Дәріс №10. Сигналдарды бейнелеудің сандық формасы


Каналдар коммутациясын қамтитын деректерді берудің цифрлық торабы



бет4/5
Дата13.12.2021
өлшемі35,84 Kb.
#125495
1   2   3   4   5
Байланысты:
АЖ сенімділігі-10
Нупирова А.М. Механика және молекулалық физика бөлімдері бойынша лаборатиялық практикум 2, Суйыктар механикасы-1 8 лек Ф-22-1
Каналдар коммутациясын қамтитын деректерді берудің цифрлық торабы. ДБ цифрлық торабының жалпы ерекше белгісі – тораптың барлық бөлімшелерінде (абоненттіктен бастап магистралдық желіге және электрондық станцияларға дейін) берудің цифрлық жүйесін қолдану болып табылады.

ДБ цифрлық торабы дәстүрлі тораппен салыстырғанда дұрыстығы жоғары, беру жылдамдығы үлкен, байланыс орнату уақыты аз, сенімділігі жоғары.

Таңбаларға қателік ықтималдығы бұл тораптарда < 10-6...10-7, ДБ жоғары жылдамдықты каналдары бойынша беріліс жылдамдығы – ондаған, жүздеген Кбит/с және ондаған Мбит/с.

Коммутациялаудың цифрлық жүйесінің арқасында байланыс орнату уақыты бірнеше секундқа (одан да аз) қысқарады.

Цифрлық тораптардағы сенімділік оның элементтерінің жоғары сенімділіктерінің арқасында қамтамасыз етіледі:

ҮИС-да БЦЖ-н жүзеге асыру, коммутация жүйесінің жабдықтарын резервтеу, сондай-ақ ЭЕМ базасында торапты басқарудың ыңғайлы жүйесінің арқасында.

Бұл жүйе ДБ торабын жедел басқаруға, оның күйін тиімді бақылауға, ал тораптың жекелеген бөлімшелері қатардан шыққан жағдайда тығырықтан шығар жолды жылдам табуға мүмкіндік береді. ДБ цифрлық тораптарында басқару жүйелерін қолдану жаңа қызмет түрлерінің үлкен жиынын енгізуге мүмкіндік береді, мысалы, қолданушылардың жабық топтарын ұйымдастыру, тура және қысқартылған шақыру, шақырылатын абонентті анықтау.

КК қамтитын ДБ торабын (КК-ДБ) екі класқа бөлуге болады: асинхронды және синхронды. Асинхронды тораптарда біртұтас синхрондау болмайды, жекелеген беріліс жүйелері және коммутациялық станциялар дербес тактылық генераторларды қамтиды. Синхронды тораптарда уақыт бойынша барлық процестердің (беру және коммутациялау) өтуі бір көзден келетін біртұтас тактылық синхросигналмен анықталады.

Деректерді берудің асинхронды цифрлық торабы. Бұл торап тарихы жағынан бірінші пайда болған торап, түрлі цифрлық техникаларды біріктірумен анықталған.

Мұндай торапқа телеграфтық хабарларды беру және орташа жылдамдықты деректер берудің аралас торабы мысал бола алады. Асинхронды тораптарда, әдетте деректердің шеткі жабдықтарының (ДЩЖ) жұмыс жылдамдығы мен синхрондау тәсілі, каналдарды бөлу тәсілі және басқа да факторлар үйлесім таппаған.

Көрсетілген қарама-қайшылықты шешу үшін тораптың барлық элементтері анық асинхронды енгізумен (ААЕ) қамтамасыз етілетін (бұл кезде берілетін сигналдың уақытша сипаттамаларына ешқандай талап қойылмайды) цифрлық құрылғылармен толықтырылады.

ААЕ берілетін сигналдардың тактылық аралықтарының ұзақтығына қатысты анық болып табылады, бұл жұмыстың синхронды және стартстопты режим мүмкіндігін қамтамасыз етеді және кез келген жылдамдықтағы (рұқсат етілгеннен асып кетпейтін) дискретті сигналдарды беруді жүзеге асырады.

ААЕ-ді қамтитын асинхрондық тораптарды кеңінен қолдану мынадай кемшіліктермен шектеледі:

1. Түйіндесудің сәйкес тәсілін қолданған кезде шеткері қателердің болуы: өзгермелі индексті (БӨН) бекітумен салу (ХА) және т.б.

2. ААЕ кезіндегі шеткі қателер дәрежесі синхронды құрылғылар жұмыс жылдамдығының ДШЖ жұмыс жылдамдығынан қаншалықты асып кететіндігіне байланысты. ААЕ тәсілдерінің ең тиімдісі цифрлық ағын жылдамдығының деректерді беру жылдамдығынан кем дегенде үш есе жоғарылығын талап етеді.

3. Шеткі қателер шамасына шектеу цифрлық ағындардың одан да жоғарырақ жылдамдықты таңдауын талап етеді.

Анық емес асинхронды енгізуді (АЕАЕ) қамтитын асинхронды торапты құрудың басқа тәсілі беріліс жылдамдығының шектелген жиынына және каналдарды синхронды уақытша үлестірудің дара тәсілін қамту. Мұндай тораптарда ДШЖ-ден келіп түсетін сигналдардың уақытша параметрлеріне белгілі бір талаптар қойылады, және деректердің енгізілетін сигналдары мен цифрлық ағындары жылдамдықтары арасындағы айырмашылық аз. АЕАЕ-ді қамтитын КК-ДБ торабы ААЕ-мен салыстырғанда өткізу мүмкіндігінің елеулі үздіктілігімен сипатталады, деректерді беру жылдамдығы жоғары және коммутациялау жылдамдығы мен тәсілдеріне байланысты анық емес.

АЕАЕ-ді қамтитын тораптарда шеткі қателер іс жүзінде жоқ десе де болады. Осыған сәйкес, АЕАЕ-ді қамтитын КК-ДБ тораптары ААЕ-ді қамтитын асинхронды тораптармен салыстырғанда белгілі бір артықшылықтарға ие.

Каналдарды коммутациялауды қамтитын деректерді берудің синхронды цифрлық тораптары. КК-ДБ цифрлық синхронды торабы синхрондау жүйелеріне қатаң талап қояды.

Тораптың барлық элементтерін синхрондауды қамтамасыз етудің екі варианты болуы мүмкін.

1. Торапта синхрондаудың біртұтас көзі жұмыс істейді, жиілігі мен фазасына коммутациялық түйіндердің тактылық генераторлары бейімделеді.

2. Жалпы синхрондауға КТ-де орналасқан тактылық генераторлардың жиіліктерін өзара автобейімдеу жолымен қол жеткізуге болады. Тораптың жергілікті бөлімшелеріндегі синхрондау мультиплексорларға және жекелеген АП-ге қосылған әрбір КТ-ге берілетін синхросигналдарға сәйкес жүзеге асырылады. Біздің елімізде бірінші вариант ұсынылады немесе мәжбүрлі синхрондау тәсілі ұсынылады. Қалыпсыздығы (стабильді еместігі) 10-10 шамасындағы синхросигнал көзі КТ-і бірінде орналасады. Қалған КТ-гі жетекші генераторлар сигналдар желісінен келіп түсетін және белгілі бір уақыт аралығында жергілікті тактылық генератормен өндірілетін тактылық интервалдар санын салыстыру арқылы өздерінің жиіліктерін түзетуді жүзеге асырады. Салыстыру нәтижелері жергілікті тактылық генератор жиілігін басқару үшін түзетуші сигнал ретінде қызмет етеді.

КК-ДБ цифрлық синхронды торабы мынадай сипаттамаларды қамтамасыз етуі керек:

- жылдамдықтың кең диапазонында деректер беру (48Кбит/с дейін);

- АП-ң кез келген жұбы арасындағы битке қателер ықтималдығы (қатеден қорғау құрылғысын қолданусыз) 10 -5 өлшемінен кем емес;

- байланыс орнату уақыты жердегі каналдарды қолдану кезінде 1с- артық емес;

- биттерге, бастапқы кодтарға, алгоритмдерге және форматтарға қатысты берілістің анықтығы;

- торапты кодтық элементтер бойынша, қажет болған жағдайда кодтық комбинациялар (таңбалар) бойынша синхрондау.

Осылайша, КК-ДБ цифрлық синхронды тораптар деректерді беру үшін қолданылатын дәстүрлі тораптарға қарағанда елеулі артықшылықтарға ие: дұрыстықтың жоғары көрсеткіші, байланыс орнатуға кететін уақыттың аздығы, көрсетілетін қызметтің кең көлемі. Дегенмен белгілі бір кемшіліктері де бар: тактылық генератор істен шыққан жағдайда синхрондау жүйесін құру және тораптың өміршеңдігін қамтамасыз ету күрделілігі.

КК-ды қамтитын барлық тораптардың ортақ кемшілігі – байланыс каналының өткізгіштік мүмкіндігін (тұтастай торап бойынша) қолданудың төмендігі. Көрсетілген кемшіліктер ХК және ПК-ды қамтитын тораптарда жекелеген жағдайларда жойылып отырады.

Хабарды коммутациялауды қамтитын деректерді беру торабы. Хабарды коммутациялауды қамтитын деректерді беру тораптарында (ХК-ДБ) хабар қызметтік белгілерді қамтиды, оған: қабылдаушының мекенжайы, хабар категориясы және т.б. жатады.

КЦЖ-де қызметтік бөлік талданады, және хабар таңдалған бағытқа сәйкес келесі КЦЖ-ге беріледі. Хабар кезекке тұрады және КЦЖ жадысына орналасады (оның алдындағы кезекте тұрған барлық хабар беріліп болғанша).

КЦЖ арасындағы хабар абоненттік бөлімдерге қарағанда тез жылдамдықпен беріледі, дегенмен ХК-ды қамтитын тораптағы кідіріс байланыс каналы бойынша беру уақытына емес, хабардың КЦЖ кезегінде тұру уақытына байланысты. Бұл уақыт торап жүктемесіне, КЦЖ өнімділігіне және басқа да бірқатар факторларға байланысты.

ХК торабы арқылы хабарды жеткізудің айнымалы және елеулі уақыты ХК-ДБ торабының негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Осы жағдайға байланысты уақыттың нақты масштабында жұмыс жасау мүмкіндігі жоқ және сұқбат режимін пайдалану мүмкін емес. ХК тәсілінің басты жетістігі – каналдың өткізу мүмкіндігін жоғары тиімділікте пайдалану. ХК қолдану негізінен телеграфтық тораптармен шектеледі. ДБ тораптарында бұл принцип қызметтің қосымша түрлерін ұйымдастыру үшін пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет