проблемалық ізденіс, СТО әдістері
Көрнекілігі:«Білім кілті» макеті, слайд, Ы. Алтынсарин портреті, бейне таспа
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану,дүниетану, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.Топқа бөліну.
«Мозайка» әдісімен оқушыларды топқа бөлу. Сөздер жазылған қиындыларды таратып, сөздер құрастыру. 1-топ: талап, 2-топ: еңбек, 3-топ: қанағат, 4-топ: рақым.
- Балалар біздер топқа бөлініп, отырдық.
Психологиялық дайындық.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
3. Жұптық жұмыс. Үй тапсырмасы: «Жедел тест» әдісі.
1. Таңғы сәуле ең алдымен нені оятты?
А) көк майса шөпті
Ә) самал желді
Б) таңғы шықты
2. Ұйқысынан оянып керіліп-созылған Самалға Сәуле немен жуын деді?
А) шықпен
Ә) сумен
Б) қармен
3. Қараңғылықты не түре бастады?
А) күннің алқызыл шұғыласы
Ә) қоңыр салқын ауа
Б) самал жел
4. Самал нені шайқалта тербеді?
А) қозы-лақты
Ә) гүлдерді
Б) шалғынды
5. Тиісті сөзді тауып жаз.
Әлемдегі тіршілік иесінің бәрі ... ғана сүйсінеді екен.
Оқушылар бір-бірімен дәптерлерін алмастырып тексереді. Тақтадағы бағалау шкаласы арқылыбағалайды.
4. Жаңа материалды меңгерту.
Білу кезеңі. «Білім кілті» бағамы
Енді мен сіздерге бүгінгі сабағымызға байланысты ресурстар таратамын, берілген мәтінді оқып, дайындалып, әңгімелеп бересіздер. (уақыт беріледі 3 мин.)
Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар әр топқа таратылады. Өз беттерімен оқып, әңгімелеуге дайындалады.
І топ:Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда, қазіргі Қостанай облысының Қостанай ауданы Арқарағай ауылында дүниеге келген. Ата - анасы жастай қайтыс болған.
Ол нағашы атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. Ол немересін 1850 жылы Орынбордағы орыс - қазақ мектебіне береді.
ІІ топ:Оны 1857 жылы Ыбырай үздік бітіріп шығады да, халыққа қызмет етуді бастайды.1864 жылы алғаш рет Торғайда мектеп ашады. 1879 жылы Орынборда «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазып, бастырып шығарды. Оның кейінгі жастарға арналған көптеген әңгімелері мен өлеңдері бар. Онда балаларды адал,шыншыл, еңбексүйгіш, өнегелі, өнерлі де білімді болуға шақырды.1889 жылы 48 жасында ауыр науқастан қайтыс болды.
ІІІ топ:ЫбырайАлтынсаринқазақбалаларынабілім мен тәрбиеніңнегізгікөзі –оқулықдепқарап, мазмұны бала табиғатынажақын ,тақырыбытанысәріқызықтыкітапшығарукерекдептүсінді. 1876 жылдан «Қазақхрестоматиясын» жазуғакіріседі. Хрестоматия 1879 жылы ,Орынбордабасылады.
ЫбырайАлтынсаринадамдыққасиеттержөніненәңгімелеркіргізді. Көбінөзіжазды,бірқатарынсолкездегіорысоқулықтарынан ел тұрмысыналайықтапаударды. «Қазақхрестоматиясы» орысәліпбиінегізіндежазылды.
ІҮ топ:Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына тоқталатын болсақ: «Өзен», «Жаз», «Кел, балалар,оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар», «Ананың сүюі» атты өлеңдері бар. «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Әке мен бала» сияқты көптеген әңгімелері бар.Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білесіңдер? Естеріңе түсіріңдер.
Оқушылар таратылған мәтінді толық оқып танысады. Уақыт болғанда «Білім кілтін» бір-біріне табыстай отырып, бір – бірінің сөзін қайталамай автор туралы алған білімдерін ортаға салады. Әр топтан 1 оқушы айтады.
-Мінекей, бүгінгі сабағымызды білім кілтімен аштық. Енді Ыбырай ата туралы бейне таспаға назар аударайық.(2 мин.)
Ой ширату.
-Енді балалар бір сәтке көзімізді жұмып құлағымызды түрейікші. Бұлақ дыбысын естірту. (1 мин.)
-Бұл ненің дыбысы?
- Ағып жатырған судың.
-Дұрыс айтасыңдар, бұл ағып жатқан су-бұлақ екен. Бұлақ-жер бетіне шығып жатырған табиғи жерасты суы. Бұлақтың 3 түрі бар:
1) Ыстық бұлақ-санаторияларда адамдарды емдеу үшін пайдаланылады.
2) Ащы бұлақ. Олардан тұз өндіріледі.
3) Тұщы бұлақ. Ауыз су ретінде пайдаланылады.
Ыстық бұлақтар Италия, Камчатка, Исландиядакездеседі.
Бұлақтың суретін көрсету.
-Ендеше, біз бүгінгі сабақта Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» мәтінімен танысамыз.
(Күннің жадын, тақырыпты дәптерге жазу)
Түсіну кезеңі:
ә) Топтық жұмыс.
1. Мәтінді тізбек бойымен оқу. Әр топ 1 абзацтан оқиды.
2. Сөздік жұмысы: (дәптерге жазу)
-Балалар мәтінде қандай түсініксіз сөздер бар?
Ғибрат алу – үлгі алу.
3.Мәтінді әңгімелеу. Әр топ оқыған абзац бойынша кезек-кезек әңгімелеп шығады.
Қолдану кезеңі:
Топтық жұмыс.І топты басқа топтар бағалайды. «Театрдағы көрініс» арқылы бағалау.
І. топ:Мәтін оқиғасы бойынша жоспар құр.
1. Бұлақ басындағы үш жолаушы.
2. Тасқа жазылған жазу.
3. Бірінші жолаушының пікірі.
4. Екінші жолаушының сөзі.
5. Жас жігіттің сөзі.
6. Тастағы жазудың мәні.
ІІ. топ. Мәтін желісін бейнелеу.
ІІІ. топ. 5 минуттық эссе жазу. Тақырыбы: « Су-тіршілік көзі»
ІҮ-топ.Венн диаграммасы. Интернет желісін пайдалану.
Бұлақ, көл, өзен
Бұлақ-жер бетіне шығып жатқан табиғи жерасты суы.
Көл-Құрлықтағы суға толы ойыс жерлер. Жер шарындағы ең ірі көл-Каспий теңізі, ең терең көл Байкал көлі.
Өзен-өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы. Ең ұзын өзен Ертіс. Сырдария,Есіл,Жайық, Тобыл өзендері бар.
5. Сергіту сәті. Табиғаттың тамаша жазы қандай
Айналама көк кілем жазылғандай.
Сымбатыңнан айналдым, туған жерім,
Сылдырлаған бұлағы,суы балдай!
Талдау кезеңі: «Ойлан-бірік-бөліс» әдісі
Оқушылар, осы мәтіндегі таста жазылған сөзді өзің қалай түсінесің? Өз ойларыңды ортаға салыңдар.
Жинақтау кезеңі:
-Балалар біздің әр тобымыздың алдында бізді біріктірген жазулар бар. Оқиық, ойымызды білдірейік:
І топ: Талап
ІІ топ: Еңбек
ІІІ топ: Қанағат
ІҮ топ: Рақым
Осы сөздердің бүгінгі сабағымызға қандай байланысы бар? Қалай ойлайсыңдар?
Ыбырай Алтынсариннің Таза бұлақ әңгімесінде адам бойындағы жақсы қасиеттерді мөлдір, таза бұлақ суына теңеген. Адалдық, қайырымдылық, еңбекқорлық қасиеті бұлақ суындай таза екенін айтады.
Бағалау кезеңі:
- Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта оқып, білген ақпараттарыңнан қорытынды шығаратын кез де келді. Әр топтан бір оқушы өз ойын айтады.
6. Мұғалімнің бағалауы: Бағдаршамның үш көзі арқылы бағалау.
Қызыл түс-5
Жасыл түс-4
Сары түс-3
Кері байланыс: «Алма ағашы» әдісі
Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
7. Үй тапсырмасы.Әңгімені оқып, мазмұндау.«Су – тіршілік көзі» тақырыбында шағын шығарма жазу.Су туралы мақал-мәтелдер жаттау.
8. Сабақты аяқтау.
Достарыңызбен бөлісу: |