Дәріс 10-11 Қолайсыз экологиялық факторларға байланысты оқу қиындықтары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы: әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени және соматикалық денсаулық


Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету



бет7/16
Дата22.10.2022
өлшемі66,14 Kb.
#154653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Дәрістер ИББ 2021 -2022

Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
Арнайы жағдайларды құруда оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау маңызды рөл атқарады. Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың жүйелі ұйымдасқан, бір тұтас әрекеттерінің барасында әрбір баланың білім беру-тәрбиелеу үдерісінде өзінің мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін қажетті әлеуметтікпсихологиялық және педагогикалық жағдайқұрылатын балаға көмек (немесе қолдау) көрсетудің ерекше түрі ретінде қарастырылады

Жалпыға білім беру ұйымында оқитын қажеттіліктері ерекше балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің мақсаты - баланың дұрыс дамуын, социумға табысты енуін қамтамасыз ету. Жалпыға білім беру мектебінде оқитын қажеттіліктері ерекше балаларға психологиялықпедагогикалық қолдау көрсетудің міндеттері:


• бала дамуында қиындықтардың пайда болуының алдын-алу;
• балаға дамудың, білім алудың, әлеуметтенудің өзекті мәселелерін шешуге көмек (қолдау) көрсету: сабақ оқудағы қиындықтар, білім алу мен кәсіп таңдау мәселелері, эмоционалдық-жігерлік саланың бұзылуы, қатарларымен, мұғалімдерімен, ата-аналарымен қарым-қатынастағы қиындықтар;
• білім беру бағдарламаларын психологиялық қамтамасыз ету;
• оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың психологиялықпедагогикалық құзіреттіліктерін жетілдіру.
Мысалы; бала аутизім бар бала меткепте де дәл қарапайым оқушы. Бала ортаға бейімделуi үшін қолайлы тыныш ортаны қамтамасыз етуiмiз тиic. Мінез-құлқының өзгерістері ортамен тікелей байланысты болады. Балаға ең қажеттісі – мейiрiм, сенiм және ортаға бейiмделу, мұғалімге үйренсуi. Баламен тікелей қарым-қатынас ортасы отбасы болуы шарт.
Аутист балаларға инклюзивті білім беруде бірнеше түрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады. Бір әрекеттен екінші әрекетке көшу аутист балалардың көпшілігінде проблемалық жағдай болады және агрессия немесе тәртібінің ауытқушылығын тудырады.
Визуалдық сабақ кестесін қолдану манипулятивті айырушылық стимулдарының міндетімен негізделеді. Бұл істе вербалдық нұсқаулар визуалдыққа алмастырылады. Осылайша нақты түрін иеленеді.
Оқыту тәсілі келесідей жүреді:
– сабақтын алдында балаға визуалдық сабақ кестесін көрсетеді, қандай тапсырмаларды орындауын түсіндіреді;
– сонан кейін, балаға карточкада берілген бірінші тапсырманың материалдары беріледі;
– бірінші тапсырманы орындап болған кезде, мұғалім тапсырманың карточкаларын жинауға көмектесіп, келесі карточканы ұсынады;
– бұдан кейін, мұғалім келесі тапсырманың материалдарын ұсынады. Осылайша әрі қарай жалғастырылады.
Сабақта визуалдық сабақ кестесін қолдану оқу әрекетін құрастыруға көмектеседі. Бұл аутист балаға, болып жатқан жағдайларды дұрыс түсінуге, берілген тапсырмаларды тұрақты негізінде орындауға және бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке көшкенде серіктестендіру тәсілдері көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет