Әйел жыныс мүшелерінің ісіктер арасында 78% құрайды. Жатыр мойны рагінің жиілігі кейбір елдерде жыл сайын 100 000 әйелдерге шаққанда 10-20 жағдайда кездеседі. Соңғы жылдары Қазақстанда осы патологияның көрсеткіші орта есеппен 100 000 әйелдерге шаққанда 9-14 жағдайда кездеседі.
- Жатыр мойны рагіне шалдығу қауіпі ер мен әйелдің сексуалды қарым-қатынасына байланысты екендігі дәлелденген.
- Жыныстық өмірін ерте бастаған, ерте тұрмысқа шыққан әйелдерде жиі кездеседі.
- Жыныстық партнеры көп әйелдерде осы ауруға шалдығу қауіпі жоғары.
- Бұл ауру әлеуметтік-экономикалық жағдаймен де байланысты. Әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен топтарда жиілігі жоғары.
- Адам папилломасы вирусымен жұқтыру, әсіресе 16 және 18 серотиптерімен. Адам папилломасы вирусы көбінесе жыныстық қатынас арқылы жұғады.
95-97% жағдайда жатыр мойны рагінің бастапқы ткані жалпақ эпителий болады (эпидермалды немесе жалпақ клеткалық карцинома), басқа жағдайда – жатыр өзегінің цилиндрлік эпителий (аденокарцинома).
- Жатыр мойны рагінің ерте сатылары беткейлік эрозия көрінісімен сипатталады.