Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Әлімбет орта мектеп балабақшасы Сабақтың тақырыбы



Дата21.07.2017
өлшемі88,24 Kb.
#21424
Кукеева Жумагул Сейтбековна

биология пәні мұғалімі

Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

Әлімбет орта мектеп балабақшасы

Сабақтың тақырыбы: Бүлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы. Адам организміндегі бүлшық еттердің негізгі топтары. Бүлшық еттердің жүмысы. Бүлшық ет қозғалысының реттелуі.

Сабақтың мақсаты:
Оқушылар бұлшықеттер мен олардың типтері туралы және,олардың құрылысы мен танысып, маңызын біледі..
Сабақтың міндеттері:
• Топта жұмыс жасай алады.;
• Құнды пікірлерді айтып үйренеді;
• Басқаның ойын тыңдайды.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: , «Ойлан, жұптас, бөліс»жұппен, топпен жұмыс, биологиялық диктант стратегиялар, т.б.

Құрал-жабдықтар: «Бұлшық ет жүйесі», «Адам қаңқасы» кестелері, бұлшық ет ұлпаларының муляждары
:I.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері. «Амандасу» тренингі. 1 минут


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Тақырыбы:Байламдар созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек


ТАПСЫРМА №1

І топ. Тізе буыны шыққан кезде көрсетілетін алғашқы көмек (көрсету, түсіндіру)


ІІ топ. Сіңірдің созылғанда көрсетілетін алғашқы көмек (түсіндіру)


І топ. Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем (көрсету, түсіндіру)


ІІ топ. Кеуде қуысы сүйектерінің сынуы. (түсіндіру)




ТАПСЫРМА№2 БИОЛОГИЯЛЫҚ ДИКТАНТ

Аяқтың ұшы бұралып, ........ созылады. ....... жері шыдатпай ауырып, ісіп кетеді.

...................... өте қауіпті, өйткені сүйектер ұсақталып кетеді.

Буын ...............аяқ қатты ..........., ісініп,қозғалмай қалады. Мұнда да ауырған жерге .... шүберек басу керек.

Сүйектің бітіп қайта қалпына келуі сүйектің сыртқы ................ байланысты.

...................... ауыртады, сынған жер домбығып іседі.


ІІІ. Жаңа сабақ..Қызығушылығын ояту

Бұлшық ет деген сөзді естігенде ойымызға не түседі?

(әр оқушы жеке жұмыс жасап, дәптерлеріне түсіреді және жұппен, топпен талқылайды)

Бұлшық ет  туралы не білгіміз келеді? сұрағына жауап жазады.



Білемін

Білгім келді

Үйрендім

 


 

 

ІІ Мағынаны тану Мәтінмен жұмыс

І. Мәтінді бөлікке бөлу

«Ойлан, жұптас, бөліс» топпен, жеке және жұппен жұмыс.

І топ: Бұлшық еттердің маңызы Бұлшық еттің құрылысы Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Бұлшықеттер адам ағзасындағы әртүрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің қатысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде қуысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу қозғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшық еттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і белокмайкөмірсу және минералдық тұздардан тұрады. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-тен астамын құрайды 1 - бұлшықет талшығының қабықшасы; 2 - бұлшықет талшығының шоғыры; 3 - бұлшықеттің жуан талшықтары; 4 - бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді талшығы; 5 - оттегімен қамтамасыз етілетін жақсы дамыған бұлшықет талшықтары 6 - май басып, нашар дамыған бұлшықеттер.

Бұлшықеттер - бұлшық ет ұлпасынан, тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады.Бұл шоғырлардың сыртын дәнекер ұлпасы қаптайды. Көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан қаңқа бұлшықеттері, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі.

Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай бірыңғайсалалы, көлденеңжолақты (қанқа бұлшықеттері) және жүректің бұлшықеттері деп бөледі. Бірыңғайсалалы бұлшық еттер ішкі мүшелердің ішкі жағын (ішек, қарын, қантамырлар, несепағар, қуық, т.б.) астарлап жатады.

Бұлшықет жиырылғанда ішкі мүшелер көлемін өзгертеді. Олардың жиылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады.

Көлденеңжолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көл-денеңінен жолақтанып жатады. Көлденеңжолақты бұлшықет талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді, диаметрі 0,1 мм, ұзындығы бірнеше онда-ған мм-ге жетеді. Бұлшықет талшықтары - миофибриллалар (грекше «тіо»- бұлшықет, латынша «fibrilla» - талшық) миозинжәне актин нәруыздарынан тұрады. Миозин - бұлшықетте ет талшықтарының жиырылып босаңсуына қатысатын еритін нәруыз. Актин - бұлшықетте миозинмен бірге болатын, ет талшықтарының жиырылып, босаңсуына қатысатын нәруыз. Миофибриллдар (миоциттер) бұлшықеттердің ең кіттті құрылымдық және қызметтік бірлігі.

Көлденеңжолақтар әр түрлі оптикалық қасиеті бар талшықтар будасының миофибриллаларда ашықтау және күңгірттеу болып кезектесіп орналасуы. Миозин нәруызынан тұратын жуан талшықтардың будалары жарық микроскопынан күңгірттеу жолақ болып көрінеді. Ашық түсті жіңішке жолақтар актин нәруызының жіңішке жіпшелерінің будала-рынан түзіледі.

Жүректің көлденеңжолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі қызмет атқарады: біреуі жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді; екіншісі жүрек ішінде жүйке қозу толқындарын өткізеді. Жүректің бұлшықеті кұрылысы жағынан көлденеңжолақты болса, қызметі бірыңғайсалалы бұлшықетке ұқсайды. Жүректің бұлшықеті де қаңқадағыдай көлденеңжолақты болғанымен, жиырылуы адамның ер-кінен тыс, санаға бағынбайды. Жүректің жұмысын тоқтатам десең де тоқтата алмайсың. Оның ұлпалары ерекше. Ғалымдар адам дене-сінде 600-ден астам қаңқа бұлшықеттері бар деп есептейді.

ІІ топ: Бұлшық еттердің негізгі топтарыБұлшықет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол менаяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан. Кейбір ұзын бұлшық ет түрлісүйектерден басталады да екі басты, үш басты және төрт басты болып келеді. Организмдегі бұлшық ет тіндерін екі түрге бөледі: а) қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер. Бұлар тірек-қимыл мүшелеріне қатысты денені әр түрлі қозғалысқа келтіреді, жиырылужылдамдығы өте жоғары болады; ә) бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық еттер ішкі органдардың қызметін қамтамасыз етеді, баяу жиырылады, үнемі ұзақ қозғалыста болады. Бұлшық ет пішініне немесе бекитін сүйектеріне сай шаршыүшбұрыштыжұмыр,дельтажолақ деп аталады. Ал қызметіне қарай — бүккішжазғышәкелушіәкетуші; орналасқан жеріне қарай — төс-бұғана бұлшық еті, қабырға аралық бұлшық еттер, т.б. болып ажыратылады. Бұлшық еттердің құрылысы:бұлшық ет борпылдақ,тығыз дәнекер ұлпасынан түзіледі,жиырылғыш қасиеті бар,қан тамырларнан,жүйке тамырларынан тұрады.

Бұлшық еттер: біріңғайлы салалы көлденең жолақты.

Бас және мойын бұлшық еттері.

Тұлғаның бұлшық еттері – арқаның, көкіректің, құрсақтың – арқаның, көкіректің, құрсақтың бұлшық еттері.

Көкіректің бұлшық еттері – сыртқы және ішкі қабырғааралық бұлшықеттер, көкет.

Құрсақтың бұлшықеттері – алдыңғы тіс тәрізді, сыртқы және ішкі қиғаш, тік ж.т.б. бұлшықеттер жатады.

Қолдың бұлшықеттері – иық белдеуі және қол бұлшық еттері – екі басты, үш басты.

Аяқтың бұлшықеттері – жамбас белдеуі және аяқтың – санның, балтырдың, табанның бұлшықеттер



Сұқ саусақ стратегиясы. Ой толғаныс кезеңі. 5 минут.
І топ - Аяқ пен қол бұлшық еттерін муляждан көрсету
ІІ топ.-Кеуденің алдынғы және артқы бұлшық еттерін муляждан көрсету
І топ – Бұлшық еттердің маңызын айту
І І топ - Бұлшық еттердің құрылысын айту
315 стратегиясы

Топтағы оқушылар өзара берілген сурет бойынша 3 минутта1 мәселе бойынша 5 идея айтуы керек Туындаған идеялар негізінде топта талқылау жүргізіледі.



Жаңа сабақты бекіту.   Шындық па әлде жалған ба?

Актин ақуызы-ашық түсті жолақтарда ма,әлде күлгін түсті жолақтарда ма?(күлгін)

Адам ағзасындағы бұлшық еттің саны қанша?(600)

Бетке бейне бір өзгеріс беретін бұлшықеттер.(мимика)

Қабырға аралық бұлшықеттер қандай бұлшықеттер?(бірыңғай)

Кеуде мен құрсақ бөлімді бөліп тұрған қандай бұлшық ет?(диафрагма)

Бұлшықеттің ең басты қасиеті не болып табылады?(созылғыштық)

Бұлшықеттке ең басты заттар не арқылы келеді?(қызыл қан тамырлыры арқылы)

Қышқыл керексіз заттар ет талшықтарынан не арқылы шығады?(салатамыр)

Бұлшықет талшықтары не деп аталады?(миофибрилла)

Ұршық тәрізді бұлшықет ұлпасы қандай бұлшықеттерге тән?(бірыңғай салалы)

Адам денесіндегі ең үлкен бұлшықет қандай?(тігінші)


Сандар сөйлейді.

3- (орналасуына байланысты),

600-(қаңқа бұлшықеті)

23-25 (бұлшықет өсуі),

30-35 (жуандауы)

Әр топтан бір оқушы шығады, сәйкестігін табады.

Ойларын дәлелдейді, қорытады.



Жаттығу жұмысы: Екі оқушы шығып, 5 кг гантельді біреуі көтеріп, ал екіншісі – көтеріп, түсіріп тұрады. ( 35 сек ішінде қай оқушының қолы тез шаршайды? )

Сабаққа кері байланыс «Бес саусақ» бойынша оқушылар алған әсерлерімен бөліседі


Үйге тапсырма беру:

Бұлшық ет туралы 10 қызықты дерек дайындап келу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет