Бірнеше сағаттан кейін бөрткендер жарылып, орнында диаметрі 1-5 мм домалақ, сопақ пішінді беті ақшыл-сұр түсті өліетті қақпен немесе сары-сұр фибринді қақпен жабылған эрозиялар пайда болады
Бірнеше сағаттан кейін бөрткендер жарылып, орнында диаметрі 1-5 мм домалақ, сопақ пішінді беті ақшыл-сұр түсті өліетті қақпен немесе сары-сұр фибринді қақпен жабылған эрозиялар пайда болады.
Бірнеше сағаттан кейін бөрткендер жарылып, орнында диаметрі 1-5 мм домалақ, сопақ пішінді беті ақшыл-сұр түсті өліетті қақпен немесе сары-сұр фибринді қақпен жабылған эрозиялар пайда болады.
Сурет-1.
Созылмалы қайталама герпес
Созылмалы қайталама герпес (хронический рецидивирующий герпес) жиі орын алатын эндогендік (жасырын) инфекция, көбінесе герпес немесе қарапайым ұшық вирусы бірінші рет жұғып, ауыздың жедел герпестік қабынуымен ауырған адамдар арасында кездеседі.
Организмде қарапайым ұшық вирусы өмір бойы сақталып қалады. Аурудың қайталануы иммундық жауаптың (реакцияның) бұл вирустың антигендік құрылымына толыққанды болмауының нәтижесі.
Қайталамалы ұшық теріні жиі жарақаттайды. Ерін герпесі (лабиальный герпес) кезінде бөрткендер еріндер жиегімен қатар әртүрлі аймақтағы тері бетіне (қолдар мен аяқтардың, белдің) шығады (сурет-3). Бұл кезде бөрткендер белгілі бір аймақта орын тебуі мүмкін немесе бір жерден екінші жерге көше отырып орналасуы мүмкін. Қайталамалы ұшық кезінде бөрткендер көздің конъюктивасы мен көз алмасының мүйізді қабығына да шығуы мүмкін.

Сурет-3
Белдеме теміреткі
Белдеме теміреткі немесе белдеме герпес (опоясывающий лишай, опоясывающий герпес – herpes zoster) нейтропты ДНК-құрамды герпес вирустары қатарына жататын, антигендік құрамы жағынан және басқақасиеттерімен «жел шешек» вирусына ұқсас немесе солтектес вирус (Varicella Zoster) туындататын ауру. Аурудың дамуы бала кезінде «жел шешекпен» ауырған және ауру қоздырғыш вирус латентті жағдайда өмір сүріп, өзіне қолайлы кездерде баскөтеріп, белсенділігін жоғарылатуымен байланысты