РЕФЕРАТ Тақырыбы: «Жүйе» түсінігінің анықтамасы және оның негізгі қасиеттеріне сипаттама . Орындаған: Өкенова Ж.
Тексерген: Қрымбай Б.
Тобы: ПМНО-805,3 курс
Семей 2020
Жоспар 1.Жүйе – тұтастай құрылым. 2.Жүйе түрлері. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Жүйе (лат. systēma, гр. σύστημα– бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс) – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы; агрегаттар мен машиналардың территориялық принциппен емес, жұмыс істегенде атқаратын міндетіне негізделіп біріктірілген құрылымдар жиынтығы.
Педагогикалық жүйе – бұл көптеген құрылымдық және қызметтік компоненттердің өзара үйлесімділігінен тұратын және оларды бір мақсатқа жұмылдырған, яғни болашақ жеткіншектер мен ересек адамдарды оқыту мен тәрбиелеуді көздейтін жүйе.
Педагогикалық жүйенің қызметі мен қалыптасуының алғы шарттары мына төмендегідей:
1. Педагогикалық жүйе қоғамның белгілі бір топтарын (балаларды, жеткішектерді,ересектерді) тәрбиелеу мен оқыту қажеттігі туындаған жағдайда пайда болды. Басқаша айтқанда, педагогикалық жүйе қажетті анықталған адамдар тобына білім беруді мақсат еткенде ғана пайда болады.
2. Педагогикалық жүйе қоғамда айқындалған ақпараттық білім кеңістігінін игере алатын топтар пайда болғанда ғана туындайды.
3. Педагогикалық жүйе белгілі бір оқушылардың мақсатына жететін педагогикалық әсердің құралдары, әдістері мен формалары табылған жағдайда ғана, оларды игеру мүмкіндігінен туындайды.
4. Педагогикалық жүйені іске асыру үшін білім алушылар белгілі бір топқа бірігіп, яғни оқушылар тобын құрастыруы керек.
5. Педагогикалық жүйеде оқушыларды білім нәрімен сусындататын, тиісті педагогикалық және психологиялық ілімі бар, олармен жұмыс істей алатын әдіс – тәсілдер негізін игерген, алдына мақсат қоя білетін педагогтар болуы қажет.
6. Педагогикалық жүйе, сайып келгенде, қоғамдағы белгілі бір топ өкілдерінің әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы қажет және бұл оның түрлі нәтижесі болуы тиіс.
«Жүйе» ұғымы және педагогикалық жүйенің құрамдас бөліктері: мақсаты, мазмұны мен қызметі. Жүйе дегеніміз – жалпы қызмет ету мақсатымен және басқару бірізділігімен біріктірілген, ортамен өзара әрекеттесетін біртұтас құбылыс ретінде болатын нақты қасиеттер негізінде ерекшеленген өзара байланысты элементтер. Сонымен, жүйе ұғымы жеке бөліктерден тұратын және ол әр уақытта тұтастықты белгілейді.
Жалпы педагогикада жүйе ұғымы әр түрлі мағынада қолданылады, мысалы оқыту немесе тәрбие жүйесі, әдіс-тәсілдер жүйесі және т.б. Оқыту үрдісін жүйе ретінде сипаттау үшін осы жүйенің динамикасын, яғни оның құрамындағы элементтер мен құрылысының функцияларына сай өзгеруін бақылай отырып қана айқындауға болады. Демек, мұнда кез-келген жүйе жайында сөз болып отырғанын ескерген жөн.
Кез-келген білім беру мекемелері әлеуметтік ортаның бір бөлігі бола отырып, өзімен өзгермелі әлеуметтік-педагогикалық жүйені бейнелейді. Білім беру мекемелерін жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның белгілі компоненттерден тұратынын байқаймыз. Мұнда компоненттері ретінде мұғалімдер ұжымы, оқушылар, ата-аналар алға шығады.
Білім беру мекемелері әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде келесідей аспекттер тұрғысынан қарастырылады: жүйелі-құрылымдық аспектісі; жүйелі-функционалдық аспектісі; тарихи аспектісі; жүйелі-қатынастық аспектісі; ақпараттық аспектісі; басқару аспектісі.
1. Жүйелілік, тұтастық – бұл өз компоненттерін өндіруші. Компоненттер, элементтер және оның бөліктері арасындағы бірлік пен өзара әрекеттесу берілген сапада жүйені құрайды, оның қызмет көрсетуін және дамуын қамтамасыз етеді. Осылайша, біз жүйенің құрылымымен, оны ұйымдастырумен жұмыс істейміз, яғни жүйелілік пен тұтастықтың жүйелі-құрылымдық аспектісін қарастырады.
2. Әлеуметтік жүйелерде мақсат жүйені қалыптастырушы фактор ретінде алға шығады және оған қол жеткізу үшін құралдар мен әрекеттерді талап етеді. Мақсатты жүзеге асыруда оның компоненттері мен жүйенің әрекет етуі оның функуциясын анықтайды. Мұнда жүйенің жүйелі-функционалдық аспектісі сипатталады.
3. Әлеуметтік жүйе, қоғамдық бола тұра өзгеріп отырады, себебі оған ішкі қайшылықтар тән. Демек, жүйелер тарихи қамтылғандықтан, олар тарихи аспектіде қарастырылады.
4. Жүйе ашық және көптеген коммуникация ортасымен байланыста бола тұра әрекет етеді, сыртқы ортада дамиды. Неғұрлым жоғары деңгейдегі жүйелер жүйе бөлімшелерінің алдында мақсаттар мен міндеттер қояды, ресурстарын анықтайды, шектеулер орнатады. Мұнда жүйеліліктің жүйелі-қатынастық аспектісі айқын көрінеді.
5. Жүйеге кіретін және одан шығатын ақпарат, жүйе компоненттерінің өзара байланысын көрсетеді және компоненттердің тұтас, ал жүйені ортамен тұтастық жүйесі ретінде сипаттайды. Бұл жерде жүйенің ақпараттық аспектісінің көрінісін табамыз.
6. Келешектегі (қалайтын) жүйенің жағдайымен (мақсаты) қолданыстағы жүйе арасындағы айырмашылық басқару аспектісін анықтайды.
Бұл әдіснамалық жағдайлар білім берудің әлеуметтік-педагогикалық жүйесінде білім беру мекемелерін басқару процесін сипаттаудың негізін қалаушылары болып табылады. Алайда, әлеуметтік-педгогикалық жүйенің мәнін оқып-зерттеу, кешенді тұрғысыз мүмкін емес.
Әлеуметтік-педагогикалық жүйенің мәні кешенді тұрғыда сипатталады. Тәжірибе жүзінде жүйелілік және кешендік көзқарастар жиі қолданылады. «Кешен» ұғымы «жүйе» ұғымымен ұқсас болғанымен де, жүйені түсіндіруде белгілі бір нақтылауды талап етеді. Кешенді өзінің пайда болу әдісі және берілген компоненттердің тектілігі бойынша жүйенің алуан түрлілігі ретінде қарастыруға болады. Білім беру жүйесін оқып-зерттеуде кешенді көзқарас мыналарды жобалайды:
1. Тұтас жүйеде педагогикалық қызмет пен басқару нәтижелерін жүйелі және жан-жақты кешенді талдау.
2. Білім беру мекемелерін басқарудың тігінен және көлденең бойынша жүйенің тұтастық деңгейін анықтайтын заңды байланыстарды анықтау.
3. Ерекше жағдайларды және социум мәселесін анықтау, олардың білім беру мекемесіне әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде әсер етуі.
4. Динамикалық құрылымды және білім беру мекемесін жүйелі басқару технологиясын өңдеу.
Педагогикалық жүйе және ғылыми басқару объектісі ретіндегі мектеп. Мектеп педагогикалық жүйеге жатады, себебі ол бірқатар жүйе құраушы факторлармен, қызмет көрсету жағдайларымен, құрылымдық және функционалдық компоненттер жиынтығымен сипатталады. Жүйе құраушы факторлар рөлін мақсаттар мен нәтижелер атқарады; қызмет көрсету жағдайлары — әлеуметтік-педагогикалық және уақытша байқалатын жағдайлармен; құрылымдық компоненттер – басқарушы (педагогикалық ұжым) және басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйелермен, педагогикалық іс-әрекет мазмұнымен, құралдармен, нысандармен және әдістермен; функционалдық компоненттер – педагогикалық талдаумен, мақсат қою және жоспарлаумен, ұйымдастырумен, бақылаумен, реттеу және түзетумен анықталады.
Мектепті педагогикалық жүйе және басқару объектісі ретінде қарастыру оны басқарушылардың басқару іс-әрекеті бір мезгілде мақсаттар анықтау мен олардың нәтижелеріне қол жеткізуге, педагогикалық және оқушылар ұжымдарын қалыптастыру жағдайларын жасауға, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнын таңдап алу мен құралдарын, нысандарын, әрекетін қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай амал педагогикалық жүйе мақсаттылығын сақтай отырып, оны құрайтын компоненттерді жаңартуға тиімді әсер етеді.
Енді педагогикалық жүйенің сжүйе құраушы факторлары мәніне тоқталайық. Педагогикалық жүйенің бастысы болып табылатын, маңызды жүйе құраушы фактор – баланың тұлғалық күштерін үйлесімді дамытуға, оның өзін-өзі анықтауына және өзін-өзі дамытуына жағдайлар жасауға бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың біріккен әс-әрекет мақсаты болып табылады. Мектеп мақсаты – тұлғаның интеллектуалдық, құлықтық, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, құқықтық және басқа да мәдениетін қамтитын базалық мәдениеті негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Жүйе құраушы ретіндегі нәтижелер – жекелеген оқушылардың да, тұтастай алғандағы оқушылар ұжымының да тәрбиелік деңгейін анықтауды қамтамасыз ететін неғұрлым тұрақты және нақты өлшемдер жиынтығымен анықталады. Мұндай өлшемдердің болуы қойылған мақсатты оның жүзеге асырылу күйімен салыстыра отырып, мұғалімнің, педагогикалық, іс-әрекетке қатысушыларың іс-әрекеті жолдарын түзетуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық жүйенің әлеуметтік –педагогикалық жағдайларын жалпы және арнайы жағдайлар деп екіге бөлуге болады. Жалпы жағдайларға әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық жағдайлар, ал арнайы жағдайларға оқушылардың әлеуметтік-демографиялық құрамы, мектептің туған жері, материялдық мүмкіндіктері, жабдықтар, ол тұрған жердегі қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндіктері жатады. Педагогикалық үрдістің тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіштер – педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы моральдық-психологиялық климат, ата-аналар мен оқушылардың педагогикалық деңгейлері болып есептеледі.
Педагогикалық жүйенің уақытша сипаттамалары үш өзара байланысты кезеңдермен анықталады: бастапқы жалпы – 1-3 (4) сыныптар; негізгі жалпы – 4 (5) – 9 сыныптар; орта (толық) жалп білім беру – 10 (11) сыныптар. Жалпы білім берудің әрбір сатысы өзінің ерекше міндеттерін жүзеге асырады, бірақ жалпы мақсатқа – оқушы тұлғасын дамытуға – бағытталады. Педагогикалық жүйенің құрылымдық элементтері педагогикалық ұжым және оның жетекшілерінің немесе басқарушы жүйенің іс-әрекеті негізінде анықталады.
Басқарушы жүйе құрылымы төрт деңгейге бөлінеді: Бірінші деңгей мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық ұйымдар жетекшілерінен тұрады. Бұл деңгей мектепті дамытудың стратегиялық бағытын анықтайды. Екінші деңгей – мектеп директорының орынбасары, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырушы, аға вожатыйлар, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі көмекшісі, өзін-өзі басқаруға қатысатын органдар мен бірлестіктер. Үшінші деңгей – мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері. Төртінші деңгей – оқушылар, сынып және жалпы мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару органы. Бұл деңгейдің бөлінуі мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастың субъект-субъектілік сипатын көрсетеді. Оқушы өзара ісерлесу объектісі бола отырып, өзінің дамуына субъект рөлін атқара алады.
Басқарылатын жүйеде негізгі орын оқушылар ұжымына беріледі. Мұнда басқарудың екі деңгейін анықтауға болады: вертикаль бойынша – жалпы мектеп ұжымы және сыныптар ұжымы. Горизонталь бойынша – қоғамдық ұйымдар, спорттық секциялар, шығармашылық, бірлестіктер, үйірмелер, бригадалар және т.б. Ал педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттері жеке-дара өмір сүрмейді, мұғалім іс-әрекетімен бірлесе жүреді. Функционалдық компоненттер: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету – бұлар педагогикалық үдерісті қозғалыста, өзгерісте сипаттайды, оны дамыту мен жетілдіру логикасын анықтайды.
Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік немесе қалаған басқа да оқу-тəрбие мекемелерінің педагогикалық жүйесін əрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйешелер (подсистемы) бірлігі ретінде қарастыру қабылданған: — дидактикалық. Бұл жүйеше өз ішіне сабақ жəне сабақтан тыс оқу-тəрбие жұмыстарын; міндетті жəне факультатив дəрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақты (сабақтағы оқушы жəне мұғалімдердің жұмыс орындау əдістемелерін) -əрбірін өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды; — тəрбиелік – үлкен жүйе бола тұрып, келесідей сыныптан тыс жəне мектептен тыс тəрбие жұмыстары, отбасы тəрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тəрбие жəне өзіндік тəрбие жүйешелерінен құралады; — оқушылардың қарым-қатынастары жəне олардың мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер: сыныптағы өзіндік басқарым, əрқилы іс-əрекет бағыттары бойынша кіші жүйешелер); — мектептің əкімшілік жүйесі: оқу процесін басқару, тəрбие жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып бару жүйешелерінен құралады.
Әкімшілік жүйенің қажеттігі – дидактикалық, тəрбиелік, материалды-техникалық жүйешелер мен оқушылардың өзіндік басқару жүйешелерінің басын қосып, үлкен біртұтас жүйелікке келтіру мақсатынан. Оқушылардың жан-жақты тəрбиесі мен дамуына қатысты міндеттердің шешілуі , яғни жүйенің тиімді жұмыс атқарушы барша жүйелік бірліктердің іс-əрекеттері бір бағытта орындалып бару шартына байланысты. Тұлға бөлшектеніп қалыптаспайды. Бұл кешенді де (комплексті) əрі педагогикалық жүйелерді басқарудың өзіндік ерекшелігін танытады.
Басқаруға тəн жəне бір сипат-бұл жұмысқа баршаның: əкімшілік, мұғалімдер, оқушылар – араласуы. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нəтижесіне үлкен əсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз əрекетінің кез-келген сəті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тəуелді болмайтынын мойындауы тиіс. Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тəрбиелік қызметті де атқарады. Тəрбиеленушілерді басқарушы болып есептелетін педагог — тəрбиешілер оларға жетекшілік етеді, ал тəрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тəрбиелік қызметтің орындалып жатқаны.
Педагогикалық жүйені басқарудың негізгі қағидалары. Басқару қағидаларына анықталған, тұрақтандырылған басқару заңдылықтары жатады. Менеджмент жəне мектепішілік басқарудың негізгі заңдылықтары, ол оқу-тəрбие жұмыстарын басқару, реттеу, сапасын қадағалау. Мектепішілік менеджменттің заңдылықтарына талдау, мақсатқа жету, басқарудағы еркіндік жəне мұғалімдердің түрлі басқару жұмыстарына дайын болуы жатады. Осы заңдылықтарға негізделген, басқарудың негізгі қағидалары болып келесі ұстаным жатады: ол басшылықты, директорды, менеджерді атқаратын қызметіне тағайындау. Ал негізгі қағидаларына мыналар жатады: педагогикалық жүйені басқарудың еркіндігі; басқарудағы жүйелілік жəне орталықтандыру; бірігушілік жəне ұжымның оң қарым-қатынасы; педагогикалық жүйені басқаруды ақпараттың толықтылығы мен шынайылығы. Мектептегі басшылықтың өзгеруі жəне оның конкурстар арқылы тағайындалуы, мектептегі өмірдің еркіндігінің бастамасы. Мектеп құрылуында ең маңыздысы, оның ақпаратының ашықтылығы жəне қол жетімділігі. Яғни осы мектепте тиімсіз жағдай орын алып жатса жəне одан ұстаз хабардар болса, онда ол бұл мəселеге немқұрайлы қарамауы тиіс. Басшылықтың əрдайым есеп өткізуі, мектеп кеңесінің, ұжымның, ұстаздың, ата ананың белгілі бір мəселеге араласып, өз көз қарасын білдіруі, осы мектепте еркіндіктің бар екенін білдіреді. Педагогикалық жүйені басқаруды тек ықпал етумен ғана шектеп қоюға болмайды, мұнда ұйымдастырушылық, бірігіп басқару жəне өзін өзі басқара білуде маңызды рөл атқарады.
Басқарудағы толықтылық жəне жүйелілігі, педагогикалық процестің табиғатын түсіну басқару тиімділігін арттырады жəне осы түсіне білу бірінші компонент болып табылады. Мектепті басқаруда оның бөліктерін көре алу аздық етеді, олардың арасындағы қатынастың пайда болуын жəне жоқ болуын анықтай білу тиіс. Басқаша айтқанда, оларға компоненттің əсерін, сапасын, болашақта дамуын жəне қатынасын көрсету керек. Осымен бұл қатынас екінші компонент. Үшінші компоненттің өзіне тəн қасиеттері бар, олар өз ықпалымен жаңа қатынас тудырады, яғни компоненттерді бөлімдерге бөліп қарастырады. Мектепті басқарудағы маңызды рөлді төртінші компонент атқарады, мұнда қоршаған ортамен байланыс көрсетіледі. Мектеп пен қоршаған ортаның қатынасы екі түрде болады. Біріншісі, мектептің қоршаған ортаға үйренуі, ал екіншісі — мектептің көздеген мақсатына жетуі үшін қоршаған ортаны өзіне бағындыруы. Мектепті басқарудағы толықтылық жəне жүйелілік екіжақты қозғалыс жəне байланысты басқарудағы басшылық пен педагогикалық ұжымның атқаратын қызметін анықтайды. Бұл қағиданың іске асуы басқарудағы біржақтылықтың болмауын қамтамасыз етеді. Осы қағидаға негізделе отырып, басқарушылық қызметтің анықтылығын, дұрыстығын, пайдалылығын көрсетеді.
Орталықтандыру мен деорталықтандыру өзара байланысты. Мектеп тарихы жəне педагогика орталықтандырудың көп мөлшерде жүргізілуі басшылықтың күшеюіне əкелетінін дəлелдеді. Орталықтандырылған басқару төменгі сатыдағы басқарушылардың, мұғалімнің, қатысушылардың көзқарасын қарастырмай, жекеше шешім қабылдайды. Орталықтандырудың маңызы өте зор, себебі ол болмаса, басшылықтың рөлі төмендеп, жұмыс сапасы нашарлайды. Себебі, ұжымдағы қарым- қатынас ушығып, қызметкерлер арасында қолайсыз жағдайдың туындауына əкеледі. Яғни, орталықтандыру мен деорталықтандырудың байланысы мектепішілік басқарудағы қарым- қатынастың реттелуі, жұмыс сапасының артуы, дұрыс шешімнің қабылдануына көмектеседі. Бірігушілік жəне ұжымды басқаруда бұл қағида педагогикалық жүйеде басшылықтың беделін арттырады.
Қазіргі кезде басқаруда ұжымдағы қызметкерлердің тəжірибесіне сүйенген жөн, яғни шешім қабылдағанда оны талдау, олардың көзқарасын тыңдау арқылы ортақ шешім қабылдаған жөн. Педагогикалық жүйеде жекешелік педагогика жəне психологиялық білімнің тереңдігіне, ұстаздың, қатысушының, ата-аналардың жеке психологиялық ерекшеліктерінің есебіне негізделген. Басқарудағы бірігушілік жəне ұжымдық, ол қарама-қарсы тұлғаның бірлік танытуын көрсетеді. Бірігушікте шешімдер тез қабылданатын болса, ал ұжымдылық өз «жайлылығымен» ерекшеленеді. Оқу-тəрбие жүйесінде бірігушілік жəне ұжымдылық жүргізу келесі қызмет түрлерінде бастау алады: жалпыға жұмыс істейтін кеңес жəне тексеру мүшесінің қызметі; шешім қабылдауда ұжымның кеңесі керек болатын конференциялар, съездер жұмыстары.