Дәріс №10 Ауыз кілегейлі қабығының вирустық аурулар кезінде жарақаттануы, этиологиясы мен патогенезі; клиникасы және сараптамалы диагностикасы, емі. Спид немесе



бет1/6
Дата18.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#172830
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сопр 3 срс


Терапиялық және балалар стоматологиясы кафедрасы
Ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары
Тақырып: Ауыз қуысының вирусты аурулары және оны емдеу.
Орындаған:Камал Ү.О
Тобы:В-СТҚ-02-19
Қабылдаған:Байсенова Г.Е
Шымкент 2022

Жоспар

  • Негізгі бөлім.
  • Кіріспе.
  • Вирустық аурулар: жедел және созылмалы герпес, белдеме теміреткі, аусыл, вирустық сүйелдер.

    Емі. Қолданылатын заманауи препараттар.

  • Қорытынды.

Вирустық аурулар

  • Ауыз кілегей қабығы ауруларының ішінде вирустық аурулар ерекше орын алады. Көбіне олар организмде жасырын түрде кездеседі, ал организмнің қарсыластығы төмендеген кезде көбейіп, ауру туындатады. Дені сау адамдардың ауызында қарапайым ұшық вирусы (вирус простого герпеса), цитомегаловирус, аденовирустар, энтеровирустар, реовирустар және басқалары (белгісіз вирустасушылық – бессимптомное вирусоносительство) кездеседі.

Қарапайым герпес

  • Қарапайым (әдетті) герпес синонимы көпіршікті теміреткі (простой герпес- пузырковый лишай – herpes simplex) немесе кәдімгі ұшық – герпес вирусы туындататын жұқпалы ауру. Антигендік қасиетіне байланысты бұл вирусты негізгі екі типке (1 және 2) бөледі. Бірінші типтегі вирустар ауыздың кілегей қабығын, теріні, ал екінші типтегі вирустар жыныс ағзаларының кілегей қабығын жарақаттайды. Қарапайым ұшық вирусы ДНК-дан тұрады және тікенекті қабат клеткаларының ядросында жасырын өмір сүреді, ыңғайлы жағдайда көбеюге ұшырап, қайталамалы ауру туындатады.
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғаруынша (1985) жер беті тұрғындарының 90%-на аталмыш вирус жұққан, ал 20-30% жағдайда ауру белгілері білінеді.

Инфекцияның алғаш рет жұғуы 1-3 жас арасында байқалады. Себебі, бұл кезде баланың қанында анадан алған антидене (пассивті иммунитет) жойылады немесе саны азаяды да, организм вирустық инфекцияны оңай жұқтырады. Көп жағдайда балаға біріншілік герпестік инфекцияның жұғуы аса көп байқалмайды, ал кейбір жағдайда біріншілік герпестік ауру дамиды.

  • Инфекцияның алғаш рет жұғуы 1-3 жас арасында байқалады. Себебі, бұл кезде баланың қанында анадан алған антидене (пассивті иммунитет) жойылады немесе саны азаяды да, организм вирустық инфекцияны оңай жұқтырады. Көп жағдайда балаға біріншілік герпестік инфекцияның жұғуы аса көп байқалмайды, ал кейбір жағдайда біріншілік герпестік ауру дамиды.
  • Біріншілік герпестен сауыққаннан кейін инфекция жасырын түрге ауысып, әртүрлі зиянды ықпалдардың әсерінен (дененің суыққа шалдығуы, тұмау, жүйкелік күйзелістер, витаминдер тапшылығы) жиі қайталануы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет