«Денсаулық бағдарламасы»



Дата14.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#127380
түріБағдарламасы
Байланысты:
Презентация Microsoft PowerPoint
Презентация Microsoft PowerPoint

«Денсаулық бағдарламасы»

Денсаулық сақтау саласын іске асыру барысында денсаулық сақтау саласында нарықтық механизмдер элементтері енгізіліп, заманауи медициналық технологиялар трансферті жүзеге асырылды. 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы қол жеткізілген нәтижелері бекітуге және дамытуға, денсаулық сақтау саласындағы мәселелі проблемаларды жаңа сын-тегеуріндерге сәйкес шешуге бағытталған, сондай-ақ ол саланы 2025 жылға дейінгі жоспарлы дамытудың негізіне айналды. Бағдарламаны іске асыру тұрғындарды жаппай қамту, әлеуметтік әділдік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының саясаты стратегияларының негізгі қағидаттарына сәйкес сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету қағидаларын сақтаумен әлеуметтік бағдарланған ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығына және жүйелі дамуына ықпал етті.

  • Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
  • Бағдарламаның мақсаты: Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту
  • Іске асыру мерзімі: 2016-2020 ЖЖ
  • Міндеттері: Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту,аурулардың профилактикасын және басқаруды жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру,ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру
  • Нысаналы индикаторлар: 2020 жылға қарай өмір сүрудың күтілетін ұзақтығы 73 жасқа жетеді

Бағдарламаның негізгі басымдықтары: Бірінші — мінез-құлық тәуекелдері факторларының алдын алу және салауатты өмір сүру салтын ұстану бойынша шаралар күшейтіледі; Екінші — балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға басымдық берумен аурулардың алдын алуға, көмек көрсетуге және үздік халықаралық тәжірибені ескерумен толыққанды оңалтуға назар аударылады; Үшінші — жалақыны арттыру, әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, кәсіби жауапкершілігін қорғау арқылы медициналық қызметкер мәртебесін арттыру; Төртінші — жеке сектор ресурстарын тартумен 2025 жылға дейін халықаралық деңгейдегі заманауи ауруханалар желісін салу бағдарламасы арқылы өңірлерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын едәуір жаңарту, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері бойынша ірі нысандарды салуға инвестициялық шығындарды өтеу және медициналық қызметтерге тарифтерді арттыру.  Тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру міндеті аясында, тұзды тұтынуды 31%-ға, темекі шегуді 13,6%-ға, алкогольді тұтынуды 16%-ға төмендету жоспарланған. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 36%-ға жетеді. Балалардың семіздікке шалдығуы 8%-ға төмендейді. Тамақ өнімдерінің сапасына, негізгі инфекциялық аурулармен күресуге және жарақаттану мен жазатайым оқиғалардан өлім-жітімді төмендетуге ерекше назар аударылады. 

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – мемлекетіміздің әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық өркендеуінің негізі ретінде азаматтардың денсаулығын сақтаудың тиімді және орнықты жүйесін дамытуды қамтамасыз ету.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік бағдарламаның негізгі 7 бағыты анықталды:

1. Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту;
  • МСАК-ті жаңғырту және басымдықпен дамытудың негізінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін пациент мұқтаждықтары айналасына интеграциялау;
  • Медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;
  • Ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын іске асыру;
  • Ниеттестікті ендірудің негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және оның қаржылық тұрақтылығын арттыру;
  • Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру;
  • Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, инновациялар мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету;

Қаржыландыру негіздері

  • «Алғаш рет салаға 2,8 трлн теңге қаржы бөлу жоспарланған, соның ішінде, 2,2 трлн жеке инвестициялар. Осы қаражат есебінен 431 денсаулық сақтау объектісі салынады, оның ішінде 10 мың орынға арналған, халықаралық деңгейдегі 19 көпсалалы аурухана мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы салынады. Бұл ауруханалардағы емдеу орындарын 50%-ға ұлғайтуға, медициналық нысандарының тозуын 56%-дан 38%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді», деді А. Мамин.
  • Премьер-Министр осы шаралардың барлығы медициналық инфрақұрылымды жақсартуға және ауру-сырқаудың деңгейін азайтуға және қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 2025 жылға қарай 75 жасқа дейін жеткізуге ықпал ететінін атап өтті.
  • Қаржыландыру көздері мен көлемі: 2016-2019 жылдары Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты, сондай-ақ ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат бағытталатын болады.Бағдарламаның іскеасыруға мемлекеттік бюджеттен жұмсалатын жалпы шығын 1 969 729 500 теңгені құрайтын болады

Қаржыландыру көздері

Ауылдық-аудандық негіздегі амбулаторлық ұйымдар

Аудандық деңгейде амбулаторлық ұйымдар бойынша дәрігерлік амбулаториялар әрбір 1500 қызмет көрсетілетін тұрғын үшін ашылады (2000 адамның орнына). Қалған нысандар бойынша параметрлер сақталады. Аурухана секторы бойынша медициналық көмекті екі деңгейде: аудандық және ауданаралық ауруханаларда шоғырландыру қарастырылады.

Осылайша, 2016 жылмен салыстырғанда, 2025 жылға қарай ауылдық деңгейде АМСК орталықтары мен емханалар санын 207-ден 253-ке дейін, дәрігерлік амбулаторияларды 1323-тен 1393-ке дейін арттыру көзделген. Қалалық деңгейде диагностикалық орталықтар мен емханалар саны 187-ден 206-ға дейін, дәрігерлік амбулаториялар саны 61-ден 99-ға дейін артатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет