Пакеттерді коммутациялауды қамтитын деректерді беру торабы.Пакеттерді коммутациялауды қамтитын деректерді беру торабы (ПК-ДБ) 60-жылдардың соңында пайда болды. Пакеттерді коммутациялау кезінде хабар пакеттерге бөлінеді, пакеттер торап бойынша жоғары жылдамдықпен, қателердің аз ықтималдығымен, шағын кідіріспен беріледі. Сондай-ақ жырақтағы есептеу ресурстары, байланыс каналдарының өткізу мүмкіндіктері, коммутациялық жүйелердің өнімділігі тиімдірек қолданылады.
ПК-ДБ бірінші торабы ведомстволық болды, мысалы, ARPANET (АҚШ), NPL (Ұлыбритания) және т.б. ЭЕМ-дер арасында байланысты қамтамасыз ету - адамдар арасында ақпарат алмасуға арналған КК-ДБ және ХК-ДБ тораптарынан айырмашылығы да осында, бұл ПБ-ДБ торабының функционалдық негізгі ерекшелігі.
Жалпы қолданысқа арналған ПБ-ДБ торабын әзірлеуде ведомстволық торап принциптері қолданылған: ЭЕМ-дер арасындағы сұқбаттық режим, жоғары жылдамдықта қысқа деректер массивін беру, ВРК принциптерін кеңінен қолдану.
Мұндай тораптарды құру 70-жылдарда басталды.
Пакет дегеніміз – деректерден, байланыстарды басқару сигналдарынан және белгілі бір форматта орналасатын қателерді бақылау өрістерінен тұратын екілік символдар тізбегі.
Әдетте пакеттің ұзындығы 1000 биттей және ұзын хабарларды бөліктерге бөлу арқылы түзіледі.
ХК-ДБ және ПК-ДБ тораптарында қолданылатын, коммутациялау орталықтарында ақпаратты аралық жинақтау тәсілі тораптың екі түрінде де бірқатар ортақ қасиеттерді анықтайды.
ПК-ДБ торабының басты ерекшелігі мынада, салыстырмалы түрдегі қысқа пакеттер бірнеше миллисекундтан аспайтын таңдау уақытымен жедел жадыға жазылады. Сондықтан қайта жазу және кезектегі күту пакеттерді көп кідіртпейді.
ПК-ДБ торабының негізгі ерекшелігі байланыстық ресурстарды көп қолданушылар арасында каналдық және коммутациялық жабдықтарды уақытша бөлу есебінен және көлемі шағын пакеттерді жоғары жылдамдықпен беру есебінен жоғары дәрежеде қолдану болып табылады.
МСЭ-Т Х.2 ұсынысында ПБ-ДБ торабын пакеттерді коммутациялаудың виртуальды режимі (ПК-В) мен датаграммалар режимі (ПК-Д) негізінде құру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |