Қарапайым герпес вирусы адамға ауру немесе вирустасушы адамнан тікелей жанасу және ауа-тамшылары арқылы жұғады (герпестік вирус вирустасушылардың сілекейінен де бөлініп алынған)
Қарапайым герпес вирусы адамға ауру немесе вирустасушы адамнан тікелей жанасу және ауа-тамшылары арқылы жұғады (герпестік вирус вирустасушылардың сілекейінен де бөлініп алынған).

Ауыз ішінде герпестік инфекция екі түрде көрініс табады:
- ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы немесе созылмалы қайталамалы герпес.
Ауыздың жедел герпестік қабынуы
Ауыздың жедел герпестік қабынуы (острый герпетический стоматит-stomatitis herpetica acuta). Ауруды ертеректе «ауыздың жедел афтозды қабынуы» деп атаған.
Сырқат адамның жалпы жағдайына және кілегей қабықтың жарақатқа ұшырау аймағына байланысты аурудың үш дәрежесін (жеңіл, орташа, ауыр), патогенезіне байланысты 5 кезеңін – инкубациялық, продромалдық , даму шыңы (разгара болезни или высыпаний), басылу (угасания) және жазылу (выздороления или реконвалесценции) кезеңдерін ажыратады.
Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезеңі 1-4 күнге созылады. Бұл кезең герпестік вирус жұққаннан кейін басталады, организмге енген вирустар жақын орналасқан лимфа түйіндеріне жетіп, көбейе бастайды. Сондықтан осы аталған және продромалдық кезеңдерде аймақтық лимфа түйіндері ұлғая бастайды және ауырады. Ауру жедел басталады, ауырлығына байланысты дене қызуы 37-41° С көтеріледі, организмнің жалпылай уыттану белгілері байқалады - әлсіздік, салғырттық, дымкәстік, бас ауруы, еттердің сыздауы, лоқсу және құсу, іші өтуі сияқты.