Дәріс №10 Ауыз кілегейлі қабығының вирустық аурулар кезінде жарақаттануы, этиологиясы мен патогенезі; клиникасы және сараптамалы диагностикасы, емі. Спид немесе



бет5/6
Дата18.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#172830
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сопр 3 срс
Саралау, LhCdKkgYBT, 358957, Акушерство и гинекология взрослая детская рус, жақ бет 1 срс

Емі

  • Ауруды емдеудің негізгі мақсаты – ауыру сезімін басу, көпіршік бөрткендердің шығуын тежеу, аурудың неврогендік асқынуларының алдын алу. Осыған байланысты жалпылай және жергілікті емдеу шараларын қарастырады және төмендегі дәрілерді таңдап тағайындайды:
  • 1) анальгетиктер мен стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер: парацетомол (0,2-0,4 г, күніне 2-3 рет), ацетинсалицил қышқылы (0,25-0,5 г.күніне 3-4 рет), бутадион, реопирин де тағайындауға болады.
  • 2) вирусқа қарсы дәрілер: бонафтон (0,1 г.күніне 3-5 рет), 5 күндік айналыммен (циклмен) 1-2 күн үзіліс жасап, 3 емдеу курсын жүргізеді; метисазон (0,6 г күніне 2 рет); ацикловир (0,2 г күніне 5 рет); фамцикловир (0,25 г күніне 3 рет); емдеу курсы 7 тәулік; рибамидил (0,2 г күніне 3-4 рет), емдеу курсы 7-10-14 тәулік.

Вирусты сүйелдер

  • Вирусты сүйелдер- көлемі 1мм-ден 1см-ге дейін жететін вирус құрамдас қатерсіз түзілістер. Қоздырғышы: папиллома вирусы. Ауыз қуысы шырышты қабатында вирусты сүйелдердің екі түрі кездеседі: жалпақ, өткірұшты.

Вирусты сүйелдердің клиникасы

  • Жалпақ сүйел- тығыз папула(түйіншек) тәрізді шырышты қабаттан аз мөлшерде шығыңқы орналасады. Шекарасы анық, дөңгелек пішінді.
  • Өткірұшты сүйел- өткірұшты емізікшеге ұқсас ашық-қызыл түсті. Элементтер бір-бірімен қосылып вегетация түзеді. Локализациясы: ауыз қуысының алдыңғы бөлігі, ауыз бұрышы, тілдің алдыңғы бөлігінің бүйір беті. Сирек кызылиекте , еріннің қызыл жиегінде, ауыз бұрышының сыртында кездеседі. Шырышты қабаттың вирусты сүйелдері қол терісінің сүйелдерімен бірге кездеседі.

Емі

  • Жергілікті 3% оксолин, 0,5% бонафтон, 0,5% флоренал, 0,5% теброфен т.б. Вирусқа қарсы препараттармен күніне 3-4 рет өңдеу. Ауыз қуысы санациясы, ауыз қуысы гигиенасы.

Везикулярлы стоматит

  • Везикулярлы стоматит- зоонозды жедел вирусты инфекция, ауыздың шырышты қабатын, қылызиек, жұтқыншақты зақымдайды. Синдромы-бөртпелер(сыпь). Қоздырғышы- энтеровирус. Инкубациялық кезең 5-6 күн. Бөртпелер ауыз қуысында сонымен қатар алақан мен табанда пайда болады. Қоздырғышы вирус болғандықтан баланы оқшаулау керек. Инфекцияны таратушы жәндіктер болып табылады. Жаз айларында жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет