Дәріс 10-11 Қолайсыз экологиялық факторларға байланысты оқу қиындықтары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы: әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени және соматикалық денсаулық



бет13/16
Дата22.10.2022
өлшемі66,14 Kb.
#154653
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәрістер ИББ 2021 -2022

Ағымды бақылауға жататындар:
оқушылардың сабақтағы қызметін жүйелі бақылау, практикалық және өзіндік жұмыстарды, қызметтің ұжымдық түрлерін талдау. Сабақ сайын жүргізілетін бақылауды түрлі типологиялық топтардағы оқушылардың танымдық және оқу қызметінің процесін түзеу үшін өткізіледі. Бақылаудың ондай түрі сонымен бірге, белсендендіруші және тәрбиелік сипатына ие.
Мерзімді бақылау бағдарламалық тақырыпты, тарауды зерделеп болған соң өткізіледі. Тақырыптық бақылау оқушылардың белгілі тақырыпты (тақырыптарды) меңгеруін тексеру және бағалау мақсатымен өткізіледі. Тақырыптық бақылауды жүргізіп отырғанда, оқушылардың жетістіктері жеке элементтер бойынша емес (сабақ сайын жүргізілетін бақылауға ұқсатып), тұтас оқу тақырыбының (тақырыптарының) құрылымы мен мазмұнына сәйкес келетін оның тұтас қисынды жүйесінде бағаланады.
Қорытынды бақылау тоқсанның, жылдың соңында өткізіледі. Оның нәтижелері оқушының табыстылығының жалғыз көрсеткіші ретінде қарастырылмайды. Педагогпен сыныптағы оқушының оқу жылы бойында бақылауда жүрген дамуына және табыстылығына талдау жүргізіліп, сипаттамасы мінетті түрде беріледі. Бақылаудың негізгі түрлері ауызша, жазбаша, практикалық нұсқаларында және олардың үйлесімділігінде орындалады. Бақылау нұсқаларының таңдалуы оқу пәнінің мазмұнына және өзіне тән ерекшелігіне, ақыл-ойы кенжелеп қалған оқушылардың типологиялық және жеке ерекшеліктеріне тәуелді. Бақылауды іске асыру үшін бақылаудың ауызша, жазбаша және практикалық нұсқалары немесе олардың үйлесімділігі білім беру процесінің сапасы және оқушылардың оқу қызметіндегі нәтижелер туралы анағұрлым объективті ақпарат беруге қабілетті болатын әдістер мен құралдар қолданылады.

Олардың қатарында аталатындары: ауызша және жазбаша тапсырмалар, оқушылардың практикалық қызметі, жағдаяттық есептер. Тестердің қызмет түрі ретінде оқушыларда бар дағдыларды іске асыруды қиынға түсіретін икемді ой қызметін білдіруді талап ететіндей, шартты болуына байланысты, оларды қолдануға ұсыныс жасалмайды.


Зерде бұзылыстары бар оқушылардың әлеуеті үлкен вариативтілікпен сипатталады, оған алдында келтірілген төрт типологиялық топтың сипаттамасы дәлел. Сондықтан қарастырылып отырған санаттағы балалардың оқылып отырған оқу процесі деңгейлердің кез-келгенінде білімділік нәтижеге ие болу үшін деңгейлік мақсат белгілеу негізінде түзілуі тиіс.
Ақыл-ойы кем оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың психологогиялық-педагогикалық негізі ретінде Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының арнаулы мектеп зертханасында әзірленген оқу пәні шеңберіндегі оқу процесін жобалаудың технологиясы шығады, ол осы уақытта елдегі арнаулы мектептердің жұмыс тәжірибесіне енгізіліп отыр.
Педагогикалық жобалау дегеніміз – бұл өзінің мақсаты қатарында мұғалім мен оқушының жоспарланған білімділік нәтижеге жеткізетін түбегейлі ерекше қызметтерін ұсынуды өзінің міндеті ететін педагогикалық процестің сипаттамасына көзқарас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет